Америкалық баскетболшы Қазақстан ұлттық құрамасының намысын қорғайды

23 Сәуір 2013, 09:09

Баскетболдан Қазақстан ұлттық құрамасы бір легионермен толықты. Алдағы Азия біріншілігінің іріктеу додасында бас командамызға американдық ойыншы Джерри Джонсон көмектесетін болады, деп хабарлайды alasharena.kz. «Астана» баскетбол клубының американдық легионері Джерри Джонсон Қазақстан азаматтығын қабылдады. Сөйтіп, баскетболдан Қазақстан ұлттық құрамасына шақырту алды. Бұл туралы «Астана» қорғаушысының өзі фэйсбуктегі жеке парақшасында «Жаңа қадамға басып, өміріме өзгеріс енгізгенім үшін керемет сезімдемін. Қазақстан ұлттық құрамасының Олимпиада ойындарына жолдама алуы үшін қолымнан келгеннің барлығын жасаймын», - деп жазады. Джонсонның ұлттық құрамаға шақыртылғанын Қазақстан баскетбол федерациясының вице-президенті Олег Севергин де растады. Отандық баспасөздердің біріне сұхбат берген Севергин «Азия чемпионатының іріктеу додасында ұлттық құрамамызға Джонсон көмектесетін болады. Рас, құжаттар әлі толық рәсімделіп біткен жоқ», - деп ашып айтты. Айта кетейік, Джерри «Астанаға» дейін Түркияның «Галатасарай», Литваның «Летувос Ритас», Бельгияның «Шарлеруа», Францияның «Клермонт» сынды клубтарында ойнаған. Ал 2011 жылдың маусым айында серб қорғаушысы Бранко Цветковичпен бірге елордалық «Астанамен» келісімшартқа отырған болатын.  Айтпақшы, осы айдың 23-інде Джерри 31 жасқа толады. Негізі, отандық баскетбол федерациясы алдарына Азия чемпионатында өнер көрсету мақсатын қойып отыр. Осы орайда, мамырдың 6-8-і аралығында Астанада Азия біріншілігінің іріктеу кезеңі өтеді деп жоспарланған. Әзірге турнирге қатысуға Өзбекстан мен Түркменстан құрамалары келісімдерін беріпті.  

Баскетболдан Қазақстан ұлттық құрамасы бір легионермен толықты. Алдағы Азия біріншілігінің іріктеу додасында бас командамызға американдық ойыншы Джерри Джонсон көмектесетін болады, деп хабарлайды alasharena.kz.

«Астана» баскетбол клубының американдық легионері Джерри Джонсон Қазақстан азаматтығын қабылдады. Сөйтіп, баскетболдан Қазақстан ұлттық құрамасына шақырту алды. Бұл туралы «Астана» қорғаушысының өзі фэйсбуктегі жеке парақшасында «Жаңа қадамға басып, өміріме өзгеріс енгізгенім үшін керемет сезімдемін. Қазақстан ұлттық құрамасының Олимпиада ойындарына жолдама алуы үшін қолымнан келгеннің барлығын жасаймын», - деп жазады.

Джонсонның ұлттық құрамаға шақыртылғанын Қазақстан баскетбол федерациясының вице-президенті Олег Севергин де растады. Отандық баспасөздердің біріне сұхбат берген Севергин «Азия чемпионатының іріктеу додасында ұлттық құрамамызға Джонсон көмектесетін болады. Рас, құжаттар әлі толық рәсімделіп біткен жоқ», - деп ашып айтты.

Айта кетейік, Джерри «Астанаға» дейін Түркияның «Галатасарай», Литваның «Летувос Ритас», Бельгияның «Шарлеруа», Францияның «Клермонт» сынды клубтарында ойнаған. Ал 2011 жылдың маусым айында серб қорғаушысы Бранко Цветковичпен бірге елордалық «Астанамен» келісімшартқа отырған болатын.  Айтпақшы, осы айдың 23-інде Джерри 31 жасқа толады.

Негізі, отандық баскетбол федерациясы алдарына Азия чемпионатында өнер көрсету мақсатын қойып отыр. Осы орайда, мамырдың 6-8-і аралығында Астанада Азия біріншілігінің іріктеу кезеңі өтеді деп жоспарланған. Әзірге турнирге қатысуға Өзбекстан мен Түркменстан құрамалары келісімдерін беріпті.

 

Бөлісу: