Бас редакторлар клубының басшысы: Жұмыртқа лақтырған тұлғаның қылығын «бұзақылық» деп ат

26 Сәуір 2013, 09:52

Наразылық ретінде жұмыртқа лақтырған тұлғаның қылығын «бұзақылық» деп атау қажет. Бұл туралы BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында Бас редакторлар клубының президенті, «sunna.kz» ақпараттық агенттігінің бас редакторы – бас директоры Кенжеболат Жолдыбай хабарлады. «Қазіргі уақытта үкімет мүшелері жаңғыртылған зейнетақы жүйесін жан-жақты халыққа түсіндіру мақсатында еліміздің өңірлерін аралауда. Олардың әрқайсысы, ең алдымен, өздерінің қызметтік міндетін атқарып жатыр. Бұл тұрғыдан алғанда, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденовке қатысты болған жайтты келеңсіз әрекет ретінде бағалау керек. Министр де еліміздің азаматы. Наразылық ретінде жұмыртқа лақтырған тұлғаның қылығын «бұзақылық» деп атау қажет, оны басқаша түсіндіру өте қиын», - деді К.Жолдыбай. Оның айтуынша, адам қандай жағдай болмасын өзін-өзі ұстай білуі тиіс. Егер де ол өзгелердің мүддесін қорғағысы келсе, ең алдымен, бұл мәселені кіммен шешкісі келетінін ойланып алып, ол тұлғаның мүддесін де естен шығармаған жөн.  «Цуканов мырзаға қатысты айтарым, ол өзін-өзі дұрыс ұстай біліп, министрдің абыройы туралы ойлануы тиіс еді. Оқиға баспасөз мәслихаты барысында болды. Оған көптеген журналистер қатысты және мен бұл ретте, өткен жылы қабылданған Қазақстан журналистерінің этикалық кодесі туралы еске салғым келеді. Онда біздің қоғамда болып жатқан барлық жағдайларға қатысты өзіндік кәсіби қарым-қатынасымыз анықталған. Мұны естен шығармау керекпіз. Кәсібилік пен жауапкершілік қатар жүретін ұғымдар деп білемін», - деп түйіндеді Бас редакторлар клубының президенті. Диана ҚҰЛМАҒАНБЕТОВА  

Наразылық ретінде жұмыртқа лақтырған тұлғаның қылығын «бұзақылық» деп атау қажет. Бұл туралы BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында Бас редакторлар клубының президенті, «sunna.kz» ақпараттық агенттігінің бас редакторы – бас директоры Кенжеболат Жолдыбай хабарлады.

«Қазіргі уақытта үкімет мүшелері жаңғыртылған зейнетақы жүйесін жан-жақты халыққа түсіндіру мақсатында еліміздің өңірлерін аралауда. Олардың әрқайсысы, ең алдымен, өздерінің қызметтік міндетін атқарып жатыр. Бұл тұрғыдан алғанда, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденовке қатысты болған жайтты келеңсіз әрекет ретінде бағалау керек. Министр де еліміздің азаматы. Наразылық ретінде жұмыртқа лақтырған тұлғаның қылығын «бұзақылық» деп атау қажет, оны басқаша түсіндіру өте қиын», - деді К.Жолдыбай.

Оның айтуынша, адам қандай жағдай болмасын өзін-өзі ұстай білуі тиіс. Егер де ол өзгелердің мүддесін қорғағысы келсе, ең алдымен, бұл мәселені кіммен шешкісі келетінін ойланып алып, ол тұлғаның мүддесін де естен шығармаған жөн. 

«Цуканов мырзаға қатысты айтарым, ол өзін-өзі дұрыс ұстай біліп, министрдің абыройы туралы ойлануы тиіс еді. Оқиға баспасөз мәслихаты барысында болды. Оған көптеген журналистер қатысты және мен бұл ретте, өткен жылы қабылданған Қазақстан журналистерінің этикалық кодесі туралы еске салғым келеді. Онда біздің қоғамда болып жатқан барлық жағдайларға қатысты өзіндік кәсіби қарым-қатынасымыз анықталған. Мұны естен шығармау керекпіз. Кәсібилік пен жауапкершілік қатар жүретін ұғымдар деп білемін», - деп түйіндеді Бас редакторлар клубының президенті.

Диана ҚҰЛМАҒАНБЕТОВА

 

Бөлісу: