Ерболат Досаев «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ ұжымымен «Қазақстан 2050» ст

24 Сәуір 2013, 12:21

Павлодар облысында ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев ENRC құрамына кіретін «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ жұмыскерлерімен кездесу өткізіп, ұжыммен «Қазақстан 2050» стратегиясын талқылады, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі. Елбасының Казақстан халқына Жолдауын түсіндіру жөніндегі республикалық ақпарат-насихаттау тобының (АТТ) басшысы өндірістің еңбек ұжымымен кездесті.  «Зауыттың құю цехында өткен жиналысқа облысы әкімі Ерлан Арын мен зауыт басшылығы қатысты. Ерболат Досаев зауыт жұмыскерлері алдында сөз сөйлей отырып, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауының негізгі басымдығына ерекше көңіл аударды. «Елбасы біздің алдымызға жаңа мақсат қойды – 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына ену басты меже. Әлемдік нарықта сұранысқа ие болған өнімдер шығаратын Қазақстан электролиз зауыты сияқты ірі кәсіпорындардың осы мақсатқа жету жолында қосатын үлесі зор», - деп атап өтті ЭБЖМ басшысы.  «Бүгінде ҚЭЗ-де шығарылған өнімнің 99%-дан астамы экспортқа шығарылады, сонымен Қазақстанның экспорттық әлеуетін көтеріп келеді. 2009 жылы алюминийдің жоғары сапасы Лондон металл биржасында тіркелді. Осы оқиға ҚЭЗ өнімдерінің халықаралық стандартта мойындалуының айғағы болып, алғашқы алюминийді ЛМБ қоймаларына биржа бағасы бойынша жеткізіп тұруға мүмкіндік туғызды», - делінген хабарламада. 2010 жылы ҚЭЗ толық күшіне еніп, жылына 250 мың тонна алюминий өндіріп келеді. Бүгінде зауыт барлық халықаралық экологиялық талаптарға лайықты, ең жоғары технологиялық өндірістердің бірі. Мұнда алдын ала күйдірілген аноттар қолданылуымен ең заманауи және экологиялық қауіпсіз технология қолданылады. Осы мақсатта кәсіпорында жоғары амперлі электролизерлер пайдаланылады. Ағымдағы жылы ҚЭЗ-де анод зауытын іске қосу жоспарланып отыр. Республикамыздағы қуаттылығы жылына 136 мың тонна күйдірілген анод өндірісі ҚР Индустрияландыру картасына және ENRC инвестициялық бағдарламасына енеді. Жаңа кәсіпорын ҚЭЗ-ді жеткізушілердің кіріптарлығын төмендетіп, Қазақстандық үлесті арттыра отырып, алюминий өндірісін жеткілікті мөлшерде анодпен қамтамасыз ететін болады. Жобанық құны 240 миллион АҚШ долларын құрады.   BNews.kz 27.02.2013

Павлодар облысында ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев ENRC құрамына кіретін «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ жұмыскерлерімен кездесу өткізіп, ұжыммен «Қазақстан 2050» стратегиясын талқылады, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Елбасының Казақстан халқына Жолдауын түсіндіру жөніндегі республикалық ақпарат-насихаттау тобының (АТТ) басшысы өндірістің еңбек ұжымымен кездесті. 

«Зауыттың құю цехында өткен жиналысқа облысы әкімі Ерлан Арын мен зауыт басшылығы қатысты. Ерболат Досаев зауыт жұмыскерлері алдында сөз сөйлей отырып, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауының негізгі басымдығына ерекше көңіл аударды.

«Елбасы біздің алдымызға жаңа мақсат қойды – 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына ену басты меже. Әлемдік нарықта сұранысқа ие болған өнімдер шығаратын Қазақстан электролиз зауыты сияқты ірі кәсіпорындардың осы мақсатқа жету жолында қосатын үлесі зор», - деп атап өтті ЭБЖМ басшысы. 

«Бүгінде ҚЭЗ-де шығарылған өнімнің 99%-дан астамы экспортқа шығарылады, сонымен Қазақстанның экспорттық әлеуетін көтеріп келеді. 2009 жылы алюминийдің жоғары сапасы Лондон металл биржасында тіркелді. Осы оқиға ҚЭЗ өнімдерінің халықаралық стандартта мойындалуының айғағы болып, алғашқы алюминийді ЛМБ қоймаларына биржа бағасы бойынша жеткізіп тұруға мүмкіндік туғызды», - делінген хабарламада.

2010 жылы ҚЭЗ толық күшіне еніп, жылына 250 мың тонна алюминий өндіріп келеді. Бүгінде зауыт барлық халықаралық экологиялық талаптарға лайықты, ең жоғары технологиялық өндірістердің бірі. Мұнда алдын ала күйдірілген аноттар қолданылуымен ең заманауи және экологиялық қауіпсіз технология қолданылады. Осы мақсатта кәсіпорында жоғары амперлі электролизерлер пайдаланылады.

Ағымдағы жылы ҚЭЗ-де анод зауытын іске қосу жоспарланып отыр. Республикамыздағы қуаттылығы жылына 136 мың тонна күйдірілген анод өндірісі ҚР Индустрияландыру картасына және ENRC инвестициялық бағдарламасына енеді. Жаңа кәсіпорын ҚЭЗ-ді жеткізушілердің кіріптарлығын төмендетіп, Қазақстандық үлесті арттыра отырып, алюминий өндірісін жеткілікті мөлшерде анодпен қамтамасыз ететін болады. Жобанық құны 240 миллион АҚШ долларын құрады.

 

BNews.kz

27.02.2013

Бөлісу: