Уильям Фиерман: Қазақ тілі қазақтардың емес, Қазақстанның тілі болуы керек

25 Сәуір 2013, 11:08

24.07.2010 Уильям Фиерман, Индиана университетінің профессоры   Америкалық ғалым, Индиана университетінің саясаттану факультеті Орталық Еуразияны зерттеу кафедрасының профессоры Уильям Фиерман мырза таяуда жұртшылыққа ұсынылған Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасын талқылайтын кеңейтілген отырысқа арнайы ат терлетіп келген еді. Ол Орталық Азиядағы саяси жағдай, әсіресе, тіл, ислам діні және ұлттық ерекшеліктер туралы тақырыптарды зерттеумен айналысады. Басты еңбектері: «Тілді жоспарлау және ұлттық даму: өзбек тәжірибесі», «Кеңестік Орталық Азия: «Жолы болмаған» қайта құру» кітабының құрастырушы авторы. «Тіл туралы заңдарды жүзеге асыру: бес республикадағы қайта құру және заң мәселелері», «Бөтен діндердің қаупін сезіну». Қазақтілді ақпарат құралдарының реакциясын талдау», «Қала демографиясының өзгеруі және Қазақстандағы ұлтшылдық болашағы», «Қазақстандағы тіл және даралану мәселелері: негізгі құжаттардағы көрініс», «Өзбекстандағы саяси даму: демократиялану деп айтуға келе ме?», «Орталық Азия мен Кавказдағы бөліну және өзгеріс мәселелері» атты ғылыми мақалалары Батыстың беделді басылымдарында жарық көріп, кітаптар тарауына енген. Мақала тақырыптарынан көрініп тұрғандай, ол Қазақстандағы жағдаймен бес саусағындай таныс. Таяуда америкалық профессормен сұхбаттасудың сәті түскен еді. – Уильям Фиерман мырза, әуелгі әңгімені сіздің Қазақ елін, соның ішінде қазақ тілін зерттеуіңізге не себеп болды деген сауалмен бастасақ… – Кеңес одағы тұсында, яғни жетпісінші жылдары тұсында мен Орта Азияны зерттеуді ұйғардым. Орталық Азияға тұңғыш рет 1976 жылы ат басын тіредім. Әуелі Өзбекстандағы тіл саясатын зерттеумен айналыстым. Докторлық диссертация жазу үшін материал-дар жинақтадым. Терминология, кадрлар мәселелері туралы диссертациямды Америкада қорғадым. Көбіне Өзбекстандағы тіл саясатына мән беріп, оны түбегейлі зерттеуге бар зейінімді арнадым. Ал сексенінші жылдары Қазақстанды зерттеуді қолға алдым. Себебі, Қазақ еліндегі тілдік ахуал мені қатты қызықтырды. Өзбек еліне қарағанда Қазақстаннан шығатын басылымдарды шолып шығатынмын. Көп мағлұматтар алдым. Бүгінде Қазақстанға жыл сайын келіп тұрамын. Бұған дейін Атырау, Ақтау, Павлодар, Қарағанды қалаларында болып, елдегі тілдік ахуалмен танысып қайттым. – Кешіріңіз, көп ретте өзге елдің ғалымдарын тіл саласынан бұрын қазақ халқынын салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы қызықтырып жатады. Ал сіз тілді зерттеуге қызықтыңыз… – Өзім, негізінен, саясаттанушымын. Аспирантураға келгенімде мен Кеңес-Қытай қатынастары туралы ғылыми жұмыс жазғым келген. Кейін ойлана келе, мені көбіне тіл мәселесі қызықтыратынын түсіндім.  Диссертация жазу үшін тақырып таңдағанымда осы тіл туралы ойыма орала берді. – Фиерман мырза, қазақ тілінің мемлекеттік тіл дәрежесіне түбегейлі көтерілу болашағына қалай қарайсыз? – Мемлекеттік тілдің келешегі жақсы дәрежеде. Оны жақында жұртшылық талқысына ұсынылған мемлекеттік бағдарламаның мазмұнынан айқын аңғардық. – Жуырда ғана талқыға түскен Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы пікіріңізді білсек… – Ең маңыздысы, келешекте қазақ тілін үйрету мәселесіне баса назар аударылған. Алдағы уақытта қазақстандықтардың мемлекеттік тілді меңгеруі 95 пайызға ұлғаятынына сеніммен қарауға болады. Мұнда БАҚ саласында, әсіресе, балаларға арналған бағдарламаларға ерекше назар аударылып отыр. Дегенмен, бұл бағдарламалардың сапасы жоғары болуы қажет. Егер сапасы төмен болатын болса, өте жақсы дайындалған хабарлардың өзі 101 пайыз еш пайда әкелмейді. Сондай-ақ бұл жобадағы балабақшадан бастап мемлекеттік тілді оқытуды көздейтіні қуантты. – Жалпы, бүгінде қанша тіл білесіз? – Ағылшын тілінен бөлек, португал, чех, орыс, қазақ, өзбек, қырғыз тілдерін жақсы білемін. Испан тілінде сөйлей алмасам да, оқи аламын. Бүгінде қытай, түркімен, тәжік тілдерін меңгеру үстіндемін. – Фиерман мырза, сіз Индиана университетінде дәріс оқисыз. Жалпы,  қазақ жастарының білім деңгейін қаншалықты бағалайсыз? – «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқып жатқан қазақ жастарының білім деңгейлері жоғары деп бағалаймын. Қазақстанның ең жақсы оқыған жастары деп білемін. – Жақсы. Ал енді қазақ халқы жөніндегі ойыңызды білсек… – Қазақ халқының қонақжай екенін бәрі біледі. Мәдениеті өте бай халық. – Тіл үйрену үшін қанша уақыт кетеді? – Оны кесіп айту қиын. Себебі, мен қазақ тілін меңгермей тұрып, өзбекше білетінмін. Сол себепті қазақ тілін үйрену аса қиын болған жоқ. Ешкім арнайы сабақ өткізген жоқ, өзім түрлі сөздіктер арқылы меңгеріп келемін. Тіл үйренуге деген қызығушылық болса, меніңше, әркім де үйреніп алары сөзсіз. Бұған, әрине, уақыт та жұмсалатыны белгілі. Сондай-ақ мамандығым тіл білімі саласы болған соң да, үйренуге тура келді. Ал Қазақстандағы халықтың тіл үйренуге уақыты аз. Күнделікті күйбен тіршілік дегендей… Олар қазақ тілін білмесе де, меңгеруге тырысулары қажет деп білемін. Қазақ тілінің болашағы – жастардың қолында. Жастар мемлекеттік тілге ерекше ден қойса, меніңше, тілдің алдағы жағдайы өте жақсы болар еді. – Қазақ қоғамынан Америка жұртшылығына нені үлгі етуге болады? – Қазақ халқынын бай мәдениетін үлгі етіп көрсетуге болады. Америкаға ғана емес, бүкіл дүниежүзіне паш етуге тұрарлық. Әңгімелескен Ғанибет Ғалымбекұлы (материал "Нұр Астана" газетінен  қысқартылып алынды) http://nurastana.kz

