Ғалымдар: Балаларды тәрелкедегі тамақты тауысып жеуге күштемеу керек

29 Сәуір 2013, 05:37

Американдық мамандар ата-аналардың кішкентай балаларын тәрелкедегі барлық тағамды тауысып жеуге күштемеуін ескертеді. Балаларға тамақты күштеп жегізу, олардың өскенде семіздікке ұшырауына әкеп соғады. Бұл туралы Росбалт агенттігі хабарлады. Миннесота университетінің мамандары 2 200 жасөспірімді және 3 500 ата-ананы бақылау негізінде осындай қорытындыға келді. Ғалымдар семіздікке ұшыраған балалардың ата-аналары оларды бала күнінде берген тамақтарды қалдырмай жеуге күштеп жегізуінен болғанын анықтады. Баланың тамақты өзін күштеп жеуінен олардың тойғаны туралы дабыл қағатын организмдері қабылдамай қояды. Соның салдарынан балалар тамақты шамасынан артық жеп, семіздікке шалдығады, деп хабарлады Meddaily. Зерттеу барысында тағы бірнеше қызықты фактілер анықталды. Мәселен, соңғы 10 жылда балаларға берілетін тамақ порциясының көлемі артқан, балаларды күштеп тамақтандыратындар көбінесе әкелері көрінеді. ҚазАқпарат.

Американдық мамандар ата-аналардың кішкентай балаларын тәрелкедегі барлық тағамды тауысып жеуге күштемеуін ескертеді. Балаларға тамақты күштеп жегізу, олардың өскенде семіздікке ұшырауына әкеп соғады. Бұл туралы Росбалт агенттігі хабарлады.

Миннесота университетінің мамандары 2 200 жасөспірімді және 3 500 ата-ананы бақылау негізінде осындай қорытындыға келді. Ғалымдар семіздікке ұшыраған балалардың ата-аналары оларды бала күнінде берген тамақтарды қалдырмай жеуге күштеп жегізуінен болғанын анықтады.

Баланың тамақты өзін күштеп жеуінен олардың тойғаны туралы дабыл қағатын организмдері қабылдамай қояды. Соның салдарынан балалар тамақты шамасынан артық жеп, семіздікке шалдығады, деп хабарлады Meddaily.

Зерттеу барысында тағы бірнеше қызықты фактілер анықталды. Мәселен, соңғы 10 жылда балаларға берілетін тамақ порциясының көлемі артқан, балаларды күштеп тамақтандыратындар көбінесе әкелері көрінеді.

ҚазАқпарат.

Бөлісу: