Батыр, ақылгөй абыз

26 Сәуір 2013, 04:32

Шәлгез жырларынан жыраудың өз бейнесін де ажырата тану қиын емес. Ол Темірге арналған толғауларында өзін бидің жан аямас шын берілген ақ, адал қызметшісі – «көп құлының бірі» ретінде суреттейді. Бірақ Шәлкез мәңгі бақи сол күйде, сол көңілде қала бермейді. Оған өз жолдары куә: Басымды менің қорласа,  Көп туғаным жоқтаман.  Аяғымнан менің басыма  Етектеп плтын құйса, тоқтаман! Байлық мен мансап, атақ пен абырой жел айдаған бұлттай жөңкіліп жүре беріп, тар кезеңге тап болған жырау өмірінің біраз ізі осы шумақтан да байқалады. Бұл хас батырға тән мәрттік мінезбен қатар, заман тәлкегіне түсіп, неге болса да бел буып, бекінген жанның берік тәуекелі мен ашынған көңілінің ақтарылған сыры дерлік. Мұны өлеңнің тепсініп келген тегеурінді ырғағымен, күңіренісімен күші басым өлең жолдарынан мол сезінеміз. Мұндай әуен Шәлгездің әЕділім» толғауына да тән. Бірқатар жолдары Қазтуған жырына сәйкес келетін бұл шығарма – жыраудың туған жерімен амалсыз қоштасуы, «Шөбі – секер, суы – шәрбет» ата қонысты қимас сезімнен туған телегей теңіздей терең тебіренісі. Шәлгез жырлаында философиялық толғаныс, тебіреніс ретінде келетін дидактикалық өнеге-өсиет, мақал-мәтел, ақыл-нақылды шумақтар мол. Жырау өнеге-өсиеттік бірқатар жолдарында өрісті ойларын жақсы мен жаманды салыстыра отырып суреттейді: Құсты жисаң, бүркіт жи,  Қыс тоныңды түлкі етер.  Бір жақсымен дос болсаң,  Азбас, тозбас мүлкі етер.  Бір жаманмен дос болсаң,  Күндердің күні болғанда,  Жүмле ғаламға күлкі етер. «Жақсыдан – шарапат, жаманнан – кесепат» дегендей, бұл шумақтағы жақсы – шарапатты шын дос та, жаман – жалған дос, екіжүзді сатқын бейнесінде. Жырау жақсы мен жаман арқылы ер мен ез, мәрт пен нәмарт сияқты адам бойында кездесетін екіұдай кереғар қасиет-мінездерді салыстыра суреттеу арқылы дәуірден дәуірге көшіп келе жатқан көптеген өмір сырын байыпты бағалайды. Шәлгездің «Қатынасы биік көлдерден», «Тобылғының берігі», «Бостаны барды теректің», «Айдынға шүйсең, тардан шүй», «Бар күшіңді сынамай» шумақтары және «Шағырмақ бұлт жай тастар» дейтін ұзақ толғауы – не замандар бойы өмір тәжірибесінен қорытылған саралы ойлар жиынтығы, өмір аксиомасы дерлік. Бұларда ақыл-ғирбат та, өнегелі өсиет те мол. Бұл саладағы толғауларынан Шәлгездің өрісті ойларын, замана шындығын, дәуірдің елеулі мәселелерін көтере білген кемел парасатын тани түсеміз. Міне, жырау өмірдің өзінен туындап жатқан ащы шындықты айқын көре алған да, жақын жеп жаманға жан тартуға емес, «жақсыда жаттық жоқ» дегендей адамды, азаматты, абзалдықты суюді өсиет етеді. Атаның ұлы ерлерге  Малың бер де, басың қос,  Басыңды қос та, бек сыйлас, -  Күндердің күні болғанда,  Басың жауда қалар ма?! Бұл жолдардағы Шәлгез ұғымындағы «Ата ұлы» адамдығы мол азамат ерлер ретінде танылады. Даңқты жорық жырауы Шәлгездің өзі де дарабоз тұлға болған. Ол - өзі заманының айтулы батыры, ақылгөй абызы. Қорытынды Тарих беттерін бір дүбірлеткен жырауларымыздың өмірі бізге аңыз болып отыр. Олардың өнері мен шеберлігіне қарап, жырларын сүйсіне оқығанның да өзіндік орны бар. Ақын өмірі жай адамнан өзгеше екені әркімге анық. Сондықтан да, Асанқайғы, Шаркиіз, Қазтуған сиықты жыраулар сонау заманның тылсым өмірін келер ұрпаққа өз еңбектерімен жеткізген. Әлеуметтік және саяси дүниені ашып көрсеткен.   

Шәлгез жырларынан жыраудың өз бейнесін де ажырата тану қиын емес. Ол Темірге арналған толғауларында өзін бидің жан аямас шын берілген ақ, адал қызметшісі – «көп құлының бірі» ретінде суреттейді. Бірақ Шәлкез мәңгі бақи сол күйде, сол көңілде қала бермейді. Оған өз жолдары куә:

Басымды менің қорласа, 
Көп туғаным жоқтаман. 
Аяғымнан менің басыма 
Етектеп плтын құйса, тоқтаман!

Байлық мен мансап, атақ пен абырой жел айдаған бұлттай жөңкіліп жүре беріп, тар кезеңге тап болған жырау өмірінің біраз ізі осы шумақтан да байқалады. Бұл хас батырға тән мәрттік мінезбен қатар, заман тәлкегіне түсіп, неге болса да бел буып, бекінген жанның берік тәуекелі мен ашынған көңілінің ақтарылған сыры дерлік. Мұны өлеңнің тепсініп келген тегеурінді ырғағымен, күңіренісімен күші басым өлең жолдарынан мол сезінеміз. Мұндай әуен Шәлгездің әЕділім» толғауына да тән. Бірқатар жолдары Қазтуған жырына сәйкес келетін бұл шығарма – жыраудың туған жерімен амалсыз қоштасуы, «Шөбі – секер, суы – шәрбет» ата қонысты қимас сезімнен туған телегей теңіздей терең тебіренісі.

Шәлгез жырлаында философиялық толғаныс, тебіреніс ретінде келетін дидактикалық өнеге-өсиет, мақал-мәтел, ақыл-нақылды шумақтар мол. Жырау өнеге-өсиеттік бірқатар жолдарында өрісті ойларын жақсы мен жаманды салыстыра отырып суреттейді:

Құсты жисаң, бүркіт жи, 
Қыс тоныңды түлкі етер. 
Бір жақсымен дос болсаң, 
Азбас, тозбас мүлкі етер. 
Бір жаманмен дос болсаң, 
Күндердің күні болғанда, 
Жүмле ғаламға күлкі етер.

«Жақсыдан – шарапат, жаманнан – кесепат» дегендей, бұл шумақтағы жақсы – шарапатты шын дос та, жаман – жалған дос, екіжүзді сатқын бейнесінде.

Жырау жақсы мен жаман арқылы ер мен ез, мәрт пен нәмарт сияқты адам бойында кездесетін екіұдай кереғар қасиет-мінездерді салыстыра суреттеу арқылы дәуірден дәуірге көшіп келе жатқан көптеген өмір сырын байыпты бағалайды. Шәлгездің «Қатынасы биік көлдерден», «Тобылғының берігі», «Бостаны барды теректің», «Айдынға шүйсең, тардан шүй», «Бар күшіңді сынамай» шумақтары және «Шағырмақ бұлт жай тастар» дейтін ұзақ толғауы – не замандар бойы өмір тәжірибесінен қорытылған саралы ойлар жиынтығы, өмір аксиомасы дерлік. Бұларда ақыл-ғирбат та, өнегелі өсиет те мол. Бұл саладағы толғауларынан Шәлгездің өрісті ойларын, замана шындығын, дәуірдің елеулі мәселелерін көтере білген кемел парасатын тани түсеміз.

Міне, жырау өмірдің өзінен туындап жатқан ащы шындықты айқын көре алған да, жақын жеп жаманға жан тартуға емес, «жақсыда жаттық жоқ» дегендей адамды, азаматты, абзалдықты суюді өсиет етеді.

Атаның ұлы ерлерге 
Малың бер де, басың қос, 
Басыңды қос та, бек сыйлас, - 
Күндердің күні болғанда, 
Басың жауда қалар ма?!

Бұл жолдардағы Шәлгез ұғымындағы «Ата ұлы» адамдығы мол азамат ерлер ретінде танылады. Даңқты жорық жырауы Шәлгездің өзі де дарабоз тұлға болған. Ол - өзі заманының айтулы батыры, ақылгөй абызы.

Қорытынды

Тарих беттерін бір дүбірлеткен жырауларымыздың өмірі бізге аңыз болып отыр. Олардың өнері мен шеберлігіне қарап, жырларын сүйсіне оқығанның да өзіндік орны бар. Ақын өмірі жай адамнан өзгеше екені әркімге анық. Сондықтан да, Асанқайғы, Шаркиіз, Қазтуған сиықты жыраулар сонау заманның тылсым өмірін келер ұрпаққа өз еңбектерімен жеткізген. Әлеуметтік және саяси дүниені ашып көрсеткен. 

 

Бөлісу: