24 Сәуір 2013, 08:02
Ұлттық құрамада
Жамбыл – біздің елегі ұлттық құрамада ойнаған ең жас ойыншы. Ол 17 жас 4 ай 25 күн жас шамасында алғаш рет ұлттық құраманың жейдесін киіп, Иордониямен болған матчта ел намысын қорғады.
Жалпы, ұлттық құрама сапында 27 ойын өткізіп, 2 гол соқты. Бірінші голын азулы Англияға соқса, екіншісін Сириямен болған жолдастық кездесуде енгізген.
Командалық жетістіктері:
Бірінші лигадағы «Оңтүстік-Батыс» конференциясының қола жүлдегері: 2005 жыл («Железнодорожник»)
Қазақстан чемпионы : 2006 жыл («Астана-64»)
Қазақстан кубогының финалисі: 2006 жыл («Алма-Ата»)
Қазақстан кубогының финалисі: 2008 жыл («Локомотив»)
Қазақстанның вице-чемпионы: 2009 жыл («Локомотив»)
Қазақстан кубогының иегері: 2010 жыл («Локомотив»)
Қазақстан чемпионы: 2011, 2012 жылдар («Шахтер»)
Ұлттық құрама сапындағы жетістіктері:
Алма-ТВ кубогының иегері: 2007 жыл
Жеке жетістіктері:
Жылдың жаңа есімі: 2008 жыл
Қазақстанның ең жас футболшысы: 2008 жыл
Қазақстан премьер-лигасының 33 үздік ойыншысының қатарында: № 1 (2008, 2011, 2012 жж.)
Sportinfo.kz сайтының шешімі бойынша Қазақстан үздік футболшысы: 2011 жыл
Қазақстан біріншілігінің үздік ассисенті: 2012 жыл.
Жамбыл Көкеев – «Уэмбли» стадионында гол соққан қазақ! Өкінішке қарай, мұндай жағымды ақпаратты көп ести бермейміз. Бірақ, Құдайға шүкір, бір рет болса да, қазақ футболының жанкүйерлеріне осындай әдемі сөзді естірткен бір футболшы бар. Ол – осы Жамбыл Көкеев.
Содан 2011 жылы Қарағандының «Шахтеріне» ауысады. Міне, осыдан бастапқана алаңда футболшы Жамбылды көре бастағандаймыз. «Шахтерді» қазіргі кезде Жамбылсыз елестету мүлде мүмкін емес.
Жамбыл Көкеев – «Уэмбли» стадионында гол соққан қазақ!Өкінішке қарай, мұндай жағымды ақпаратты көп ести бермейміз. Бірақ, Құдайға шүкір, бір рет болса да, қазақ футболыныңжанкүйерлеріне осындай әдемі сөзді естірткен бір футболшы бар. Ол – осы Жамбыл Көкеев.
Мүмкін, біреулер мұны кездейсоқ сәттілік дер. Бірақ, мұндай бақыт екінің бірініңбасына бұйыра бермейді. Бақ дейсіз бе, жоқ талант деп бағалайсыз ба, әлде ерінбеген еңбектің жемісі дейсіз бе? Өз еркіңіз.
Бәлкім, бәріңіз де білетін боларсыздар, білмейтіндер болса, естеріңізде болсын, ТМД елдерінің футболшылары арасында «Уэмбли» стадионында гол соққан алғашқы ойыншы – біздің Жамбыл.
Кейіннен Англия – Украина кездесуінде аты аңызға айналған Андрей Шевченко соққан болатын.
Осындай азын-аулақ жетістігімізді анда-санда айтып тұрсақ артық етпес. Барымызды көрсете білуіміз, жетістігімізді бағалай білуіміз керек сияқты.
Бек Төлеуов, «Sport» газеті.