Сергей Квочкин

23 Сәуір 2013, 06:23

Сергей Квочкин 1960 жылдары футбол сүйер миллиондоған жанкүйердің сүйікті ойыншысы болды. Сол кездері өзіне қана тән керемет ойын үлгісімен көрерменді баурап алды.Квочкиннің соққан голын көру үшін талай көрермен орталық стадионға ағылатын. Өскеменде дүниеге келген сары бала қазақ футболының аңыз ойыншыларының қатарына енді. Сергей Квочкин 1960 жылдары футбол сүйер миллиондоған жанкүйердің сүйікті ойыншысы болды. Сол кездері  өзіне қана тән керемет ойын үлгісімен көрерменді баурап алды.Квочкиннің соққан голын көру үшін талай көрермен орталық стадионға ағылатын. Өскеменде дүниеге келген сары бала қазақ футболының аңыз ойыншыларының қатарына енді. Серге́й Проко́фьевич Кво́чкин­­­­­ —1938 жылы Өскемен қаласында дүниеге келген.Көп балалы отбасында тәрбиеленген ол, еңбекке жақын болып өсті. Өскемен хоккейдің отаны болғандықтан, қыста допты хоккей, жаз шықса доп қуалап өсті. Тіпті допты хоккейден  «Строитель» командасында бой көрсетті. Кейіннен Павлодарға әскер қатарына шақыртылып, сол жерде әскери команданың қатарында футбол ойнайды. Содан облыс құрамасына алынып, облыстар арасындағы республикалық турнирде Квочкиннің өзі финалда екі доп соғып, командасы жеңімпаз атанады.Сол финалға арнайы қонақ болып келген «Қайраттың» бас бапкері Пётр Зенкин Сереганың ойынына қызығушылық танытып, командасына шақырады. 1960 жылы«Қайрат» одақ біріншілігінің «А» дивизионында өнер көрсетуге мүмкіндік алды.Квочкин 9-мамырда Мәскеудің «Локоматив» командасына қарсы өткен кездесуде «Қайраттың» алғашқы голын соқты. Бұл «Қайрат» үшін тарихи сәт болатын. 1962 жылы  КСРО клубтары құрамасы сапына шақырылып, Бразилияға аттанды. Әйгілі «Маракана» стадионында Бразилия  олимпиадалық құрамасына қарсы өткен ойында жеңіс голын соқты. Осы кездесуден кейін талантты шабуылшыға киевтің «Динамосы», мәскеудің «Спартагы» қызығушылық танытты. бірақ, әкесі баласының Қазақстанда қалғанын қалады. Квочкин «Қайратта» оң жақ қапталдағы шабуылшы боп өнер көрсетті. «Қайратта» өткен 10 жылында тек 7 номерлі жейде Квочкинге тиесілі болды. 7 номерінің тек команданың үздік ойыншыларына берілетінін ескерсек, Квочкиннің «Қайраттағы» беделі қаншалықты болғаны осыдан көрініп тұр. Квочкин «Қайраттың» сапында барлығы  232 ойын өткізіп, 61 голдың авторы атанды. Сол кездегі командадағы ең үздік көрсеткіш осы болатын. Бұл рекордты кейіннен тек Пехлеваниди ғана жаңартты. «Қайраттан» кеткен соң екі жыл «Восток» сапында тер төкті. Футболшылық карьерасына нүктені де осы жерде қойды. Карьерасын аяқтағанымен, клубта қалып бапкерлік қызметпен айналысты. 1976-1978 жылдар аралығында бас бапкерлікке тағайындалды. Кейіннен Көкшетаудың «Торпедосынан» шақырту алып, бір жыл осы команданы жаттықтырды. «Екібастұз» клубы басшыларының шақырутымен бас бапкер болды. Одан кейін туған жеріне екі жыл «Востокка» қайтадан бас бапкер болды. 1986 жылдан өмірінің соңғы күндеріне дейін балалар футболын дамытуға еңбек сіңірді. 2003 жылдың 29 қарашада УЕФА-ның елу жылдық мерейтойына орай, Еуропаның (1954—2003) жылдар аралығында өнер көрсеткен үздік 52 футболшысының тізіміне  Қазақстаннан олимпиада чемпионы Евгений Яровенкомен бірге біздің кейіпкер Сергей Квочкинде кірді. Сергей Квочкиннің шеберлігі жайлы қазақ футболының аңызы Тимур Сегізбаев былай дейді: Серега «Қайратқа» келгенше,хоккеймен айналысқан.Кейіннек тек футболға ғана ден қойды.Жылдамдығы,шапшаңдығы,допқа иелік етуі бәрі-бәрі керемет болатын. Квочкин тұрақты түрде жоғары деңгейде өнер көрсетті, голдарды өте керек кезде соғатын,күтпеген голдар соғуға да өте шебер еді. «Қайраттың» үздік мергені болды, тек 10 жылдан кейін Пехлеваниди осы рекордқа түзету еңгізді.бапкерлікке қызметте де өте табысты болды.  «Маракана» стадионында соққан голынан кейін кез келген қорғаушы одан сескенетін. Футболдағы ампуласы оң қапталдағы шабуылшы болды.60-жылдардың бас кезінде «Қайрат» тамаша команда жасақтай білді. Орталық қорғаушылар – Степанов, Федотов, қапталдағы қорғаушылар ­- Скулов,Каминский, орталық жартылай қорғаушылар- Остроушко, Скулкин,шабуылдаушы жартылай қорғаушы(инсайд) -Неверов.Сол қапталдағы шабуылшылар—Мальцев, Ченцов, оң жақта- Квочкин. Өмірде орынсыз  сойлемейтін,жақсы ұстаз, отбасында үлгілі әке болды. Сергей Квочкин 2007 жылдың 29 желтоқсанында жүрек  талмасы ұстап, дүниеден озды. Ел футболына 50 жылдай еңбек етіп көп үлесін қосты. Жанкүйер есінде «Қайраттың» ғана емес,қазақ футболының аңызы болып, мәңгілік қалатыны анық. Бек Төлеуов, «Sport» газеті.  

Сергей Квочкин 1960 жылдары футбол сүйер миллиондоған жанкүйердің сүйікті ойыншысы болды. Сол кездері өзіне қана тән керемет ойын үлгісімен көрерменді баурап алды.Квочкиннің соққан голын көру үшін талай көрермен орталық стадионға ағылатын. Өскеменде дүниеге келген сары бала қазақ футболының аңыз ойыншыларының қатарына енді.

Сергей Квочкин 1960 жылдары футбол сүйер миллиондоған жанкүйердің сүйікті ойыншысы болды. Сол кездері  өзіне қана тән керемет ойын үлгісімен көрерменді баурап алды.Квочкиннің соққан голын көру үшін талай көрермен орталық стадионға ағылатын. Өскеменде дүниеге келген сары бала қазақ футболының аңыз ойыншыларының қатарына енді.

Серге́й Проко́фьевич Кво́чкин­­­­­ —1938 жылы Өскемен қаласында дүниеге келген.Көп балалы отбасында тәрбиеленген ол, еңбекке жақын болып өсті. Өскемен хоккейдің отаны болғандықтан, қыста допты хоккей, жаз шықса доп қуалап өсті. Тіпті допты хоккейден  «Строитель» командасында бой көрсетті. Кейіннен Павлодарға әскер қатарына шақыртылып, сол жерде әскери команданың қатарында футбол ойнайды. Содан облыс құрамасына алынып, облыстар арасындағы республикалық турнирде Квочкиннің өзі финалда екі доп соғып, командасы жеңімпаз атанады.Сол финалға арнайы қонақ болып келген «Қайраттың» бас бапкері Пётр Зенкин Сереганың ойынына қызығушылық танытып, командасына шақырады.

1960 жылы«Қайрат» одақ біріншілігінің «А» дивизионында өнер көрсетуге мүмкіндік алды.Квочкин 9-мамырда Мәскеудің «Локоматив» командасына қарсы өткен кездесуде «Қайраттың» алғашқы голын соқты. Бұл «Қайрат» үшін тарихи сәт болатын.

1962 жылы  КСРО клубтары құрамасы сапына шақырылып, Бразилияға аттанды. Әйгілі «Маракана» стадионында Бразилия  олимпиадалық құрамасына қарсы өткен ойында жеңіс голын соқты. Осы кездесуден кейін талантты шабуылшыға киевтің «Динамосы», мәскеудің «Спартагы» қызығушылық танытты. бірақ, әкесі баласының Қазақстанда қалғанын қалады.

Квочкин «Қайратта» оң жақ қапталдағы шабуылшы боп өнер көрсетті. «Қайратта» өткен 10 жылында тек 7 номерлі жейде Квочкинге тиесілі болды. 7 номерінің тек команданың үздік ойыншыларына берілетінін ескерсек, Квочкиннің «Қайраттағы» беделі қаншалықты болғаны осыдан көрініп тұр.

Квочкин «Қайраттың» сапында барлығы  232 ойын өткізіп, 61 голдың авторы атанды. Сол кездегі командадағы ең үздік көрсеткіш осы болатын. Бұл рекордты кейіннен тек Пехлеваниди ғана жаңартты.

«Қайраттан» кеткен соң екі жыл «Восток» сапында тер төкті. Футболшылық карьерасына нүктені де осы жерде қойды.

Карьерасын аяқтағанымен, клубта қалып бапкерлік қызметпен айналысты. 1976-1978 жылдар аралығында бас бапкерлікке тағайындалды. Кейіннен Көкшетаудың «Торпедосынан» шақырту алып, бір жыл осы команданы жаттықтырды. «Екібастұз» клубы басшыларының шақырутымен бас бапкер болды. Одан кейін туған жеріне екі жыл «Востокка» қайтадан бас бапкер болды. 1986 жылдан өмірінің соңғы күндеріне дейін балалар футболын дамытуға еңбек сіңірді.

2003 жылдың 29 қарашада УЕФА-ның елу жылдық мерейтойына орай, Еуропаның (1954—2003) жылдар аралығында өнер көрсеткен үздік 52 футболшысының тізіміне  Қазақстаннан олимпиада чемпионы Евгений Яровенкомен бірге біздің кейіпкер Сергей Квочкинде кірді.

Сергей Квочкиннің шеберлігі жайлы қазақ футболының аңызы Тимур Сегізбаев былай дейді:

Серега «Қайратқа» келгенше,хоккеймен айналысқан.Кейіннек тек футболға ғана ден қойды.Жылдамдығы,шапшаңдығы,допқа иелік етуі бәрі-бәрі керемет болатын. Квочкин тұрақты түрде жоғары деңгейде өнер көрсетті, голдарды өте керек кезде соғатын,күтпеген голдар соғуға да өте шебер еді. «Қайраттың» үздік мергені болды, тек 10 жылдан кейін Пехлеваниди осы рекордқа түзету еңгізді.бапкерлікке қызметте де өте табысты болды.  «Маракана» стадионында соққан голынан кейін кез келген қорғаушы одан сескенетін.

Футболдағы ампуласы оң қапталдағы шабуылшы болды.60-жылдардың бас кезінде «Қайрат» тамаша команда жасақтай білді. Орталық қорғаушылар – Степанов, Федотов, қапталдағы қорғаушылар ­- Скулов,Каминский, орталық жартылай қорғаушылар- Остроушко, Скулкин,шабуылдаушы жартылай қорғаушы(инсайд) -Неверов.Сол қапталдағы шабуылшыларМальцев, Ченцов, оң жақта- Квочкин.

Өмірде орынсыз  сойлемейтін,жақсы ұстаз, отбасында үлгілі әке болды.

Сергей Квочкин 2007 жылдың 29 желтоқсанында жүрек  талмасы ұстап, дүниеден озды. Ел футболына 50 жылдай еңбек етіп көп үлесін қосты. Жанкүйер есінде «Қайраттың» ғана емес,қазақ футболының аңызы болып, мәңгілік қалатыны анық.

Бек Төлеуов, «Sport» газеті.

 

Бөлісу: