ҚР Қорғаныс министрлігі әскери кафедраларда білім беру жүйесін жетілдірмек

25 Сәуір 2013, 03:38

Бүгін «Жас ұлан» республикалық мектебінде Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары, ҚР ҚК Бас штабының бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзақовтың төрағалық етуімен жоғары оқу орындарының әскери кафедраларында әскери кадрлар даярлау тұжырымдамасы бойынша кеңейтілген кеңес болып өтті. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.  Кеңестің жұмысына Білім және ғылым министрлігінің, Денсаулық сақтау министрлігінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері, жоғары оқу орындарының ректорлары, Қарулы Күштер түрлерінің бас қолбасшылары, Қорғаныс министрлігі мен Бас штабқа қарасты құрылымдық бөлімшелердің және әскери кафедралардың бастықтары қатысты. Жиында еліміздегі жоғары оқу орындарының жанындағы әскери кафедраларда кадрлар даярлау тұжырымдамасының жобасы талқыланды. Алқалы жиынды өткізудегі негізгі мақсат әскери кафедраларда әскери кадрлар даярлау жүйесінің жай-күйін талдау, тұжырымдама жобасын талқылау және әскери кадрларды даярлау сапасын толық жетілдіру үшін ұсынымдарды пысықтау болып табылады. Кеңесті кіріспе сөзбен ашқан Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары, ҚР ҚК Бас штабының бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзақов еліміз Қарулы Күштерін жетілдіру бойынша жүргізіліп жатқан үдерістерге кеңінен тоқталды. «Әскери кафедраларда студенттер даярлау жүйесі айтарлықтай өзгеріске түскен жоқ. Оқу бағдарламалары қазіргі заман талабына толықтай жауап бермейді. Әскери оқытылған резервті дайындау жүйесі түбегейлі өзгерістерді қажет етеді», – деді генерал-полковник С. Жасұзақов. ҚР ҚМ Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы генерал-майор Е. Оразов кеңеске қатысушылардың назарына әскери кафедраларда мамандар даярлау тұжырымдамасының жобасын ұсынды. Аталған жоба салалық министрліктер тарапынан мақұлданған жағдайда әскери кафедраларда білім беру жүйесі түбегейлі өзгеріске түсетін болады. Енді студенттер бірінші курстан бастап, соңғы курсқа дейін әскери білім ала алады. Бұл дегеніміз, студенттер қатардағы жас жауынгер курсынан бастап, взвод, рота командирлері буынына дейінгі лауазымдарға кезең-кезеңмен өтеді деген сөз. Ұсынылып отырған жаңа тұжырымдама жобасына сәйкес еліміздегі 25 әскери кафедрада тек запастағы офицерлер ғана дайындалмайды. Келешекте әскерімізді қажетті материалды-техникалық қамтамасыз ету мамандарымен осында білім алған офицерлер толықтыратын болады. Бұл өз кезегінде Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарында тек командалық лауазымдарға офицерлер дайындауға толық мүмкіндік береді. Кеңес қорытындысы бойынша оған қатысушылар бірауыздан тұжырымдама жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге келісті.   Bnews.kz, 27.03.2013 ж.  

Бүгін «Жас ұлан» республикалық мектебінде Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары, ҚР ҚК Бас штабының бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзақовтың төрағалық етуімен жоғары оқу орындарының әскери кафедраларында әскери кадрлар даярлау тұжырымдамасы бойынша кеңейтілген кеңес болып өтті. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды. 

Кеңестің жұмысына Білім және ғылым министрлігінің, Денсаулық сақтау министрлігінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері, жоғары оқу орындарының ректорлары, Қарулы Күштер түрлерінің бас қолбасшылары, Қорғаныс министрлігі мен Бас штабқа қарасты құрылымдық бөлімшелердің және әскери кафедралардың бастықтары қатысты. Жиында еліміздегі жоғары оқу орындарының жанындағы әскери кафедраларда кадрлар даярлау тұжырымдамасының жобасы талқыланды.

Алқалы жиынды өткізудегі негізгі мақсат әскери кафедраларда әскери кадрлар даярлау жүйесінің жай-күйін талдау, тұжырымдама жобасын талқылау және әскери кадрларды даярлау сапасын толық жетілдіру үшін ұсынымдарды пысықтау болып табылады.

Кеңесті кіріспе сөзбен ашқан Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары, ҚР ҚК Бас штабының бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзақов еліміз Қарулы Күштерін жетілдіру бойынша жүргізіліп жатқан үдерістерге кеңінен тоқталды.

«Әскери кафедраларда студенттер даярлау жүйесі айтарлықтай өзгеріске түскен жоқ. Оқу бағдарламалары қазіргі заман талабына толықтай жауап бермейді. Әскери оқытылған резервті дайындау жүйесі түбегейлі өзгерістерді қажет етеді», – деді генерал-полковник С. Жасұзақов.

ҚР ҚМ Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы генерал-майор Е. Оразов кеңеске қатысушылардың назарына әскери кафедраларда мамандар даярлау тұжырымдамасының жобасын ұсынды. Аталған жоба салалық министрліктер тарапынан мақұлданған жағдайда әскери кафедраларда білім беру жүйесі түбегейлі өзгеріске түсетін болады. Енді студенттер бірінші курстан бастап, соңғы курсқа дейін әскери білім ала алады. Бұл дегеніміз, студенттер қатардағы жас жауынгер курсынан бастап, взвод, рота командирлері буынына дейінгі лауазымдарға кезең-кезеңмен өтеді деген сөз.

Ұсынылып отырған жаңа тұжырымдама жобасына сәйкес еліміздегі 25 әскери кафедрада тек запастағы офицерлер ғана дайындалмайды. Келешекте әскерімізді қажетті материалды-техникалық қамтамасыз ету мамандарымен осында білім алған офицерлер толықтыратын болады. Бұл өз кезегінде Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарында тек командалық лауазымдарға офицерлер дайындауға толық мүмкіндік береді. Кеңес қорытындысы бойынша оған қатысушылар бірауыздан тұжырымдама жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге келісті.

 

Bnews.kz,

27.03.2013 ж.

 

Бөлісу: