Білім жүйесін жаңғыртуда отандық оқулықтардың сапасын арттыру маңызды – «Оқулық» о

24 Сәуір 2013, 12:13

Еліміздің білім жүйесін жаңғыртуда отандық оқулықтардың сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру аса маңызды.BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында ҚР Білім және ғылым министрлігінің республикалық «Оқулық» ғылыми-тәжірибелік орталығының директоры Бейбіткүл Кәрімова осындай пікір білдірді. «Бүгінде білім беру үрдісін оқу-әдістемелік қамтамасыз етудің сапасын арттырып, мазмұнын жетілдіру басты міндеттердің бірі болып отыр. Бұл орайда оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер маңызды рөл атқарады. Соңғы жылдарда бұл салада «Оқулық» ғылыми-тәжірибелік орталығы жоспарлы жұмыс жүргізіп келеді», - деді республикалық «Оқулық» ғылыми-тәжірибелік орталығының директоры Бейбіткүл Кәрімова. Оның айтуынша, ең алдымен оқулықтар жасап, басып шығарудың нормативтік құқықтық базасы жүйелі түрде жетілдіріліп келеді. Оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарды дайындау, сараптамадан өткізу, сынақтан өткізу мен мониторинг жүргізіп, басып шығарудың жаңа тәртібі бекітілген. «Бұл ережелер жаңа «Білім туралы» заңға сәйкес жасалды. Оған сай ішкі сараптамалық жұмыстардың сапасын арттыруға бағытталған көптеген құжаттар әзірленді. Жаңа ереженің 2010 жылғы тәртіптен өзгешелігі, бірінші кезекте оқулықтарды апробациялау мен мониторинг жасау енгізілді. Осы күнге дейін 12 жылдық мектепке арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарға ғана апробация жасалатын. 11 жылдық мектеп пен өзге білім беру деңгейлері үшін ол жасалмады. Осылайша, оқулықтардың сапасын бағалаудың жаңа тәртібі бекітіліп отыр. Енді оқулықтар екі кезеңнен тұратын сараптама мен міндетті түрде апробациядан өткізіледі», - деп атап өтті Бейбіткүл Кәрімова. Осы жаңашылдықтың енгізілуіне байланысты қайта құрылған республикалық комиссияның қызмет аясы кеңейтілді. Ол енді тек сараптама қорытындысын ғана емес, жаңа оқулықтардың білім мекемелерінде сынақтан өткізілуін де қарастырады. Мұнымен қатар сапалы оқулықтарды әзірлеуді жетілдіру бойынша өз ұсыныстарын дайындауы тиіс. «Жаңа тәртіпке сай, қазір ағылшын тілінің оқулықтары сынақтан өткізіліп жатыр. Келесі оқу жылынан бастап республиканың барлық жалпы білім беретін мектептерінде бірінші сыныптан ағылшын тілі оқытыла бастайтыны белгілі. Өткен жылы министрлік ұсынған оқулықтардың тізіміне «Cambridge University Press» баспасының кітаптары енгізілді. Қазір олар 87 мектепте сынақтан өткізіліп жатыр», - деді орталық директоры. Тағы бір маңызды жайт, бүгінде 12 жылдық білім жүйесін енгізуге дайындық жүріп жатыр. Жаңа білім стандарттары әзірленуде. «Осыған байланысты 12 жылдық мектептер үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар әзірлеу мәселесі өзекті. Білім және ғылым министрінің айтуынша, оқулықтарды функционалдық сауаттылықтың дамуын ескере отырып, кезең-кезеңімен ауыстыру керек. Бұл үшін авторларды, әдіскерлерді, баспаларды, сараптама мен сынақтан өткізу жүйесін жаңаша дайындау қажет. Тек осы негізде ғана жаңа форматтағы оқулықтарды әзірлеуді ұйымдастыру мүмкін болады», - деп толықтырды Бейбіткүл Кәрімова. Қазіргі уақытта шетел баспаларымен бірге жаратылыстану-математика циклінің оқулықтарын әзірлеу бойынша бірлескен авторлық ұжымдар құрылып жатыр. Айымгүл Әбілева BNews.kz 22.02.2013

Еліміздің білім жүйесін жаңғыртуда отандық оқулықтардың сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру аса маңызды.BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында ҚР Білім және ғылым министрлігінің республикалық «Оқулық» ғылыми-тәжірибелік орталығының директоры Бейбіткүл Кәрімова осындай пікір білдірді.

«Бүгінде білім беру үрдісін оқу-әдістемелік қамтамасыз етудің сапасын арттырып, мазмұнын жетілдіру басты міндеттердің бірі болып отыр. Бұл орайда оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер маңызды рөл атқарады. Соңғы жылдарда бұл салада «Оқулық» ғылыми-тәжірибелік орталығы жоспарлы жұмыс жүргізіп келеді», - деді республикалық «Оқулық» ғылыми-тәжірибелік орталығының директоры Бейбіткүл Кәрімова.

Оның айтуынша, ең алдымен оқулықтар жасап, басып шығарудың нормативтік құқықтық базасы жүйелі түрде жетілдіріліп келеді. Оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарды дайындау, сараптамадан өткізу, сынақтан өткізу мен мониторинг жүргізіп, басып шығарудың жаңа тәртібі бекітілген.

«Бұл ережелер жаңа «Білім туралы» заңға сәйкес жасалды. Оған сай ішкі сараптамалық жұмыстардың сапасын арттыруға бағытталған көптеген құжаттар әзірленді. Жаңа ереженің 2010 жылғы тәртіптен өзгешелігі, бірінші кезекте оқулықтарды апробациялау мен мониторинг жасау енгізілді. Осы күнге дейін 12 жылдық мектепке арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарға ғана апробация жасалатын. 11 жылдық мектеп пен өзге білім беру деңгейлері үшін ол жасалмады. Осылайша, оқулықтардың сапасын бағалаудың жаңа тәртібі бекітіліп отыр. Енді оқулықтар екі кезеңнен тұратын сараптама мен міндетті түрде апробациядан өткізіледі», - деп атап өтті Бейбіткүл Кәрімова.

Осы жаңашылдықтың енгізілуіне байланысты қайта құрылған республикалық комиссияның қызмет аясы кеңейтілді. Ол енді тек сараптама қорытындысын ғана емес, жаңа оқулықтардың білім мекемелерінде сынақтан өткізілуін де қарастырады. Мұнымен қатар сапалы оқулықтарды әзірлеуді жетілдіру бойынша өз ұсыныстарын дайындауы тиіс.

«Жаңа тәртіпке сай, қазір ағылшын тілінің оқулықтары сынақтан өткізіліп жатыр. Келесі оқу жылынан бастап республиканың барлық жалпы білім беретін мектептерінде бірінші сыныптан ағылшын тілі оқытыла бастайтыны белгілі. Өткен жылы министрлік ұсынған оқулықтардың тізіміне «Cambridge University Press» баспасының кітаптары енгізілді. Қазір олар 87 мектепте сынақтан өткізіліп жатыр», - деді орталық директоры.

Тағы бір маңызды жайт, бүгінде 12 жылдық білім жүйесін енгізуге дайындық жүріп жатыр. Жаңа білім стандарттары әзірленуде.

«Осыған байланысты 12 жылдық мектептер үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар әзірлеу мәселесі өзекті. Білім және ғылым министрінің айтуынша, оқулықтарды функционалдық сауаттылықтың дамуын ескере отырып, кезең-кезеңімен ауыстыру керек. Бұл үшін авторларды, әдіскерлерді, баспаларды, сараптама мен сынақтан өткізу жүйесін жаңаша дайындау қажет. Тек осы негізде ғана жаңа форматтағы оқулықтарды әзірлеуді ұйымдастыру мүмкін болады», - деп толықтырды Бейбіткүл Кәрімова.

Қазіргі уақытта шетел баспаларымен бірге жаратылыстану-математика циклінің оқулықтарын әзірлеу бойынша бірлескен авторлық ұжымдар құрылып жатыр.

Айымгүл Әбілева

BNews.kz

22.02.2013

Бөлісу: