19 жыл – бір командада!

29 Сәуір 2013, 04:47

   «Қазақстанның өз спортшылары тұрғанда, күлі әлдеқашан көкке ұшқан Кеңес империясының келмеске кеткен чемпионатының ардагерін неменеге әлдеқандай ғып әспеттеп отыр?» деген пікірдегі кей оқырманның бұл мақаланы олқысынуы мүмкін екенін мойындаймын. Дегенмен, Олег Блохиннің КСРО футболының мәңгі рекордшысы екені рас. Яғни, оның көрсеткіштерін енді ешкім де жаңарта алмайды, өйткені, бүгінде ондай чемпионат тұрмақ, ондай елдің өзі жоқ. Алайда, алпыстың асқарына иек артқан ардагер Блохин – бәрібір кешегі күннің қаһарманы емес. Ол – қазір де ел алдында еңбек етіп, тәуелсіз Украина футболын алға сүйреп жүрген азамат. Бұл ғана емес, Блохин – кезінде КСРО атты «халықтар түрмесін» мекендеген адамдардың тұтас буынына спорттың, оның ішінде футболдың құдіретін мойындатқан ғажайып тұлғаның бірі. Шайбалы хоккейдегі Валерий Харламов, жеңіл атлетикадағы Сергей Бубка, баскетболдағы Арвидас Сабонис, волейболдағы өз жерлесіміз Елена Чебукина, мәнерлеп сырғанаудағы Ирина Роднина секілді жанкүйер жүрегінен мәңгі орын тауып, сүйіспеншілігіне бөленген миллиондардың сүйіктісі еді ол нағыз. ХХ ғасырдың 70-80-жылдары қазақ ауылының қара топырағын аспанға көтеріп, ортадағы жаман резеңке доп үшін алашапқын болатын балалар өз арасындағы мықтыларын «Сен Пелесің!» немесе «Бұл Мюллер ғой!» демейтін еді. Нағыз шеберлерді «Мынауың таза Блохин екен!» деп мақтайтын, сүйсінетін. Өйткені, ілуде бір үйден табылар теледидардан әлгі әйгілі бразилиялық марқасқа мен даңқты неміс сұрмергенінің ойынын көру өте сирек мереке болатын. Ал Блохин – қашанда көз алдыңда! Себебі, КСРО футбол чемпионаты апта сайын көрсетілуші еді… «Сонда бұл майын тамыза мақтап отырған мәңгі рекордшыңыз не ерлік істепті?» дерсіз. Айтайын. Олег Блохин Кеңес Одағы чемпионатында 432 ойын өткізіп, 211 гол соққан. Мұның екеуі де – енді ешқашан қайталанбас рекорд (себебін жоғарыда айттық). 400-шы голды 1986 жылдың тамызында Алматыда «Қайраттың» қақпасына соққанын да көрсете кетелік. Бұдан бөлек КСРО құрамасының сапында 112 рет ойнап, қарсыластар қақпасына 42 доп тоғытқаны тағы бар. Бұл көрсеткіштердің екеуі де күні кешеге дейін посткеңестік кеңістікте рекорд саналып келді. Әуелі ТМД құрамасында ойнап бастап, кейін Ресей құрамасында ұзақ жылдар өнер көрсеткен Виктор Онопко 2004 жылы өзінің 113-ойынын өткізді, сөйтіп, Блохиннің мызғымастай көрінген көрсеткіші 16 жылдан соң құлады. Ал 2009 жылы біздің бүгінгі кейіпкеріміздің ұлт футболындағы лайықты ізбасары болған Андрей Шевченко Украина құрамасының сапында 43-голын соғып, өз ұстазын басып озды (ақыры ол ұлттық команда жейдесінде 48 доп енгізді). Бүгінде бір команда сапында ұзақ жыл өнер көрсететін ойыншымен «ой-бауырымдап» жылап көрісетініңіз рас. 1991 жылдан бері «Манчестер Юнайтедке» адалдығын сақтап келе жатқан Райан Гиггз бен 20 жылдық футболшылық ғұмырын тек қана «Миланға» арнаған Паоло Мальдини секілді серкелер тым сирек. Олег Блохин де өзі туып-өскен Киев қаласының ғана емес, бүкіл Украинаның үздік клубы – «Динамоның» жейдесін үзіліссіз 19 жыл киген! 1969 жылы басталған оның осы командадағы карьерасы 1987 жылы ғана үзілді. Сол жылдың аяғында ол Австрияның ортаңқол ғана «Форвертс» клубына ауысты. Неге? Біріншіден, «Динамоның» бас бапкері Валерий Лобановский алдағы, яғни, 1988 жылғы футбол маусымынан бастап жаңа шабуылшылар жұбына – Игорь Беланов пен Олег Протасовқа көбірек сенім артатынын, ардагер үшін тек сол екеуіне ара-тұра серік болуға ғана үміт барын ашық аңғартты. Екіншіден, сол уақытта 35-ке толып, шау тартып қалған «шал» Блохиннің өзі де құр аттай қутыңдаған жас шабуылшыларға лайықты бәсекелес бола алмайтынын ұққан-ды. Үшіншіден, сол 1987 жылы «темір тор» ашылып, кеңес футболшыларының шетелдік клубтарға ауысуына мүмкіндік туды. Бірінші болып мәскеулік спартакшы Сергей Шавло кетсе (ол Венаның «Рапидіне» барды), оның ізінше Олег Блохин де аттанды. «Қартайғанда кәрі боз қайдан жорға шыға қойсын», «Форвертстегі» екі жыл ішінде біздің кейіпкеріміз 42 ойын ойнап, 10-ақ гол соқты. 1989 жылы Кипрдің «Арис» клубына ауысқан ол бір жылда 28 рет ойнап, 7 доп енгізді. Сонымен, ол футболшылық карьерасын аяқтап, бапкерлікке ауысты.

