Адам өмірі туралы-3

26 Сәуір 2013, 05:15

  Кісі болар баланың - кісіменен ісі бар, кісі болмас баланың -кісіменен несі бар. Мақал - мәтел Жұт - жеті ағайынды, жиенімен - сегіз. Мақал - мәтел Ұл - қоныс, қыз - өріс. Мақал - мәтел Тумақ - парыз, өлмек - қарыз. Мақал - мәтел Қазақ сұраса келе қарын бөле болып шығады. Мақал - мәтел Ағайынның азары болғанмен, безері жоқ. Мақал - мәтел Құдаң - құрдасыңдай, құдағиың - сырласындай болсын. Мақал - мәтел Тақияма таққаным тал-тал моншақ, Кер биеге жарасар кер құлыншақ. Өлгеннен соң қаларсың қу сүйек боп, Дауысыңның барында қалшы-ау шырқап. Қара өлең Жиырма бес өте шықты ескен желдей, Қоныстан қопарылып көшкен елдей. Жастықта думандатып жүре бердік, Қайырылмай кететіні еске келмей. Қара өлең Ойнақ салып қозы-лақ жарда ойнайды, Ойнамайтын, күлмейтін жан болмайды. Ойнасаң өзің тендес жаспен ойна, Кісі жары кісіге жар болмайды. Қара өлең Өлмесе қайда кетті - бұрынғының кәрісі, пайғамбардың бәрісі, жердің жүзін жалмаса да тоймайды - қара жердің талысы. Өткенге - өкінбе, келмеске - кейіме, өлім деген - ұзақ жолдың алысы. Би-шешендер Мен қартайдым - жол бердім, Күн сенікі, жастарым! Кәрілікке жеткізсе - Талайды көрер бастарың. Би-шешендер Тыныш құлақ, жылы төсек, жақсы тамақ - егер осы жағдайлар түгел болса - адамның өзі де, көңілі де қартаймайды. Би-шешендер Қарыз деген - берсе бітеді, Шам жарығы - сөнсе бітеді. Қанша қызық дәурен сүрсең де, Дүние қызығы - өлсең бітеді. Би-шешендер Жалған да жарық дүние! Бізден де бір күн қаларсың! Шәңгерей Бөкеев Күлелік те, ойналық, Киелік те ішелік. Мынау жалған дүние, Кімдерден кейін қалмаған?! Шалгиіз Тіленшеұлы Қарт жақсы жас жақсысын күндемеген. Шал Құлекеұлы Адам әуелі бастан қартаяды. Шал Құлекеұлы Көңілі өсіп мейманасы асқан адам кәрілікті мойыңдамайды. Шал Құлекеұлы Өткен іске өкінген өмір зая. Шал Құлекеұлы Жастық өтер, кәрілік жетер Шал Құлекеұлы Елу - ердің жасы, жетпіс - оттың басы, сексен - шоқтың қасы. Шал Құлекеұлы Ханнан тақыт таярда - қараша жұртпен хас болар, Байдан бақыт таярда - дәулетіне мас болар. Кәріден абырой таярда - аңдығаны ас болар, Жетесіз туған жігіттер - жиырма бесте жас болар. Шал Құлекеұлы Кәрілік - күлге аунаған кәрі бура. Шал Құлекеұлы Елу - ердің жасы екен, алпыс - бір сұмдықтың басы екен. Шал Құлекеұлы Өткен қайтып келмейді, алғанын құдай бермейді. Шал Құлекеұлы   Ат - жетім: өрен жүйрік шабылмаған, құс - жетім: саятшысы табылмаған, әйел - жетім: өзінің теңін тауып қосылмаған. Шал Құлекеұлы Кәрі өлсе - дауыл тынғаны, жас өлсе - бәйтерегіңнің сынғаны. Шал Құлекеұлы   Жас сыны: қырықта - қынаптағы қылыштаймын, елуде - әр қиынға жұмыстаймын, алпысымда - ашқарақ бөрідеймін, жетпісте - шала илеген терідеймін, жетпістен асып, сексенге келгенімде - к... кері кеткен перідеймін, тоқсанға келгенімде - торғайдаймын: атқа мініп, малымды зорға айдаймын, кемпір мен шалдан билік кеткеннен соң, отырып от басында ойбайлаймын. Тоқсан бесте - мен өзім тор болғамын, мүләйім отқа салған бор болғамын, кәрілік әбден езіп болғаннан соң - баланың баласына қор болғамын. Шал Құлекеұлы Кәрілік қалдырады ұятқа. Шал Құлекеұлы Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы

 

Кісі болар баланың - кісіменен ісі бар, кісі болмас баланың -кісіменен несі бар.

Мақал - мәтел

Жұт - жеті ағайынды, жиенімен - сегіз.

Мақал - мәтел

Ұл - қоныс, қыз - өріс.

Мақал - мәтел

Тумақ - парыз, өлмек - қарыз.

Мақал - мәтел

Қазақ сұраса келе қарын бөле болып шығады.

Мақал - мәтел

Ағайынның азары болғанмен, безері жоқ.

Мақал - мәтел

Құдаң - құрдасыңдай, құдағиың - сырласындай болсын.

Мақал - мәтел

Тақияма таққаным тал-тал моншақ,

Кер биеге жарасар кер құлыншақ.

Өлгеннен соң қаларсың қу сүйек боп,

Дауысыңның барында қалшы-ау шырқап.

Қара өлең

Жиырма бес өте шықты ескен желдей,

Қоныстан қопарылып көшкен елдей.

Жастықта думандатып жүре бердік,

Қайырылмай кететіні еске келмей.

Қара өлең

Ойнақ салып қозы-лақ жарда ойнайды,

Ойнамайтын, күлмейтін жан болмайды.

Ойнасаң өзің тендес жаспен ойна,

Кісі жары кісіге жар болмайды.

Қара өлең

Өлмесе қайда кетті - бұрынғының кәрісі, пайғамбардың бәрісі, жердің жүзін жалмаса да тоймайды - қара жердің талысы. Өткенге - өкінбе, келмеске - кейіме, өлім деген - ұзақ жолдың алысы.

Би-шешендер

Мен қартайдым - жол бердім,

Күн сенікі, жастарым!

Кәрілікке жеткізсе -

Талайды көрер бастарың.

Би-шешендер

Тыныш құлақ, жылы төсек, жақсы тамақ - егер осы жағдайлар түгел болса - адамның өзі де, көңілі де қартаймайды.

Би-шешендер

Қарыз деген - берсе бітеді,

Шам жарығы - сөнсе бітеді.

Қанша қызық дәурен сүрсең де,

Дүние қызығы - өлсең бітеді.

Би-шешендер

Жалған да жарық дүние! Бізден де бір күн қаларсың!

Шәңгерей Бөкеев

Күлелік те, ойналық,

Киелік те ішелік.

Мынау жалған дүние,

Кімдерден кейін қалмаған?!

Шалгиіз Тіленшеұлы

Қарт жақсы жас жақсысын күндемеген.

Шал Құлекеұлы

Адам әуелі бастан қартаяды.

Шал Құлекеұлы

Көңілі өсіп мейманасы асқан адам кәрілікті мойыңдамайды.

Шал Құлекеұлы

Өткен іске өкінген өмір зая.

Шал Құлекеұлы

Жастық өтер, кәрілік жетер

Шал Құлекеұлы

Елу - ердің жасы, жетпіс - оттың басы, сексен - шоқтың қасы.

Шал Құлекеұлы

Ханнан тақыт таярда - қараша жұртпен хас болар,

Байдан бақыт таярда - дәулетіне мас болар.

Кәріден абырой таярда - аңдығаны ас болар,

Жетесіз туған жігіттер - жиырма бесте жас болар.

Шал Құлекеұлы

Кәрілік - күлге аунаған кәрі бура.

Шал Құлекеұлы

Елу - ердің жасы екен, алпыс - бір сұмдықтың басы екен.

Шал Құлекеұлы

Өткен қайтып келмейді, алғанын құдай бермейді.

Шал Құлекеұлы

 

Ат - жетім: өрен жүйрік шабылмаған, құс - жетім: саятшысы табылмаған, әйел - жетім: өзінің теңін тауып қосылмаған.

Шал Құлекеұлы

Кәрі өлсе - дауыл тынғаны, жас өлсе - бәйтерегіңнің сынғаны.

Шал Құлекеұлы

 

Жас сыны: қырықта - қынаптағы қылыштаймын, елуде - әр қиынға жұмыстаймын, алпысымда - ашқарақ бөрідеймін, жетпісте - шала илеген терідеймін, жетпістен асып, сексенге келгенімде - к... кері кеткен перідеймін, тоқсанға келгенімде - торғайдаймын: атқа мініп, малымды зорға айдаймын, кемпір мен шалдан билік кеткеннен соң, отырып от басында ойбайлаймын. Тоқсан бесте - мен өзім тор болғамын, мүләйім отқа салған бор болғамын, кәрілік әбден езіп болғаннан соң - баланың баласына қор болғамын.

Шал Құлекеұлы

Кәрілік қалдырады ұятқа.

Шал Құлекеұлы

Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы

Бөлісу: