29 Сәуір 2013, 04:00
Қайрат – бойының аласалығына қарамай, алдынан келген кез-келген ойыншыны алдап өтуге машық ойыншы. Техникалық шеберлігі өте жоғары. Жылдамдығы да өз бойына жетерлік, команда үшін өте пайдалы футболшы.
Қазіргі қазақ футболының жартылай қорғаушылары арасындағы деңгейі жоғары ойыншыларымыздың бірі – Қайрат Әшірбеков.
Қайрат 1982 жылы шырайлы Шымкент қаласында дүниеге келген. Футболға деген қызығушылығы 5-6 жасынан бастап оянған екен. Өзінің қатарластары сияқты әуелі аулада допты ермек үшін тепкен бала-Қайрат өсе келе, өзініңболашағы тек футболмен байланысты екенін түсінеді.
11 жасқа толғанда футбол үйірмесіне жазылып, Мүсілім атты бапкерден футболдың әліппесін кәсіби түрде үйрене бастайды. Үлкен футболдағы алғашқықадамын Шымкенттің «Синтез» клубы сапында бастайды.
Ол кезде «Синтез» клубы жоғары лигада тәп-тәуір ойнап жүрген команда болатын. Қайрат «Синтез» сапында 17 ойын өткізіп 2 рет теңбіл допты қақпа ішінде тулатады. Әрине, 16-17 жас шамасындағы бозбала үшін бұл жаман көрсеткіш емес.
2011 жылы «Тараз» клубынан ұсыныс түсіп, Әулиеата жерінде бір маусым доп теуіп, өнері футбол жанкүйерлерінің көңілінен шығады. Келесі маусымда «Ақтөбе» шақыртып, сонда ауысады.
Қайраттын футболдағы жұлдызды шағы осында басталады. Шымкентің шымыр,қара баласы аз ғана уақыттың ішінде батыс жанкүйерлерінің сүйікті футболшысына айналады.
Бойы бар жоғы 169 cм (Мессидің бойымен бірдей) теңбіл доп шебері айып соққысын, бұрыштама соққыны, пенальтиді орындауға бейім екендігін көрсетеді. Сөйтіп стандартты соққылардың бәрі бірінші кезекте сапында Қайратқа жүктелетін.
2002-2007 жылдар аралығында 141рет «Ақтөбе» жейдесімен жасыл алаңға шығып, 37 мәрте қақпаны дәл көздеген екен. «Ақтөбенің» сапында екі дүркінҚазақстан чемпионы атанып, бір рет күміс жүлде олжалайды.
«Ақтөбеден» кеткен соң қойнауы кен мен көмірге толы Қарағанды қаласындағы «Шахтер» клубымен келісім-шартқа отырады. 2008жылы 28ойын өткізіп, 9 гол соғады. Сол жылдары «Шахтердің» ең басты «қозғаушы» күшіне айналады.
Қарағанды жанкүйерлерінің 8 нөмірлі ойыншының өнеріне тәнті болып, ерекшеұнататындықтарын сол кездері стадионға жиналған халықтң айқай-шуынан да білініп тұратын.
Қайрат бұдан кейінгі маусымда жаңадан құрылған елорданың «Локомативіне» ауысады. Сол кезде «Локомативтің» құрамына хас шебер ойыншыларжы сайдыңтасындай іріктеп алғанын білесіздер.
Клубтың ел чемпионатындағы тырнақалды маусымында шеттен Тихонов, Титов, Шацких секілді көпшілікке кеңінен танымал футболшылар мен өз елімізден Байжанов, Көкеев, Сақалбаев, Шахметов сынды әлеуеті зор ойыншылардыңшақыртылғандарын ұмыта қойған жоқпыз.
Алайда жаңа клубтың бас бапкері Сергей Юран Қайратты негізгі құрамға көп шығара бермеді. Алаңның Қайрат ойнайтын шебінде көбінесе Ресейден келген ойыншыларды қоятын. Сондықтан, негізге құрамға көп ілікпей, бар болғаны 11 ойын өткізіп, 2 рет қақпа торын бүлк еткізіп қайтқан болатын.
Осылай, Астанада көп тұрақтамай, өзінің туған жері, футболшы ретінде түлепұшқан ордасы «Ордабасы» клубына қайта оралады. Талай талантты тарландардың томағасын сыпырған «Ордабасы» клубымен келісім-шартқа отырады.
Сол жылы аталмыш клубтың басшылары өзге өңірлердің командаларында ойнап жүрген оңтүстіктің жігіттерін өздеріне жинай бастайды. Азат Нұрғалиев, Фархадбек Ырысметов сияқты жігіттермен бірге Қайрат та ұшқан ұясына қайтып келеді.
Содан Қайрат бастаған «Ордабасы» қамшыны басып, өрнекті ойын үлгісін көрсете бастайды. 2011 жылы ел кубогын ұтып алады. Ал Қазақстан суперкубогын «Шахтермен» сарапқа салғанда, жалғыз голды команда капитаныҚайрат Әшірбеков соғады.
Бұл жеңістің «Ордабасы» үшін жөні бөлек. Арнайы кубокты Елбасының өзі келіп табыстаған болатын. Бұл Қайрат пен оның командасы үшін ерекше сый болған.
Өткен маусымда «Ордабасы» Еуропа лигасының іріктеу кезеңінің алғашқы сатысында Сербияның «Ягодина» деп аталатын клубымен кездесіп, түзде соылған жалғыз голдың арқасында келесі кезеңге шығады.
Одан кейін Норвегияның бірнеше дүркін чемпионы, халықаралық додалардаәбден ысылған, азулы «Русенборг» клубымен кездеседі. Түздегі ойында «Ордабасы» Мансур Гуйенің арқасына 2:2 есебімен тең түсіп, елдің бәрін елеңеткізген болатын.
Ал қарымта кездесу Алматыда өтіп, шектен тыс шиеленісті өткен матчта ойын тағдыры соңғы минуттарда ғана шешіледі. Кездесудің соңғы минуттарында тәжірибелі қарсыласы айы оңынан туып, жеңісті өңгеріп кетеді.
Алайда «Ордабасы» оларға дес берей, оңай шағылар «жаңғақ» емес екендігін көрсетеді. Бірақ тәжірбиенің жетіспегендігінен, жер шұқып қалады. Өкінішкеқарай, бұл кездесуге команда капитаны Қайрат қатыса алмаған болатын.
Ұлттық құрамамызды Арно Пайперс жаттықтырған кезде, ел намысын 15 кездесуде қорғап, 2 гол соққан. Алматыдағы Сербиямен өткен тарихи ойында алғашқы голды соғып, бізің құраманың жеңіске жетуіне сүбелі үлес қосады.
Сол Еуропадағы ең алғашқы ресми жеңісімізге айрықша үлес қосып, қазақтардыңда доп тебе алатынын дәлелдеген осы Қайрат пен Нұрбол болатын.
Қазақ футболының жанкүйерлері дәл сол күні бөріктерін аспанға атып қуанған.Қалай қуанбасын, Еуропаның қарымды құрамасын жеңіп, екі голды да қазақфутболшылары соғып, жүректері ерекше толқыған.
Қайрат – бойының аласалығына қарамай, алдынан келген кез-келген ойыншыны алдап өтуге машық ойыншы. Техникалық шеберлігі өте жоғары. Жылдамдығы да өз бойына жетерлік, команда үшін өте пайдалы футболшы.
Жетістіктері:
Қазақстан чемпионы: 2005 және 2007 жылдар
Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 2006 және 2009 жылдар
Қазақстан кубогының иегері: 2011жыл
Қазақстан премьер-лигасының 22 үздік ойыншысының қатарына екі рет кірген: 2002 және 2005 жылдар
Карьерасы
Клубтық
1999 – 2000 жылдар: «Синтез»/«Достык», 17 ойын (2 гол)
2001 жыл: «Тараз», 28 (0)
2002 – 2007 жылдар: «Ақтөбе», 141 (37)
2008 жыл: «Шахтер» (Қарағанды), 29 (9)
2009 жыл: «Локомотив» (Астана), 11 (2)
2010 жылдан бері: «Ордабасы», 57 (7)
Ұлттық құрама
2006 – 2008 жылдар: Қазақстан, 15 (2)
Бек Төлеуов, «Sport» газеті.