 

 «Қазақстанның өз спортшылары тұрғанда, күлі әлдеқашан көкке ұшқан Кеңес империясының келмеске кеткен чемпионатының ардагерін неменеге әлдеқандай ғып әспеттеп отыр?» деген пікірдегі кей оқырманның бұл мақаланы олқысынуы мүмкін екенін мойындаймын.

Дегенмен, Олег Блохиннің КСРО футболының мәңгі рекордшысы екені рас. Яғни, оның көрсеткіштерін енді ешкім де жаңарта алмайды, өйткені, бүгінде ондай чемпионат тұрмақ, ондай елдің өзі жоқ.

Алайда, алпыстың асқарына иек артқан ардагер Блохин – бәрібір кешегі күннің қаһарманы емес. Ол – қазір де ел алдында еңбек етіп, тәуелсіз Украина футболын алға сүйреп жүрген азамат. Бұл ғана емес, Блохин – кезінде КСРО атты «халықтар түрмесін» мекендеген адамдардың тұтас буынына спорттың, оның ішінде футболдың құдіретін мойындатқан ғажайып тұлғаның бірі.

Шайбалы хоккейдегі Валерий Харламов, жеңіл атлетикадағы Сергей Бубка, баскетболдағы Арвидас Сабонис, волейболдағы өз жерлесіміз Елена Чебукина, мәнерлеп сырғанаудағы Ирина Роднина секілді жанкүйер жүрегінен мәңгі орын тауып, сүйіспеншілігіне бөленген миллиондардың сүйіктісі еді ол нағыз.

ХХ ғасырдың 70-80-жылдары қазақ ауылының қара топырағын аспанға көтеріп, ортадағы жаман резеңке доп үшін алашапқын болатын балалар өз арасындағы мықтыларын «Сен Пелесің!» немесе «Бұл Мюллер ғой!» демейтін еді. Нағыз шеберлерді «Мынауың таза Блохин екен!» деп мақтайтын, сүйсінетін.

Өйткені, ілуде бір үйден табылар теледидардан әлгі әйгілі бразилиялық марқасқа мен даңқты неміс сұрмергенінің ойынын көру өте сирек мереке болатын. Ал Блохин – қашанда көз алдыңда! Себебі, КСРО футбол чемпионаты апта сайын көрсетілуші еді…

«Сонда бұл майын тамыза мақтап отырған мәңгі рекордшыңыз не ерлік істепті?» дерсіз. Айтайын. Олег Блохин Кеңес Одағы чемпионатында 432 ойын өткізіп, 211 гол соққан. Мұның екеуі де – енді ешқашан қайталанбас рекорд (себебін жоғарыда айттық). 400-шы голды 1986 жылдың тамызында Алматыда «Қайраттың» қақпасына соққанын да көрсете кетелік.

Бұдан бөлек КСРО құрамасының сапында 112 рет ойнап, қарсыластар қақпасына 42 доп тоғытқаны тағы бар. Бұл көрсеткіштердің екеуі де күні кешеге дейін посткеңестік кеңістікте рекорд саналып келді. Әуелі ТМД құрамасында ойнап бастап, кейін Ресей құрамасында ұзақ жылдар өнер көрсеткен Виктор Онопко 2004 жылы өзінің 113-ойынын өткізді, сөйтіп, Блохиннің мызғымастай көрінген көрсеткіші 16 жылдан соң құлады.

Ал 2009 жылы біздің бүгінгі кейіпкеріміздің ұлт футболындағы лайықты ізбасары болған Андрей Шевченко Украина құрамасының сапында 43-голын соғып, өз ұстазын басып озды (ақыры ол ұлттық команда жейдесінде 48 доп енгізді).

Бүгінде бір команда сапында ұзақ жыл өнер көрсететін ойыншымен «ой-бауырымдап» жылап көрісетініңіз рас. 1991 жылдан бері «Манчестер Юнайтедке» адалдығын сақтап келе жатқан Райан Гиггз бен 20 жылдық футболшылық ғұмырын тек қана «Миланға» арнаған Паоло Мальдини секілді серкелер тым сирек. Олег Блохин де өзі туып-өскен Киев қаласының ғана емес, бүкіл Украинаның үздік клубы – «Динамоның» жейдесін үзіліссіз 19 жыл киген!

1969 жылы басталған оның осы командадағы карьерасы 1987 жылы ғана үзілді. Сол жылдың аяғында ол Австрияның ортаңқол ғана «Форвертс» клубына ауысты. Неге? Біріншіден, «Динамоның» бас бапкері Валерий Лобановский алдағы, яғни, 1988 жылғы футбол маусымынан бастап жаңа шабуылшылар жұбына – Игорь Беланов пен Олег Протасовқа көбірек сенім артатынын, ардагер үшін тек сол екеуіне ара-тұра серік болуға ғана үміт барын ашық аңғартты.

Екіншіден, сол уақытта 35-ке толып, шау тартып қалған «шал» Блохиннің өзі де құр аттай қутыңдаған жас шабуылшыларға лайықты бәсекелес бола алмайтынын ұққан-ды.

Үшіншіден, сол 1987 жылы «темір тор» ашылып, кеңес футболшыларының шетелдік клубтарға ауысуына мүмкіндік туды. Бірінші болып мәскеулік спартакшы Сергей Шавло кетсе (ол Венаның «Рапидіне» барды), оның ізінше Олег Блохин де аттанды.

«Қартайғанда кәрі боз қайдан жорға шыға қойсын», «Форвертстегі» екі жыл ішінде біздің кейіпкеріміз 42 ойын ойнап, 10-ақ гол соқты. 1989 жылы Кипрдің «Арис» клубына ауысқан ол бір жылда 28 рет ойнап, 7 доп енгізді. Сонымен, ол футболшылық карьерасын аяқтап, бапкерлікке ауысты.

Бөлісу: