Жапондықтар артық салмақтан арылтатын кофе өндіруге кірісті

25 Сәуір 2013, 12:03

Жапондық компания артық салмақтан арылтатын кофені нарыққа шығармақ. Адамның дене бітімін өзгертуге бағытталған кофенің дәндері әдеттегіден 2,5 есе артық қуырылады. Бұл хлороген қышқылының көбірек бөлінуіне әсер етеді екен. 12 апталық зерттеу жұмыстарының нәтижесінде аталмыш кофені ішкен адамдардың орташа алғанда 1,5 келіден арылғаны анықталды. Тәжірибеге семіздікке душар болған 109 адам қатысты. Сынақтан өткендердің 25 пайызы күніне 185 мл кофені қолданса, төрт аптадан кейін артық салмақ жоғалтатынын алға тарса, 51 пайызы 8 аптадан соң, 72 пайызы 12 аптадан кейін дене бітімінің өзгеріске ұшырағанын аңғарған. Шамамен ерекше кофенің бір құтысы 1,60 АҚШ долларына бағаланбақ. Ол екі түрде: қантсыз және сүт пен қант қосылып саудаға шығарылады.  ҚазАқпарат.

Жапондық компания артық салмақтан арылтатын кофені нарыққа шығармақ. Адамның дене бітімін өзгертуге бағытталған кофенің дәндері әдеттегіден 2,5 есе артық қуырылады. Бұл хлороген қышқылының көбірек бөлінуіне әсер етеді екен.

12 апталық зерттеу жұмыстарының нәтижесінде аталмыш кофені ішкен адамдардың орташа алғанда 1,5 келіден арылғаны анықталды. Тәжірибеге семіздікке душар болған 109 адам қатысты. Сынақтан өткендердің 25 пайызы күніне 185 мл кофені қолданса, төрт аптадан кейін артық салмақ жоғалтатынын алға тарса, 51 пайызы 8 аптадан соң, 72 пайызы 12 аптадан кейін дене бітімінің өзгеріске ұшырағанын аңғарған.

Шамамен ерекше кофенің бір құтысы 1,60 АҚШ долларына бағаланбақ. Ол екі түрде: қантсыз және сүт пен қант қосылып саудаға шығарылады. 

ҚазАқпарат.

Бөлісу: