26 Сәуір 2013, 04:50
1917 жылғы Қазан төңкерісі Ресейге бағынышты халықтардың тарихына өзгерістер әкелгені белгілі. Осы өзгерістер өз кезегінде әдебиет пен өнерде , мәдениетте көрінді. Әдебиет қоғам көрінісі деген сөзді негізге алсақ, осы кезеңдегі қоғамдағы алмасулар қазақ әдебиетінің түрлі саяси бағыттағы өкілдерінің әр тақырыптағы түрлі бағдар, алуан идеядағы шығармаларын тудырды.
Халықтың ғасырлардан келе жатқан ауыз әдебиетінің үлгілерімен бірге әдеби жанрдың түрлі тармақтарымен әр қаламгер қолтаңбасы айқындалатын сан стильдегі жаңа шығармалар келді.
20-30 жылдардағы қазақ әдебиетінде ұлттық бүтіндікті, дәстүр, салт, әдетті сақтап, территориялық тәуелсіздікті мақсат еткен туындылармен бірге кеңес өкіметі саясатын қолдаған әдеби шығармалар (саясат ықпалымен жазылған) деп шартты түрде екіге бөлуге болады. Осы кезеңдегі қиыншылық, халық басындағы ауыртпалық, саяси төңкерістер әсері әдебиетке көркем туындылар әкелді. Халық тарихының көркем кестесі жасалды.{mospagebreak}
Қаламгер көзқарасымен саяси ортаның қайшылығы, суық ызғыры ақын - жазушыларды билік тараптынан қуғынға ұшыратты. Осындай әдебиеттегі ақтаңдақтар кесірінен халық 20 жыл С.сейфуллин мен Б. . Майлин, І. Жансүгіров шығармаларынан , жарты ғасыр М. Жұмабаев, А.Байтұрсынов, М. Дулатов, Ж. Аймауытов, Ш. Құдайбердіұлы туындыларынан көз жазып қалды. Бұның өзі кейінгі кезең әдебиетіне көркемдік әрі рухани тұрғыда елулі кері әсерін тигізді.
Әдебиетті кезеңге бөлуде қазіргі әдебиетке 1960-1980 жылдарда жазылған шығармалар кіреді.
Бұл кезеңнің ерекшелігі «түрі ұлттық, мазмұны социалистік» реализм әдісінің шеңберінен шықпай, қатал сынақпен тексеруден өтуінде. Кеңестік жүйе әдебиет шығармаға көп шектеу қойғаны да мәлім. Десек те, тамыры тереңге тартқан , арнасы кең, мәуелі қазақ әдебиеті үшін де 60-80 жылдар сәтті кезең болды.{mospagebreak}
Қазақ әдебиетіндегі көне түркі дәуірінен басталып, ауыз әдебиеті мұрасымен толығып, жыраулар өлеңдері мен жарақтанған, көркемдіктің небір үлгісін мөлдірете төккен XIII - XIX ғасырлар ақындары мен Абайдың өлмес мәңгілік жырларына сусындаған, «елім», «ұлтым», «халқым» деп жыр ғана жазып қоймай, өмірін арнаған Ахмет , Жүсіпбек, Міржақып, Мағжан, Сәкен, Бейімбет, Ілияс туындыларын, М. Әуезов, С. Мұқанов, Ғ.Мүсірепов сынды классиктер шығармаларымен ерте танысқан ұрпақ әдебиетке жаңа ізденістер, тың жаңалықтар әкелді.{mospagebreak}
Әдебиетті насихаттайтын, сиясы кеппеген шығарманы оқырманға жеткізген «Жұлдыз», «Жалын» журналдары мен «Қазақ әдебиеті» газеті көркемдік әлемнің жаршысы болды. Әдебиетте тақырып көлемі кеңейіп, шеберлік талай талантты танытты.
Әдебиеттегі сын, теория, тарихы жағынан зерттеудің жан - жақтылығы, тереңдігі, жаңашылдығы да көркем әлемнің қуаты мен әсем суретіне әсер етті.
Қоғамдағы, табиғаттағы, ғылымдағы жаңа ашулар мен жаңалықтар әдебиетте өз ізін қалдырды.Тарихқа қайта көз салып, көркем әлеммен сабақтасты.Ел, ұлт, халық тағдыры талқыға түскен шақта ту ұстаған ерлер бейнесі сомдалды.
Қазіргі кезеңдегі қоғамдық өзгеріс, қазақ салт-дәстүріне ықпал еткен түрлі әлеуметтік жағдайларға көркемдік тұрғыдан баға берілді.Осы тұрғыда қазақ әдебиетінде қазіргі адам, қазіргі қоғам көрінісіне баға берген шығармаларда көп жазылды.
Туған жер, өскен ел, Отан, атамекен, ата жұртқа деген ұлттық көзқарас, таным мен қоғам өзгерісі , қақпақылығына түскен адам көңіліне, жанына үңілген көркем шығармалар туды.
Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы