25 Сәуір 2013, 06:53
Әлі де, жыл сайын «Ақтөбеге» ерекше сенім артып, «биыл енді Еурододаныңтоптық кезеңіне шығады» деп, үмітімізді үзбей келеміз. Биыл бірақ «Ақтөбеде» Самат жоқ...
Өйткені биыл жыл басында, яғни қаңтар айында Самат Түркияның бірінші лигасында өнер көрсететін «Резиспор» клубымен 1,5 жылдық келісім-шартқа отырды. Бұл клубта тағы бір жерлесіміз Давид Лория бар.
Түркияның суперлигасына шығуды мақсат тұтып отырған клуб қазақстандықтәжірбиелі ойыншыларға да арқа сүйеп отыр. Осылай, Самат қазір «Резиспордың» негізгі құрамында өнер көрсетіп жүр.
Самат өзінің отандық басылымдарға берген сұхбатында: «Қазақстанда жеңіп алуға болатын барлық жүлдені иелендім, енді өзімді басқа чемпионатта сынап көргім келеді» деген болатын.
Ұлттық құрамада
2000 жылы 31 наурызда Иордания құрамасына қарсы өзінің алғашқы ойынынөткізген болатын. 2000 жылғы Олимпиада ойындарының електік турниріндеҚазақстан құрамасының сапында өнер көрсетті.
Ұлттық құрамадағы алғашқы және жалғыз добын 2007 жылдың қыркүйегінде Белгия құрамасына соқты. Қазақстан ұлттық құрамасының сапында 59 ойынөткізіп, бір доп соқты.
Қазақстан құрамасында ең көп ойын өткізген ойыншыларымыздың бірі. Бұл жағынан Руслан Балтиевтан кейінгі екінші орында.
Бернд Шторк ұлттық құрама тізгінін ұстаған кездері ел намысын қорғай алмады. Кейіннен Мирослов Беранек келген соң ұлттық құрамаға қайта шақырылып, Беларусь футболшыларына қарсы ойнады.
Содан кейін Германия және Әзербайжан құрамаларымен болған матчтарда ел намысын қорғап, сәл кейінірек өзінің ұлттық құрамамен қоштасатындығын айтты. Жастарға жол беріп, тек клубтық деңгейде ғана доп тепкісі келетінін мәлімдеген болатын.
Жетістіктері
Қазақстанның ең үздік ойыншысы: 2003, 2004, 2005, 2007, 2008, 2009 жылдар.
2006 жылы Қазақстан құрамасының қақпашысы Давид Лория мен капитаны Нұрбол Жұмасқалиевтен кейінгі үшінші орынға орналасты.
Қазақстан футбол федерациясының тұжырымы бойынша үш рет еліміздің еңүздік ойыншысы атанды (2004, 2007, 2008 жж.)
«ГОЛ» газетінің тұжырымы бойынша үш мәрте Қазақстанның ең үздік футболшысы атанған (2004, 2007, 2008 жж.)
«ПРОспорт Казахстан» газетінің тұжырымы бойынша екі рет Қазақстанның еңүздік ойыншысы болды (2007, 2008 жж.)
«Караван» газетінің тұжырымы бойынша 2007 жылы Қазақстанның ең үздік футболшысы атанды.
Қазақстан чемпионы: 1998, 1999, 2004, 2007, 2008, 2009 жж.
Қазақстанның күміс жүлдегері: 2003 ж.
Қазақстанның қола жүлдегері: 2002, 2005 жж.
Қазақстан кубогының иегері: 2002, 2008 жж.
Қазақстан кубогының финалисі: 2004, 2005 жж.
Қазақстан Суперкубогының иегері: 2008, 2010 жж.
Достастық Кубогының күміс жүлдегері: 2009, 2010 ж