Уильям Фиерман, Индиана университетінің профессоры
 

Америкалық ғалым, Индиана университетінің саясаттану факультеті Орталық Еуразияны зерттеу кафедрасының профессоры Уильям Фиерман мырза таяуда жұртшылыққа ұсынылған Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасын талқылайтын кеңейтілген отырысқа арнайы ат терлетіп келген еді. Ол Орталық Азиядағы саяси жағдай, әсіресе, тіл, ислам діні және ұлттық ерекшеліктер туралы тақырыптарды зерттеумен айналысады. Басты еңбектері: «Тілді жоспарлау және ұлттық даму: өзбек тәжірибесі», «Кеңестік Орталық Азия: «Жолы болмаған» қайта құру» кітабының құрастырушы авторы. «Тіл туралы заңдарды жүзеге асыру: бес республикадағы қайта құру және заң мәселелері», «Бөтен діндердің қаупін сезіну». Қазақтілді ақпарат құралдарының реакциясын талдау», «Қала демографиясының өзгеруі және Қазақстандағы ұлтшылдық болашағы», «Қазақстандағы тіл және даралану мәселелері: негізгі құжаттардағы көрініс», «Өзбекстандағы саяси даму: демократиялану деп айтуға келе ме?», «Орталық Азия мен Кавказдағы бөліну және өзгеріс мәселелері» атты ғылыми мақалалары Батыстың беделді басылымдарында жарық көріп, кітаптар тарауына енген. Мақала тақырыптарынан көрініп тұрғандай, ол Қазақстандағы жағдаймен бес саусағындай таныс.

Таяуда америкалық профессормен сұхбаттасудың сәті түскен еді.

– Уильям Фиерман мырза, әуелгі әңгімені сіздің Қазақ елін, соның ішінде қазақ тілін зерттеуіңізге не себеп болды деген сауалмен бастасақ…

– Кеңес одағы тұсында, яғни жетпісінші жылдары тұсында мен Орта Азияны зерттеуді ұйғардым. Орталық Азияға тұңғыш рет 1976 жылы ат басын тіредім. Әуелі Өзбекстандағы тіл саясатын зерттеумен айналыстым. Докторлық диссертация жазу үшін материал-дар жинақтадым. Терминология, кадрлар мәселелері туралы диссертациямды Америкада қорғадым. Көбіне Өзбекстандағы тіл саясатына мән беріп, оны түбегейлі зерттеуге бар зейінімді арнадым. Ал сексенінші жылдары Қазақстанды зерттеуді қолға алдым. Себебі, Қазақ еліндегі тілдік ахуал мені қатты қызықтырды. Өзбек еліне қарағанда Қазақстаннан шығатын басылымдарды шолып шығатынмын. Көп мағлұматтар алдым. Бүгінде Қазақстанға жыл сайын келіп тұрамын. Бұған дейін Атырау, Ақтау, Павлодар, Қарағанды қалаларында болып, елдегі тілдік ахуалмен танысып қайттым.

