Кездесу барысында Қазақстан халқы ассамблеясының мерейтойлық 20-сессиясына дайындық мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ, Қазақстан халқы ассамблеясының 2020 жылға дейінгі даму тұжырымдамасы мен оны жүзеге асырудың 2014 жылға дейінгі іс-шаралар жоспарының негізгі аспектілері қаралды.
Мемлекет басшысы алдағы сессияға әзірлік және Қазақстан халқы ассамблеясының одан арғы қызметі жөнінде нақты тапсырмалар берді.
www.bnews.kz