Мәжіліс: Елімізге тиімді заңдар қажет

25 Сәуір 2013, 03:54

Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаттары аймақтарға шықты. Халық қалаулыларының басты мақсаты – қабылданған заңдардың жергілікті жерде қалай орындалып жатқанын, қала, ауыл тұрғындарын қандай мәселелер толғандырып жүргенін білу және өздерінің заң шығармашылық қызметтері туралы жеткізу. Маңғыстау облысына келген Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин, Жаңаөзен қаласындағы «Өзенмұнайгаз» кәсіпорнының еңбек ұжымымен кездесті.  Жұмысшылармен жүздесу жер асты қондырғыларын жөндеу және диагностикалау бойынша жаңа цехта өтті.  Оны іске қосу кәсіпорынның экологиялық және өндірістік қауіпсіздігін нығайтуға, сонымен қатар, жаңа қондырғыларды сатып алуға кететін шығындарды айтарлықтай үнемдеуге жол ашады.  Сондай-ақ, 300-ден астам адамды еңбекпен қамтуға мүмкіндік береді.  Нұрлан Нығматулин қазіргі уақытта мәжілісмендер қолға алып жатқан маңызды заң жобалары туралы баяндады. Әсіресе, жер қойнауын пайдалану саласы бойынша қазақстандық заңнамаларды жетілдіру тақырыбына ерекше назар аударылып, әлеуметтік-экономикалық мәселелер кеңінен талқыланды.  Кәсіподақ қозғалысын дамыту да маңызды. Сондықтан, Нұрлан Нығматулин, кәсіподақтар туралы Заң жобасы Мәжіліске түскен кезде, оның мұқият қаралатынын атап өтті.  Кәсіпорын қызметкерлері де Спикер алдында, Ақтау-Бейнеу жолын қайта құру, басқа да, аймаққа қатысты көптеген өзекті сауалдарды алға тартты.  Кездесуді қорытындылай келе, Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин: «Денсаулық, білім мәселелері, сонымен бірге, зейнетақы реформасының сұрақтары бүгінгі кездесулерде ерекше назарда болды. Бұл қазіргі уақытта біздің Парламент Мәжілісі жұмысының да басым бағыттарының бірі болып табылады. Сондықтан, осылай халықпен тікелей кездесіп, ой-пікірлерін білу - біздің әрбір азаматтың, әрбір аймақтың өміріне қатысты сапалы заңдар шығаруымызға ықпал ететіні сөзсіз»,-деді.  Мәжіліс Төрағасымен кездесу үшін облыстық қан орталығына келген денсаулық сақтау саласы өкілдері көбінесе, әлеуметтік маңызы зор сауалдарды алға тартты.  Мәселен, жоғары оқу орындарын оңтайландыру. Бұл мәселеге келгенде Нұрлан Нығматулин: «Жоғары оқу орындарын оңтайландыру бүгінгі басты қажеттіліктің бірі. Өйткені, қазір оқу орындары дипломды «майға құймақ пісіргендей, жасап жатыр»,- деп ащы да болса ақиқатын айтты.  Зейнетақымен қамсыздандыру жайы да назардан тыс қалған жоқ. Нұрлан Нығматулин, алда болуы мүмкін өзгерістер туралы жалпы тоқтала келіп, біз келешегімізді ойласақ, бұл мәселеде болашағы болжанған, түбегейлі ойланып барып жасалған қаржылық-экономикалық саясат керек. Сондықтан, бұл сұрақтың барлық жағдайы, қыры мен сыры кешенді түрде қаралатын болады,- деді.  Елімізде болып жатқан маңызды жаңалықтарды жеткізіп, халықтың ой-пікірін білу үшін Мәжіліс өкілдері өздерінің аймақтарға сапары барысында облыстан шалғайда жатқан елді мекендерге де жетуді межелеп отыр.     Bnews.kz, 06.04.2013 ж.

Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаттары аймақтарға шықты. Халық қалаулыларының басты мақсаты – қабылданған заңдардың жергілікті жерде қалай орындалып жатқанын, қала, ауыл тұрғындарын қандай мәселелер толғандырып жүргенін білу және өздерінің заң шығармашылық қызметтері туралы жеткізу.

Маңғыстау облысына келген Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин, Жаңаөзен қаласындағы «Өзенмұнайгаз» кәсіпорнының еңбек ұжымымен кездесті. 

Жұмысшылармен жүздесу жер асты қондырғыларын жөндеу және диагностикалау бойынша жаңа цехта өтті. 

Оны іске қосу кәсіпорынның экологиялық және өндірістік қауіпсіздігін нығайтуға, сонымен қатар, жаңа қондырғыларды сатып алуға кететін шығындарды айтарлықтай үнемдеуге жол ашады. 

Сондай-ақ, 300-ден астам адамды еңбекпен қамтуға мүмкіндік береді. 

Нұрлан Нығматулин қазіргі уақытта мәжілісмендер қолға алып жатқан маңызды заң жобалары туралы баяндады. Әсіресе, жер қойнауын пайдалану саласы бойынша қазақстандық заңнамаларды жетілдіру тақырыбына ерекше назар аударылып, әлеуметтік-экономикалық мәселелер кеңінен талқыланды. 

Кәсіподақ қозғалысын дамыту да маңызды. Сондықтан, Нұрлан Нығматулин, кәсіподақтар туралы Заң жобасы Мәжіліске түскен кезде, оның мұқият қаралатынын атап өтті. 

Кәсіпорын қызметкерлері де Спикер алдында, Ақтау-Бейнеу жолын қайта құру, басқа да, аймаққа қатысты көптеген өзекті сауалдарды алға тартты. 

Кездесуді қорытындылай келе, Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин: «Денсаулық, білім мәселелері, сонымен бірге, зейнетақы реформасының сұрақтары бүгінгі кездесулерде ерекше назарда болды. Бұл қазіргі уақытта біздің Парламент Мәжілісі жұмысының да басым бағыттарының бірі болып табылады. Сондықтан, осылай халықпен тікелей кездесіп, ой-пікірлерін білу - біздің әрбір азаматтың, әрбір аймақтың өміріне қатысты сапалы заңдар шығаруымызға ықпал ететіні сөзсіз»,-деді. 

Мәжіліс Төрағасымен кездесу үшін облыстық қан орталығына келген денсаулық сақтау саласы өкілдері көбінесе, әлеуметтік маңызы зор сауалдарды алға тартты. 

Мәселен, жоғары оқу орындарын оңтайландыру. Бұл мәселеге келгенде Нұрлан Нығматулин: «Жоғары оқу орындарын оңтайландыру бүгінгі басты қажеттіліктің бірі. Өйткені, қазір оқу орындары дипломды «майға құймақ пісіргендей, жасап жатыр»,- деп ащы да болса ақиқатын айтты. 

Зейнетақымен қамсыздандыру жайы да назардан тыс қалған жоқ. Нұрлан Нығматулин, алда болуы мүмкін өзгерістер туралы жалпы тоқтала келіп, біз келешегімізді ойласақ, бұл мәселеде болашағы болжанған, түбегейлі ойланып барып жасалған қаржылық-экономикалық саясат керек. Сондықтан, бұл сұрақтың барлық жағдайы, қыры мен сыры кешенді түрде қаралатын болады,- деді. 

Елімізде болып жатқан маңызды жаңалықтарды жеткізіп, халықтың ой-пікірін білу үшін Мәжіліс өкілдері өздерінің аймақтарға сапары барысында облыстан шалғайда жатқан елді мекендерге де жетуді межелеп отыр.
 

 

Bnews.kz,

06.04.2013 ж.

Бөлісу: