"Оның рухы биік"

23 Сәуір 2013, 06:14

Ф.Кәрібжановпен еліміздің ең ірі жазушылары Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов және басқа да қаламгерлері өз туындылары жайлы ақыл-кеңес құрысып, Фазекеңнің әдебиет пен өнердің өркендеуіне арналған ойларымен тікелей байланысты болыпты. Мұхтар Әуезов: «Фазыл Кәрімұлына әбден сенуге болады, оның рухы биік, адамгершілігі зор, мейірбан һәм ыстық жүрегі бар. Осындай адамға кездескеніме қуаныштымын», – деп ағынан жарылыпты. Қалтай Мұхамеджановтың «Бөлтірік бөрік астында» атты алғашқы драматургиялық спектаклі сол кездегі идеологиялық жұмысты басқаратын Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің хатшысы Н.Жангелдиннің қатты сынына ұшырапты. Қиналған Қалтай ағамыз Мұхтар Әуезовке барып хал-ахуалын баяндапты. Мұхаң: «Мен білсем, саған тек қана Фазыл Кәрібжанов көмектеседі, оны спектакліңе ертіп әкелемін», депті. 1959 жыл­ғы 6 сәуірде спектакльдің тұсаукесеріне Мұх­тар Әуезов, Фазыл Кәрібжанов екеуі және басқа лауазымды кісілер келіпті. Спектакль біткеннен соң оны талқылауға жиналғанда Фазе­кең: «Жарайсың, жігітім! Спектакль жақсы екен, өзі жастарға арналыпты, ал біздер сияқты қарттар үшін қашан жазасың? Қаламыңа нұр жаусын, қарыштай бер!», деп құттықтапты. Келесі күні барлық газеттер Қалтайдың шығармасын аспанға жеткізе мақтапты. Қалтай: «Оның рухани көмегі менің әрі қарай жалтармай қадам басуыма жол ашты. Қазақтың мәдениетінің алға басуын анық тілеген ол мен үшін кісіліктің эталоны еді», деп Фазыл Кәрібжанов жайлы артына аталы сөз қалдырған екен. Тап осындай өнер адамдарын қанатының астына алып, қорғай білген мысалдар аз емес. Ол тек мемлекет қайраткері, саясаткер ғана емес, үлкен адам, асыл кісі, зор тұлға екенін өнерсүйгіш ел алдында кеңінен, еш бүкпесіз таныта білді. 1960 жылдың наурызында Фазыл Кәрімұлы Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесі төралқасының төрағасы болып сайланды. Бұл қызметте де ол өзінің бүкіл республика үшін және оның әр адамы үшін адал, таза жасайтын қызметін үлгілі түрде жүргізді. «Сайлаушылардың хаттарына жіті қараңыздар, оның ар жағында жеке тағдыр тұр, адам тұр», – деген сөзі қанатты сөзге айналды. Бұл сөзі жауапкершілігі күшті ресми жоғары орында қызмет істеп жүрген шенділерді рухани жауапкершілікке шақырғаны деп білемін. Жоғарғы Кеңестегі лауазымы өте биік қызметте Фазыл Кәрібжанов көп істей алмады. 1960 жылдың 25 тамызында 48 жасында дүниеден озды. Қазақтың асыл перзенті, ұлтымыздың ұлағатты нар тұлғасы, аса көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, адам үшін, ар үшін жаралған ұлы азамат дүниеден кенеттен өтті. Медициналық шешімдерде өкпенің ісігі (рак легких) делінген. Бұл қағазға түскен деректің ар жағында қазақтың талай асылдарын алып кеткен алғашқы атомдық жарылыстардың зардабы жатқанын зайыбы Лидия Петровна Хайрат Кәрібжановқа айтқан екен. Фазекеңді Абай атындағы опера театрынан соңғы сапарға шығарып салған күні табиғат ызғар білдіріп, асылды жұтқан заманға аса қатал қабақ түйіпті. Ол кездегі көздері тірі Қаныш Сәтбаев, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Жұмабек Тәшенев сынды ағаларымыз шын жүректен шыққан көз жастарын төгілдіре қоштасыпты. Фазыл Кәрібжанов Алматыдағы 28 гвардияшы-панфиловшылар паркіндегі Мәңгі алаудың қасына жерленіпті. Бұл да ең зор құрметтің айқын белгісі болып көрінеді. Атақты тарихшы академик Манаш Қозыбаев: «Фазыл Кәрібжановты өз заманының ұлы адамы ретінде бағалаймыз, көрнекті мемле­кет қайраткерінің республикамыздың эконо­ми­ка­сы­ның өркендеуіне қосқан үлесінің зор екенін ұмыт­паймыз», депті. Өте дұрыс айтылған. Фазыл ағаны халқымыздың ең алдыңғы қатардағы асыл перзенттерімен тең ұстауымыз ел парызы. Кәкімбек Салықов, «Егемен Қазақстан».  

Ф.Кәрібжановпен еліміздің ең ірі жазушылары Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов және басқа да қаламгерлері өз туындылары жайлы ақыл-кеңес құрысып, Фазекеңнің әдебиет пен өнердің өркендеуіне арналған ойларымен тікелей байланысты болыпты. Мұхтар Әуезов: «Фазыл Кәрімұлына әбден сенуге болады, оның рухы биік, адамгершілігі зор, мейірбан һәм ыстық жүрегі бар. Осындай адамға кездескеніме қуаныштымын», – деп ағынан жарылыпты.

Қалтай Мұхамеджановтың «Бөлтірік бөрік астында» атты алғашқы драматургиялық спектаклі сол кездегі идеологиялық жұмысты басқаратын Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің хатшысы Н.Жангелдиннің қатты сынына ұшырапты. Қиналған Қалтай ағамыз Мұхтар Әуезовке барып хал-ахуалын баяндапты. Мұхаң: «Мен білсем, саған тек қана Фазыл Кәрібжанов көмектеседі, оны спектакліңе ертіп әкелемін», депті. 1959 жыл­ғы 6 сәуірде спектакльдің тұсаукесеріне Мұх­тар Әуезов, Фазыл Кәрібжанов екеуі және басқа лауазымды кісілер келіпті. Спектакль біткеннен соң оны талқылауға жиналғанда Фазе­кең: «Жарайсың, жігітім! Спектакль жақсы екен, өзі жастарға арналыпты, ал біздер сияқты қарттар үшін қашан жазасың? Қаламыңа нұр жаусын, қарыштай бер!», деп құттықтапты. Келесі күні барлық газеттер Қалтайдың шығармасын аспанға жеткізе мақтапты. Қалтай: «Оның рухани көмегі менің әрі қарай жалтармай қадам басуыма жол ашты. Қазақтың мәдениетінің алға басуын анық тілеген ол мен үшін кісіліктің эталоны еді», деп Фазыл Кәрібжанов жайлы артына аталы сөз қалдырған екен. Тап осындай өнер адамдарын қанатының астына алып, қорғай білген мысалдар аз емес. Ол тек мемлекет қайраткері, саясаткер ғана емес, үлкен адам, асыл кісі, зор тұлға екенін өнерсүйгіш ел алдында кеңінен, еш бүкпесіз таныта білді.

1960 жылдың наурызында Фазыл Кәрімұлы Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесі төралқасының төрағасы болып сайланды. Бұл қызметте де ол өзінің бүкіл республика үшін және оның әр адамы үшін адал, таза жасайтын қызметін үлгілі түрде жүргізді. «Сайлаушылардың хаттарына жіті қараңыздар, оның ар жағында жеке тағдыр тұр, адам тұр», – деген сөзі қанатты сөзге айналды. Бұл сөзі жауапкершілігі күшті ресми жоғары орында қызмет істеп жүрген шенділерді рухани жауапкершілікке шақырғаны деп білемін.

Жоғарғы Кеңестегі лауазымы өте биік қызметте Фазыл Кәрібжанов көп істей алмады. 1960 жылдың 25 тамызында 48 жасында дүниеден озды. Қазақтың асыл перзенті, ұлтымыздың ұлағатты нар тұлғасы, аса көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, адам үшін, ар үшін жаралған ұлы азамат дүниеден кенеттен өтті. Медициналық шешімдерде өкпенің ісігі (рак легких) делінген. Бұл қағазға түскен деректің ар жағында қазақтың талай асылдарын алып кеткен алғашқы атомдық жарылыстардың зардабы жатқанын зайыбы Лидия Петровна Хайрат Кәрібжановқа айтқан екен.

Фазекеңді Абай атындағы опера театрынан соңғы сапарға шығарып салған күні табиғат ызғар білдіріп, асылды жұтқан заманға аса қатал қабақ түйіпті. Ол кездегі көздері тірі Қаныш Сәтбаев, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Жұмабек Тәшенев сынды ағаларымыз шын жүректен шыққан көз жастарын төгілдіре қоштасыпты. Фазыл Кәрібжанов Алматыдағы 28 гвардияшы-панфиловшылар паркіндегі Мәңгі алаудың қасына жерленіпті. Бұл да ең зор құрметтің айқын белгісі болып көрінеді.

Атақты тарихшы академик Манаш Қозыбаев: «Фазыл Кәрібжановты өз заманының ұлы адамы ретінде бағалаймыз, көрнекті мемле­кет қайраткерінің республикамыздың эконо­ми­ка­сы­ның өркендеуіне қосқан үлесінің зор екенін ұмыт­паймыз», депті. Өте дұрыс айтылған. Фазыл ағаны халқымыздың ең алдыңғы қатардағы асыл перзенттерімен тең ұстауымыз ел парызы.

Кәкімбек Салықов, «Егемен Қазақстан».

 

Бөлісу: