Бүгін Астанада Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Қазақстан - 2050» cтратегиясы: бір халық - бір ел - бір тағдыр» күн тәртібімен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясы өтеді.
Оның жұмысына барлық аймақтардан Ассамблея мүшелері, республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктер төрағалары, Парламент депутаттары, орталық атқарушы органдардың, саяси партиялардың, діни бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары, шет мемлекеттердің дипломатиялық миссиялары, ғылыми және шығармашылық интеллигенция және БАҚ қатысады.
Сессия соңынан салтанатты концерт өтеді.
ҚХА-ның ХХ сессиясы қарсаңында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжиннің қатысуымен Ассамблея Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті, онда ҚХА қызметінің бірқатар өзекті мәселелері қаралды.
23 сәуір күні Алматы қаласы ҚХА делегациясының елордаға сапарымен Мемлекет басшысының ҚХА-ның XVII сессиясында берген тапсырмасына сәйкес жүргізілген Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» атты мега жобасы қорытындыланды.
Сессия бағдарламасы аясында аймақтық делегат-қатысушылар үшін бекітілген орталық мемлекеттік органдар басшыларымен, Ассамблеядан сайланған ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарымен кездесулер, Астана қаласының көрікті жерлеріне экскурсиялар ұйымдастырылды.
25 сәуір күні Қазақстан халқы Ассамблеясы ХХ сессиясының қатысушылар - аймақтық ассамблеялар делегацияларының өкілдері Астана қаласында өтетін «Қазақстан - біздің ортақ үйіміз» атты халықаралық конференцияға қатысады.
baq.kz