Қайрат Нұрдаулетов

29 Сәуір 2013, 04:30

  Ел футболындағы жолы Қайрат – қазіргі қазақ футболының серкесі әрі мақтанышы. Бұл күндері «Астана» және Қазақстан ұлттық құрамасының – капитаны. Қайрат Жұмабекұлы Нұрдаулетов 1982 жылы 6 қарашада Алатау баурайында дүниеге келген. Аяқдоп өнерін алғаш «ЦСКА-Қайрат» клубында бастаған. Кейіннен Дмитрий Огайдың шақыруымен Павлодордың «Ертісімен» клубымен келісім-шартқа отырады. Ертістің сапында жүріп толағай табыстарға қол жеткізе бастайды. 2002 және 2003 жылдары екі мәрте Қазақстан чемпионы атанады. Кейіннен туған қаласы Алматыға қайта оралып, «Қайраттың» сапында екі жылға жуық доп тебеді. Қайрат «Қайраттың» сапында 44 рет алаңға шығып, екі рет теңбіл допты қақапа торында тулатады. 2005 жылы «Қайрат» клубы төл біріншілігіміздің қола жүлдесін еншілейді. Сол жылы «Қайрат» чемпиондар лигасының електік іріктеу додасына қатысқан болатын. «Артимедиа» клубын үйде ұтқанымен, түзде есе жіберіп алып, қос кездесу нәтижесі бойынша келесі кезеңге шыға алмайды. Содан кейін тағы сол Дмитрий Огайдың шақыруымен «Тобылға» ауысады. 2007 жыл Қайраттың спорттық карьерасындағы сәтті жылдардың бірі болды. Дәл осы жылы Қазақстан кубогының иегері атанады. 2010 жылы Дмитрий Огай бапкерліктен кеткен соң Қайрат қайтадан «Қайратқа» оралады. Бірақ клубтың қарыздарын өтей алмауына байланысты  көп тұрақтамай, елордамыздың командасы «Локомотивке» ауысады. Міне, содан бері бас қаламыздың командасының намысын абыроймен қорғап келеді. Ұлттық құрамада Қайрат ұлттық құрама жейдесін алғаш рет 2003 жылы киген болатын. Арно Пайерстың шақыруымен «Еуро-2008» електік додасы ойындарында өнер көрсеткен. Алғашқы голына көрімдік сұраған кездесуі тәжіктерге қарсы өткізген жолдастықкездесу еді. Кейіннен тізгін Бернд Шторкке ұстатылып, біраз қазақтыңфутболшылары секілді Қайрат та ұлттық құрамадан тыс қалды. Чех маманы Мирослов Беранек ұлттық құрамаға бас бапкер болғалы Қайратқайтадан құрама сапына шақыртыла бастады. 2011 жылы Беларусь футболшыларымен болған жолдастық кездесуден бері құрама сапында тұрақты түрде ойнап келеді. Түздегі Бельгия құрамасымен өткен ойында пенальтиден гол соққан. 2012 жылы 1 маусымда Қырғызстан құрамасымен өткен жолдастық кездесуде екі допты авторы атанып, көрермендер қошеметіне бөленді. Қайрат өзі жайлы «әуелеп келген допты баспен ұруға шорқақ» деген сөзді теріске шығарды. 2014 жылғы Бразилияда өтетін  әлем чемпионатының електік додасыныңалғашқы кездесуінде Ирландия құрамасының қақпасына баспен допты сүңгітіп, көпшілікті сүйсіндірді. Өйткені Ирландия футболшыларының әуелеп ұшқан допты баспен ұруда алдарына жан салмайтынын білесізер. Ал Қайрат олардың қорғаушыларыныңөзін қапы қалдырып кеткен... Қарсыластарымыз, әрине, мұндайды мүлде күтпеген еді. Қайрат – қазір ұлттық құрамыздың тірегі, жігіттерді алаңға бастап шығып жүрген капитаны. Қайрат – нағыз қазақ Қайрат – жүрегі де, тілі де қазақ деп соғатын санаулы футболшыларымыздыңбірі. Ащы да болса, айтуға тиіспіз, футболшыларымыздың біразы ана тілімізде еркін сөйлей алмайды. Қайрат ондай емес. Тіпті баспасөз жиынындарындақазақша жауап берген алғашқы капитан да осы – Қайрат. Ақпарат құралдарына берген сұхбатында болащақта 11 қазақ доп тебетін ұлттыққұраманы көргісі келетінін де жасырмады. Мұндай ұлттық көзқарас қазақфутболының зерделі жанкүйерлеріне ұнайтыны анық. Қайрат басқа футболшылар сияқты ақшаның соңына түспей, жалақысы аз болса да, аянбай тер төккен – ойыншы. Ерінбей еңбектенудің жемісі болатынын  жақсы түсінеді. Соның арқасында қандай клубта ойнаса да, өзінінің орны бөлек ойыншы екенін талай мәрте дәлелдей алды. Қайрат – әмбебап ойыншы. Қорғаныстың оң қапталында да, орталық қорғаушы орнында да, жартылай қорғаныс шебіне де, тіпті жас кезінде шабуыл өтінде де ойнаған екен. Өзінің бір сұхбатында «Ел намысы таразыға тартылған маңызды сында қақпаға да тұруға дайынмын» деп өзінің кәсібіне деген адалдығын танытқан болатын. Қайрат және оның командасы наурыз айында ел суперкубогы сарапқа салынатын матчта жасыл алаңға шығады. Ел чемпионы «Шахтермен» додаға түсіп, жаңа маусымды бастайды. Ұлыстын ұлы күні Қайрат бастаған ұлттық құрамамыз «Астана-Арена» стадионында әйгілі «неміс машинасын» қабылдайды. Ендеше, жігіттерге сәттілік тілейік!    Статистикалық мәліметтер   Год Команда Лига Ойын Гол 1999 «ЦСКА –Қайрат» (Алматы, Казақстан) ЖЛ 13 0 2000 «ЦСКА –Қайрат» (Алматы, Казақстан) ЖЛ 7 0 2001 «Есіл-Богатырь» (Петропавл, Казақстан) ЖЛ 25 4 2002 «Ертіс» (Павлодар, Казақстан) СЛ 26 2 2003 «Ертіс» (Павлодар, Казақстан) СЛ 29 3 2004 «Ертіс» (Павлодар, Казақстан) СЛ 31 1 2005 «Қайрат» (Алматы, Казақстан) СЛ 21 1 2006 «Қайрат» (Алматы, Казақстан) СЛ 23 1 2007 «Тобыл» (Костанай, Казақстан) СЛ 30 1 2008 «Тобыл» (Костанай, Казақстан) ПЛ 19 0 2009 «Тобыл» (Костанай, Казақстан) ПЛ 15 1 2010 «Қайрат» (Алматы, Казақстан) ПЛ 10 1 2010 «Локомотив» (Астана, Казахстан) ПЛ 17 1 2011 «Локомотив»/«Астана» (Астана, Казақстан) ПЛ 31 1 2012 «Астана» (Астана, Казақстан) ПЛ 18 1   Командалық жетістіктері Қазақстан чемпионы: 2002, 2003 Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 2004, 2007, 2008 Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері: 2001, 2005 Қазақстан кубогының иегері: 2007, 2010, 2012 Қазақстан суперкубогының иегері: 2011 Интертото кубогының жеңімпазы: 2007 Шығыс-Азия ойындарының қола жүлдегері: 2001   Жеке жетістіктері Қазақстан чемпионатының 22 (33) үздік ойыншысы  тізімінде №1: 2002, 2007, 2010, 2011, 2012 Қазақстан чемпионатының 22 (33) үздік ойыншысы тізімінде №2: 2001 Қазақстан чемпионатының ең үздік жартылай қорғаушысы: 2002 Қазақстан чемпионатының ең үздік ойыншысы: 2012   Бек Төлеуов, «Sport» газеті.  

 

Ел футболындағы жолы

Қайрат – қазіргі қазақ футболының серкесі әрі мақтанышы. Бұл күндері «Астана» және Қазақстан ұлттық құрамасының – капитаны.

Қайрат Жұмабекұлы Нұрдаулетов 1982 жылы 6 қарашада Алатау баурайында дүниеге келген. Аяқдоп өнерін алғаш «ЦСКА-Қайрат» клубында бастаған.

Кейіннен Дмитрий Огайдың шақыруымен Павлодордың «Ертісімен» клубымен келісім-шартқа отырады. Ертістің сапында жүріп толағай табыстарға қол жеткізе бастайды.

2002 және 2003 жылдары екі мәрте Қазақстан чемпионы атанады. Кейіннен туған қаласы Алматыға қайта оралып, «Қайраттың» сапында екі жылға жуық доп тебеді.

Қайрат «Қайраттың» сапында 44 рет алаңға шығып, екі рет теңбіл допты қақапа торында тулатады. 2005 жылы «Қайрат» клубы төл біріншілігіміздің қола жүлдесін еншілейді.

Сол жылы «Қайрат» чемпиондар лигасының електік іріктеу додасына қатысқан болатын. «Артимедиа» клубын үйде ұтқанымен, түзде есе жіберіп алып, қос кездесу нәтижесі бойынша келесі кезеңге шыға алмайды.

Содан кейін тағы сол Дмитрий Огайдың шақыруымен «Тобылға» ауысады. 2007 жыл Қайраттың спорттық карьерасындағы сәтті жылдардың бірі болды. Дәл осы жылы Қазақстан кубогының иегері атанады.

2010 жылы Дмитрий Огай бапкерліктен кеткен соң Қайрат қайтадан «Қайратқа» оралады. Бірақ клубтың қарыздарын өтей алмауына байланысты  көп тұрақтамай, елордамыздың командасы «Локомотивке» ауысады.

Міне, содан бері бас қаламыздың командасының намысын абыроймен қорғап келеді.

Ұлттық құрамада

Қайрат ұлттық құрама жейдесін алғаш рет 2003 жылы киген болатын. Арно Пайерстың шақыруымен «Еуро-2008» електік додасы ойындарында өнер көрсеткен.

Алғашқы голына көрімдік сұраған кездесуі тәжіктерге қарсы өткізген жолдастықкездесу еді. Кейіннен тізгін Бернд Шторкке ұстатылып, біраз қазақтыңфутболшылары секілді Қайрат та ұлттық құрамадан тыс қалды.

Чех маманы Мирослов Беранек ұлттық құрамаға бас бапкер болғалы Қайратқайтадан құрама сапына шақыртыла бастады. 2011 жылы Беларусь футболшыларымен болған жолдастық кездесуден бері құрама сапында тұрақты түрде ойнап келеді.

Түздегі Бельгия құрамасымен өткен ойында пенальтиден гол соққан. 2012 жылы 1 маусымда Қырғызстан құрамасымен өткен жолдастық кездесуде екі допты авторы атанып, көрермендер қошеметіне бөленді.

Қайрат өзі жайлы «әуелеп келген допты баспен ұруға шорқақ» деген сөзді теріске шығарды.

2014 жылғы Бразилияда өтетін  әлем чемпионатының електік додасыныңалғашқы кездесуінде Ирландия құрамасының қақпасына баспен допты сүңгітіп, көпшілікті сүйсіндірді.

Өйткені Ирландия футболшыларының әуелеп ұшқан допты баспен ұруда алдарына жан салмайтынын білесізер. Ал Қайрат олардың қорғаушыларыныңөзін қапы қалдырып кеткен... Қарсыластарымыз, әрине, мұндайды мүлде күтпеген еді.

Қайрат – қазір ұлттық құрамыздың тірегі, жігіттерді алаңға бастап шығып жүрген капитаны.

Қайрат – нағыз қазақ

Қайрат – жүрегі де, тілі де қазақ деп соғатын санаулы футболшыларымыздыңбірі. Ащы да болса, айтуға тиіспіз, футболшыларымыздың біразы ана тілімізде еркін сөйлей алмайды. Қайрат ондай емес. Тіпті баспасөз жиынындарындақазақша жауап берген алғашқы капитан да осы – Қайрат.

Ақпарат құралдарына берген сұхбатында болащақта 11 қазақ доп тебетін ұлттыққұраманы көргісі келетінін де жасырмады. Мұндай ұлттық көзқарас қазақфутболының зерделі жанкүйерлеріне ұнайтыны анық.

Қайрат басқа футболшылар сияқты ақшаның соңына түспей, жалақысы аз болса да, аянбай тер төккен – ойыншы. Ерінбей еңбектенудің жемісі болатынын  жақсы түсінеді.

Соның арқасында қандай клубта ойнаса да, өзінінің орны бөлек ойыншы екенін талай мәрте дәлелдей алды.

Қайрат – әмбебап ойыншы. Қорғаныстың оң қапталында да, орталық қорғаушы орнында да, жартылай қорғаныс шебіне де, тіпті жас кезінде шабуыл өтінде де ойнаған екен.

Өзінің бір сұхбатында «Ел намысы таразыға тартылған маңызды сында қақпаға да тұруға дайынмын» деп өзінің кәсібіне деген адалдығын танытқан болатын.

Қайрат және оның командасы наурыз айында ел суперкубогы сарапқа салынатын матчта жасыл алаңға шығады. Ел чемпионы «Шахтермен» додаға түсіп, жаңа маусымды бастайды.

Ұлыстын ұлы күні Қайрат бастаған ұлттық құрамамыз «Астана-Арена» стадионында әйгілі «неміс машинасын» қабылдайды.

Ендеше, жігіттерге сәттілік тілейік!

 

 Статистикалық мәліметтер

 

Год

Команда

Лига

Ойын

Гол

1999

«ЦСКА –Қайрат» (Алматы, Казақстан)

ЖЛ

13

0

2000

«ЦСКА –Қайрат» (Алматы, Казақстан)

ЖЛ

7

0

2001

«Есіл-Богатырь» (Петропавл, Казақстан)

ЖЛ

25

4

2002

«Ертіс» (Павлодар, Казақстан)

СЛ

26

2

2003

«Ертіс» (Павлодар, Казақстан)

СЛ

29

3

2004

«Ертіс» (Павлодар, Казақстан)

СЛ

31

1

2005

«Қайрат» (Алматы, Казақстан)

СЛ

21

1

2006

«Қайрат» (Алматы, Казақстан)

СЛ

23

1

2007

«Тобыл» (Костанай, Казақстан)

СЛ

30

1

2008

«Тобыл» (Костанай, Казақстан)

ПЛ

19

0

2009

«Тобыл» (Костанай, Казақстан)

ПЛ

15

1

2010

«Қайрат» (Алматы, Казақстан)

ПЛ

10

1

2010

«Локомотив» (Астана, Казахстан)

ПЛ

17

1

2011

«Локомотив»/«Астана» (Астана, Казақстан)

ПЛ

31

1

2012

«Астана» (Астана, Казақстан)

ПЛ

18

1

 

Командалық жетістіктері

Қазақстан чемпионы: 2002, 2003

Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 2004, 2007, 2008

Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері: 2001, 2005

Қазақстан кубогының иегері: 2007, 2010, 2012

Қазақстан суперкубогының иегері: 2011

Интертото кубогының жеңімпазы: 2007

Шығыс-Азия ойындарының қола жүлдегері: 2001

 

Жеке жетістіктері

Қазақстан чемпионатының 22 (33) үздік ойыншысы  тізімінде №1: 2002, 2007, 2010, 2011, 2012

Қазақстан чемпионатының 22 (33) үздік ойыншысы тізімінде №2: 2001

Қазақстан чемпионатының ең үздік жартылай қорғаушысы: 2002

Қазақстан чемпионатының ең үздік ойыншысы: 2012

 

Бек Төлеуов, «Sport» газеті.

 

Бөлісу: