Қарағандылық үш жасөспірім боксшы Азия чемпионы болды

24 Сәуір 2013, 03:12

Қарағанды облысының үш жасөспірім боксшысы Шымкентте 15-17 сәуір күндері өткен бокстан Азия чемпионатында алтын медальдарды жеңіп алды, деп хабарлады Қазақпарат Қарағанды облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бокстан 1997-1998 жылдары туған жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатына 14 елден 98 спортшы қатысты. Сайыстар 13 салмақ санатында өтті. «Қазақстан Республикасының құрама командасында 13 боксшы болды. Қарағанды облысынан команда құрамына үш спортшы: спорт шеберлігіне кандидаттар Абылайхан Жүсіпов (54 келі), Владислав Столбовский (63 келі), Дмитрий Зиско (+80 келі) енді. Үшеуі де алтын медальдарды иеленіп, бокстан Азия чемпионы атанды», - делінген хабарламада. Жасөспірім спортшылардың тәлімгерлері - ҚазКСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы А.Райш, жаттықтырушылар Б.Аманбаев, К.Дүйсембеков, А.Топаев, М.Ғайнуллин.   BAQ.kz  

Қарағанды облысының үш жасөспірім боксшысы Шымкентте 15-17 сәуір күндері өткен бокстан Азия чемпионатында алтын медальдарды жеңіп алды, деп хабарлады Қазақпарат Қарағанды облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бокстан 1997-1998 жылдары туған жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатына 14 елден 98 спортшы қатысты. Сайыстар 13 салмақ санатында өтті.
«Қазақстан Республикасының құрама командасында 13 боксшы болды. Қарағанды облысынан команда құрамына үш спортшы: спорт шеберлігіне кандидаттар Абылайхан Жүсіпов (54 келі), Владислав Столбовский (63 келі), Дмитрий Зиско (+80 келі) енді. Үшеуі де алтын медальдарды иеленіп, бокстан Азия чемпионы атанды», - делінген хабарламада.
Жасөспірім спортшылардың тәлімгерлері - ҚазКСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы А.Райш, жаттықтырушылар Б.Аманбаев, К.Дүйсембеков, А.Топаев, М.Ғайнуллин.

 

BAQ.kz

 

Бөлісу: