Жақында Бейжіңдегі Орталық ұлттар университеті Қазақ тілі мен әдебиеті факультетінде бойына тектілігін сақтаған, бабаның жырын жаттаған бір топ студенттерден құралған қисса-дастандарды жатқа оқу сайысы өтті,-деп хабарлайды «Халық» сайты.
Сайыстың шарты бойынша сағаттап жыр айтатын саңлақтарға санаулы ғана 20 минут жырлау талабы қойылды. Оюлы сырмақтың үстінде төрт-төрттен екі топқа бөлінген жас қиссагерлер кезектесіп жыр додасына түсті. Арай Қадылбекқызы «Қыз Жібек» қиссасындағы Жібектің көшін жырласа, Гүлшікен Қазезқызы «Еспенбет» қиссасын ершімінен келтіріп орындады. Мәдина Башерқызы «Қалқаман-Мамыр» қиссасын мамырлатса, Ардақ есімді қазақ қызы «Батыр Баян» қиссасынан үзінді орындады. Осылайша екі топқа бөлініп үш сағат бойы жырлаған жастар Қытайдың астанасы Бейжің төрінде Төлеген болып Жібекпен танысып, Қалқаман болып Мамырменен қауышты. Олар сайысқа түсіп қана қоймай, қазақтың ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан тарихын еске салып, тыңдарманның құлақ құрышын қандырды.
Сайыс соңында қазылар алқасының бағалауымен Тоқтаубек Тауұлы 1-орынды иеленсе, Қалмұрат пен Гүлшікен 2-орынға тұрақтады. 3-орынға Ерден, Арай, Мәдина қатарлы жас қыздар лайық деп танылды.
«Кең даланың кешегі жыры керме иық келешек жастардың бойында кезегін тапқанына қуандық. Ортамызда осындай оспадарлықтан аулақ, озық жастарымызға таңдай бағы мен маңдай бағын тілейміз. Біздің Қазақ тілі мен әдебиеті факультеті миллиардтың астанасында қазақ мәдениетінің алтын қорын ашып, айналасын талай мәрте таңғалдырады деп сенеміз»,-дейді іс-шараны ұйымдастырған жалынды жастар тобы.
Baq.kz