24 Сәуір 2013, 11:54
Қарағанды облысында ІІД кадр қызметі мамандарының оқу-әдістемелік жиыны өтуде, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Б.Бейсенов атындағы ҚР ІІМ Қарағанды академиясында ішкі істер органдары кадр қызметінің тәрбие жұмыстары жөніндегі мамандары мен Қарағанды облысының кадр жұмыстары жөніндегі бастықтардың орынбасарларының қатысуымен жиын өтуде. Мамандар екі апта бойы ІІБ қызметкерлеріне патриоттық тәрбие беру, отансүйгіштікке баулу мәселелері туралы пікір бөлісіп, тәжірбие алмасады», деп хабарлады полициядан.
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан 2050» стратегиясы. Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында құқық қорғау органдарына реформа жасауды жалғастыру қажеттігін айтты. ІІМ жүйесіне реформаның қалай жүргізілетіні, кадр қызметінің жұмысы, полиция қызметкерлеріне патриоттық тәрбие беру мәселелері жөнінде баяндау үшін ҚР ІІМ кадр жұмысы департаментінің бөлім бастығы, полиция полковнигі Б.К.Каженов келді.
Кадр қызметі мамандарының оқу жиыны барысында дөңгелек үстел отырысы өтіп, Президент Жолауында көрсетілген міндеттерді іске асыру жолдары туралы айтылады. Кадр жұмыстары мамандарына жеке құраммен жұмыс жасауда діни экстремизмге бой алдырмау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселесіне назар аударып, тәртіпті күшейтуге жөнінде ұсыныстар беріледі.
Курстың қорытындысы бойынша, оған қатысушылар тиісті сертификат алады.
BNews.kz
20.02.2013