– Кешіріңіз, көп ретте өзге елдің ғалымдарын тіл саласынан бұрын қазақ халқынын салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы қызықтырып жатады. Ал сіз тілді зерттеуге қызықтыңыз…

– Өзім, негізінен, саясаттанушымын. Аспирантураға келгенімде мен Кеңес-Қытай қатынастары туралы ғылыми жұмыс жазғым келген. Кейін ойлана келе, мені көбіне тіл мәселесі қызықтыратынын түсіндім.  Диссертация жазу үшін тақырып таңдағанымда осы тіл туралы ойыма орала берді.

– Фиерман мырза, қазақ тілінің мемлекеттік тіл дәрежесіне түбегейлі көтерілу болашағына қалай қарайсыз?

– Мемлекеттік тілдің келешегі жақсы дәрежеде. Оны жақында жұртшылық талқысына ұсынылған мемлекеттік бағдарламаның мазмұнынан айқын аңғардық.

– Жуырда ғана талқыға түскен Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы пікіріңізді білсек…

– Ең маңыздысы, келешекте қазақ тілін үйрету мәселесіне баса назар аударылған. Алдағы уақытта қазақстандықтардың мемлекеттік тілді меңгеруі 95 пайызға ұлғаятынына сеніммен қарауға болады. Мұнда БАҚ саласында, әсіресе, балаларға арналған бағдарламаларға ерекше назар аударылып отыр. Дегенмен, бұл бағдарламалардың сапасы жоғары болуы қажет. Егер сапасы төмен болатын болса, өте жақсы дайындалған хабарлардың өзі 101 пайыз еш пайда әкелмейді. Сондай-ақ бұл жобадағы балабақшадан бастап мемлекеттік тілді оқытуды көздейтіні қуантты.

– Жалпы, бүгінде қанша тіл білесіз?

– Ағылшын тілінен бөлек, португал, чех, орыс, қазақ, өзбек, қырғыз тілдерін жақсы білемін. Испан тілінде сөйлей алмасам да, оқи аламын. Бүгінде қытай, түркімен, тәжік тілдерін меңгеру үстіндемін.

– Фиерман мырза, сіз Индиана университетінде дәріс оқисыз. Жалпы,  қазақ жастарының білім деңгейін қаншалықты бағалайсыз?

– «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқып жатқан қазақ жастарының білім деңгейлері жоғары деп бағалаймын. Қазақстанның ең жақсы оқыған жастары деп білемін.

– Жақсы. Ал енді қазақ халқы жөніндегі ойыңызды білсек…

– Қазақ халқының қонақжай екенін бәрі біледі. Мәдениеті өте бай халық.

– Тіл үйрену үшін қанша уақыт кетеді?

– Оны кесіп айту қиын. Себебі, мен қазақ тілін меңгермей тұрып, өзбекше білетінмін. Сол себепті қазақ тілін үйрену аса қиын болған жоқ. Ешкім арнайы сабақ өткізген жоқ, өзім түрлі сөздіктер арқылы меңгеріп келемін. Тіл үйренуге деген қызығушылық болса, меніңше, әркім де үйреніп алары сөзсіз. Бұған, әрине, уақыт та жұмсалатыны белгілі. Сондай-ақ мамандығым тіл білімі саласы болған соң да, үйренуге тура келді. Ал Қазақстандағы халықтың тіл үйренуге уақыты аз. Күнделікті күйбен тіршілік дегендей… Олар қазақ тілін білмесе де, меңгеруге тырысулары қажет деп білемін. Қазақ тілінің болашағы – жастардың қолында. Жастар мемлекеттік тілге ерекше ден қойса, меніңше, тілдің алдағы жағдайы өте жақсы болар еді.

– Қазақ қоғамынан Америка жұртшылығына нені үлгі етуге болады?

– Қазақ халқынын бай мәдениетін үлгі етіп көрсетуге болады. Америкаға ғана емес, бүкіл дүниежүзіне паш етуге тұрарлық.

Әңгімелескен Ғанибет Ғалымбекұлы

(материал "Нұр Астана" газетінен  қысқартылып алынды)

http://nurastana.kz

Бөлісу: