Саламатты Қазақстан: Денсаулық отбасынан басталады

24 Сәуір 2013, 12:29

Қызылорда облысы тұрғындарының денсаулығының нашарлауына отбасыларында қалыптасқан жаман әдеттер ықпал етеді. Бұл туралы BNews.kz тілшісіне облыстық Салауатты өмір салты орталығының директоры Қайрат Мырзахметов хабарлады. «Біз «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының міндеттеріне сәйкес, 2017 жылға қарай қазақстандықтардың орташа өмір сүру жасын 68-70-ке жеткізуге тырысамыз, - деді ол. – Бірақ бұл үшін денсаулықтың отбасынан басталатынын жадымызда сақтауымыз керек. Біз дұрыс тамақтану керек, көп қозғалу керек деп жиі айтамыз, дегенмен қызылордалық отбасылар дұрыс тамақтанбайды. Адамдардың көбі майлы тамақ жейді, түнде тамақтанады әрі таңғы астарын ішпейді. Жасөспірімдер арасында асқазан ауруы бірінші орында тұр. Және олар бұл ауруға мектеп асханаларында шалдықпайды». «Қазіргі таңда халықты дұрыс тамақтануға үйрету қажет», - деді Мырзахметов. – Яғни, пайдалы тамақты уақытында ішуге дағдылау керек. Осы мәселелерді халық арасына әлеуметтік жарнамалар арқылы жеткізуді көздеп отырмыз. Әр адамға "Дені сау отбасы – бақытты отбасы" деген ұғымды жеткізуіміз керек».    BNews.kz 01.03.2013

Қызылорда облысы тұрғындарының денсаулығының нашарлауына отбасыларында қалыптасқан жаман әдеттер ықпал етеді. Бұл туралы BNews.kz тілшісіне облыстық Салауатты өмір салты орталығының директоры Қайрат Мырзахметов хабарлады.

«Біз «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының міндеттеріне сәйкес, 2017 жылға қарай қазақстандықтардың орташа өмір сүру жасын 68-70-ке жеткізуге тырысамыз, - деді ол. – Бірақ бұл үшін денсаулықтың отбасынан басталатынын жадымызда сақтауымыз керек. Біз дұрыс тамақтану керек, көп қозғалу керек деп жиі айтамыз, дегенмен қызылордалық отбасылар дұрыс тамақтанбайды. Адамдардың көбі майлы тамақ жейді, түнде тамақтанады әрі таңғы астарын ішпейді. Жасөспірімдер арасында асқазан ауруы бірінші орында тұр. Және олар бұл ауруға мектеп асханаларында шалдықпайды».

«Қазіргі таңда халықты дұрыс тамақтануға үйрету қажет», - деді Мырзахметов. – Яғни, пайдалы тамақты уақытында ішуге дағдылау керек. Осы мәселелерді халық арасына әлеуметтік жарнамалар арқылы жеткізуді көздеп отырмыз. Әр адамға "Дені сау отбасы – бақытты отбасы" деген ұғымды жеткізуіміз керек». 

 

BNews.kz

01.03.2013

Бөлісу: