Испанияда жұмыссыздар саны 6 миллион адамды құрады. Бұл халықтың еңбекке қабілетті бөлігінің 27 пайызы, деп жазады ВВС.
Қазіргі үкіметтің қарсыластарының пайымдауынша, жұмыссыздықтың рекордтық деңгейге жетуіне билік тарапынан қатаң үнемдеу шараларының қабылдануы да ықпал етті.
Мадридте бейсенбіге жоспарланған қарсылық шараларына байланысты құқық қорғау органдары күшейтілген тәртіпке көшірілді.
Бұдан бұрын банк ғимаратын өртеп жіберуді даярлады деген айыппен 4 адамды полиция қызметкерлері ұстаған болатын.
Жұма күні Испания үкіметі экономикалық дағдарыстан шығудың жаңа шараларын жариялайды деп күтілуде.
ҚазАқпарат.