Қайрат Кәмілұлы Отабаев

25 Сәуір 2013, 06:39

  Бүгін Қайрат Кәмілұлы Отабаев туралы қалам тартпақпыз. Ол Қазақстанға көрші өзбек топырағынан келген – қазақ футболшысы. Қазақ футболының дамуына өз үлесін қосқан ойыншы. Екі елдің ұлттық құрамасының сапында ойнаған - қазақ. Өмірлерін теңбіл доппен ұштастырған спортшыларымыз жайлы жаза бастаған,«100 жылдыққа – 100 футболшы» атты бастамамызды одан әрі жалғастырамыз. Аяқдоп өнеріндегі «сүт» бетіне шыққан «қаймақтарымызды» елге тағы да жақынырақ таныстырып, жасыл алаңдағы іздеріне көз жүгіртіп өткеніміз, артықболмас. Бүгін Қайрат Кәмілұлы Отабаев туралы қалам тартпақпыз. Қайрат 1980 жылы 16 шілде күні Өзбекстанда, Ташкент қаласында дүниеге келген. Ол Қазақстанға көрші өзбек топырағынан келген – қазақ футболшысы. Қазақфутболының дамуына өз үлесін қосқан ойыншы. Клубтық карьерасы 20 жасында өзбек халқының әйгілі командасының, яғни «Пахтакор» клубыныңсапына қабылданады. 2000-2003 жылдары «Пахтакордың» қатарында өзініңжастыққа тән жалынымен жарқын ойын үлгісін көрсете білген. «Пахтакордың» қорғанысының берік болуына ықпал етіп, шүмектетіп тер төккен. Жалпы, «Пахтакор» сапында 72 ойын өткізіп, 2 гол соққан. 2003 жылы тарихи отанына оралып, енді қазақтың мақтанышы «Қайрат» клубымен келісім-шартқа отырады. Қайрат осылайша «Қайраттың» сапында үш маусым өнер көрсетті. 2004 жылы «Қайрат» төл чемпионатынымызда екінші рет топ жарып, бас жүлдеге қол жеткізген болатын. Сол чемпиондық атаққа команда капитаны Саматпен бірге Қайраттың да қосқан үлесі зор. Қайрат 2003-2006 жылдары барлығы 78 рет алаңға шығып, бір рет теңбіл доптықақпа торында тулатқан. «Қайрат» клубының күй-жағдайы күрт нашарлап, ойыншылары басқа командаларға ауыса бастағанда, Қайрат та осындай шешімге келеді. БірақҚайраттың таңдауы басқа қала емес, әсем қала Алматы болды. Алатау бөктеріндегі қаламыздың «Алма-Ата» деп аталатын клубына ауысады. Бұл команда негізінен әкімдікке қол жайған ұжым емес, өз алдына дербес клуб болатын. Қайрат бұл команданың сапында небәрі 15 ойын өткізеді. 2008 жылы премьер-лигаға келген тағы бір Алматының командадасыныңқұрамын толықтырады. Ол «Мегаспорт» клубы болатын. Сол маусымда Қайрат 25 ойын өткізіп, бір гол соғады. 2009 жылы Өзбекстанға қайта оралады. Бұл жолы Қайратты шақырған «Пахтакор» емес, «Андижан» командасы болатын. Бірақ «Андижанда» соншалықты жолы бола қоймайды. 2010жылы өзін қазаққа таныстырған «Қайрат» клубына қайта оралады. «Ат айналып қазығын табар» деген осы болар. «Қайраттың» құрамында 14 ойын ғанаөткізеді. 2011 жылы Алматыдан Қарағандыға ойысып, «Шахтермен» келісім-шартқа отырады. Кеншілер клубының сапында «Шахтердің» жейдесін киіп, жасыл алаңға 28 рет шығады. Әрі кеншілер клубымен Қайрат өзінің Қазақстандағы екінші чемпиондық атағынақол жеткізеді. Өкінішке қарай, маусым аяқталған соң «Шахтер» клубыныңбасшылары Қайратпен келісім-шартты әрі қарай ұзартпайды. Содан 2012 жылы ол Керекудің «Ертісіне» ауысады. Талғат Байсуфинов баптайтын команданың көрермендерді қызықтыратын ойын өрнегін көрсеткенін білеміз. Осындай команданың өрнекті ойын үлгісін көрсетуіне жасыл алаңға тұрақы түрде шығып тұрған Қайраттың қосқан үлесі зор. Қайрат осылай 12 жыл бойы аса жоғары деңгейде өнер көрсетіп, биыл денсаулығына байланысты футболшылық карьерасын аяқтауға мәжбүр болды. Жат жерде дүниеге келсе де, жүрегі «қазағым, атажұртым» деп соққан Қайраттыңқазақ футболына қосқан өзіндік қолтаңбасы мақтауға тұрарлық-ақ. Ұлттық құрамада 2002 жылы Өзбекстан құрамасы сапында бір ойын өткізген. Кейіннен еліміздіңазаматтығын алып, 2005 жылы Қазақстан ұлттық құрамасының құрамында алғашқы кездесуін өткізді. Бұл Қазақстан ұлттық құрамасының Германияда өтетін әлем чемпионатыныңелектік додасы аясындағы соңғы ойыны еді. Қарсыласымыз Дания футболшылар болған. Ұлттық құраманың сол кездегі бас бапкер Сергей Тимофеев Қайратты Даниямен додаға түскенде алаңға шығарған болатын. Жалпы, Қайрат 2005-2007 жылдар аралығында Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 10 ойын өткізді. Голланд маманы Арно Пайперс сенім артқан футболшылардың бірі болды. Жетістіктері Өзбекстан чемпионы: 2002 жыл Өзбекстан кубогының иегері: 2001, 2002 жж. Қазақстан чемпионы:  2004, 2011 жж. Қазақстан кубогының иегері: 2003 ж. Клубтық карьерасы 2000-2003 жылдар:  «Пахтакор» – 72 ойын (2 гол) 2003-2006 жылдар:  «Қайрат»      – 78 (1) 2007 жыл:                   «Алма-Ата» – 15 (0) 2008 жыл:                   «Мегаспорт» – 25 (1) 2010 жыл:                   «Қайрат»      – 4 (0) 2011 жыл:                   «Шахтер»              – 28 (1) 2012жыл:                     «Ертіс»                 – 16 (0) Ұлттық құрамада 2002 жыл:                    Өзбекстан    – 1 (0) 2005-2007 жылдар:     Қазақстан    – 10 (0)   Бек Төлеуов, «Sport» газеті  

 

Бүгін Қайрат Кәмілұлы Отабаев туралы қалам тартпақпыз. Ол Қазақстанға көрші өзбек топырағынан келген – қазақ футболшысы. Қазақ футболының дамуына өз үлесін қосқан ойыншы. Екі елдің ұлттық құрамасының сапында ойнаған - қазақ.

Өмірлерін теңбіл доппен ұштастырған спортшыларымыз жайлы жаза бастаған,«100 жылдыққа – 100 футболшы» атты бастамамызды одан әрі жалғастырамыз.

Аяқдоп өнеріндегі «сүт» бетіне шыққан «қаймақтарымызды» елге тағы да жақынырақ таныстырып, жасыл алаңдағы іздеріне көз жүгіртіп өткеніміз, артықболмас.

Бүгін Қайрат Кәмілұлы Отабаев туралы қалам тартпақпыз. Қайрат 1980 жылы 16 шілде күні Өзбекстанда, Ташкент қаласында дүниеге келген.

Ол Қазақстанға көрші өзбек топырағынан келген – қазақ футболшысы. Қазақфутболының дамуына өз үлесін қосқан ойыншы.

Клубтық карьерасы

20 жасында өзбек халқының әйгілі командасының, яғни «Пахтакор» клубыныңсапына қабылданады. 2000-2003 жылдары «Пахтакордың» қатарында өзініңжастыққа тән жалынымен жарқын ойын үлгісін көрсете білген.

«Пахтакордың» қорғанысының берік болуына ықпал етіп, шүмектетіп тер төккен. Жалпы, «Пахтакор» сапында 72 ойын өткізіп, 2 гол соққан.

2003 жылы тарихи отанына оралып, енді қазақтың мақтанышы «Қайрат» клубымен келісім-шартқа отырады. Қайрат осылайша «Қайраттың» сапында үш маусым өнер көрсетті.

2004 жылы «Қайрат» төл чемпионатынымызда екінші рет топ жарып, бас жүлдеге қол жеткізген болатын. Сол чемпиондық атаққа команда капитаны Саматпен бірге Қайраттың да қосқан үлесі зор.

Қайрат 2003-2006 жылдары барлығы 78 рет алаңға шығып, бір рет теңбіл доптықақпа торында тулатқан.

«Қайрат» клубының күй-жағдайы күрт нашарлап, ойыншылары басқа командаларға ауыса бастағанда, Қайрат та осындай шешімге келеді. БірақҚайраттың таңдауы басқа қала емес, әсем қала Алматы болды.

Алатау бөктеріндегі қаламыздың «Алма-Ата» деп аталатын клубына ауысады. Бұл команда негізінен әкімдікке қол жайған ұжым емес, өз алдына дербес клуб болатын. Қайрат бұл команданың сапында небәрі 15 ойын өткізеді.

2008 жылы премьер-лигаға келген тағы бір Алматының командадасыныңқұрамын толықтырады. Ол «Мегаспорт» клубы болатын. Сол маусымда Қайрат 25 ойын өткізіп, бір гол соғады.

2009 жылы Өзбекстанға қайта оралады. Бұл жолы Қайратты шақырған «Пахтакор» емес, «Андижан» командасы болатын. Бірақ «Андижанда» соншалықты жолы бола қоймайды.

2010жылы өзін қазаққа таныстырған «Қайрат» клубына қайта оралады. «Ат айналып қазығын табар» деген осы болар. «Қайраттың» құрамында 14 ойын ғанаөткізеді.

2011 жылы Алматыдан Қарағандыға ойысып, «Шахтермен» келісім-шартқа отырады. Кеншілер клубының сапында «Шахтердің» жейдесін киіп, жасыл алаңға 28 рет шығады.

Әрі кеншілер клубымен Қайрат өзінің Қазақстандағы екінші чемпиондық атағынақол жеткізеді. Өкінішке қарай, маусым аяқталған соң «Шахтер» клубыныңбасшылары Қайратпен келісім-шартты әрі қарай ұзартпайды.

Содан 2012 жылы ол Керекудің «Ертісіне» ауысады. Талғат Байсуфинов баптайтын команданың көрермендерді қызықтыратын ойын өрнегін көрсеткенін білеміз.

Осындай команданың өрнекті ойын үлгісін көрсетуіне жасыл алаңға тұрақы түрде шығып тұрған Қайраттың қосқан үлесі зор.

Қайрат осылай 12 жыл бойы аса жоғары деңгейде өнер көрсетіп, биыл денсаулығына байланысты футболшылық карьерасын аяқтауға мәжбүр болды.

Жат жерде дүниеге келсе де, жүрегі «қазағым, атажұртым» деп соққан Қайраттыңқазақ футболына қосқан өзіндік қолтаңбасы мақтауға тұрарлық-ақ.

Ұлттық құрамада

2002 жылы Өзбекстан құрамасы сапында бір ойын өткізген. Кейіннен еліміздіңазаматтығын алып, 2005 жылы Қазақстан ұлттық құрамасының құрамында алғашқы кездесуін өткізді.

Бұл Қазақстан ұлттық құрамасының Германияда өтетін әлем чемпионатыныңелектік додасы аясындағы соңғы ойыны еді. Қарсыласымыз Дания футболшылар болған.

Ұлттық құраманың сол кездегі бас бапкер Сергей Тимофеев Қайратты Даниямен додаға түскенде алаңға шығарған болатын.

Жалпы, Қайрат 2005-2007 жылдар аралығында Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 10 ойын өткізді. Голланд маманы Арно Пайперс сенім артқан футболшылардың бірі болды.

Жетістіктері

Өзбекстан чемпионы: 2002 жыл

Өзбекстан кубогының иегері: 2001, 2002 жж.

Қазақстан чемпионы:  2004, 2011 жж.

Қазақстан кубогының иегері: 2003 ж.

Клубтық карьерасы

2000-2003 жылдар:  «Пахтакор» – 72 ойын (2 гол)

2003-2006 жылдар:  «Қайрат»      – 78 (1)

2007 жыл:                   «Алма-Ата» – 15 (0)

2008 жыл:                   «Мегаспорт» – 25 (1)

2010 жыл:                   «Қайрат»      – 4 (0)

2011 жыл:                   «Шахтер»              – 28 (1)

2012жыл:                     «Ертіс»                 – 16 (0)

Ұлттық құрамада

2002 жыл:                    Өзбекстан    – 1 (0)

2005-2007 жылдар:     Қазақстан    – 10 (0)

 

Бек Төлеуов, «Sport» газеті

 

Бөлісу: