Ертең ҚР Үкіметінің отырысында индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының өткен жылғы қорытындысы мен қазіргі орындалу барысы талқыланады. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаевқа сілтеме жасап, Baq.kz тілшісі хабарлады.
«Үдемелі индустриялық-иннвациялық бағдарламалар экономикалық ілгерілеудің басты бағытты екені белгілі. Сондықтан да осы бағдарламалар аясында іске асырылып жатқан жұмыстар жайында Премьер-министрдің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешов Үкімет отырысында баяндама жасайды деп күтілуде»,-деді ресми өкіл.
Сондай-ақ отырыста осы тақырыпқа қатысты «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Қуандық Бишімбаев және «Атамекен» Ұлттық палатасының төрағасы Абылай Мырзахметов те баяндама жасамақшы.
Нұрлыбек ДОСЫБАЙ
www.baq.kz