Құрмет белгісі

23 Сәуір 2013, 06:11

Ф.К.Кәрібжанов ауылшаруашылық институтын бітірісімен Омбы облысының Знамен­ский ауданында агроном-полевод болып 1938 жылы еңбек жолын бастапты. Көп кешікпей ол Көкшетау қаласындағы дәнді дақылдар тұқымын сұрыптайтын бөлімшеге меңгеруші ретінде жіберіледі, аз уақыт ішінде одан да жоғарылатылып, Петропавл қаласындағы тұқым сұрыптау учаскесіне директор болып тағайындалады. Оның бұл жерге келу сәтін осы мекеменің бұрынғы жетекшісі Петр Столяровтың қызы Римма Столярова әдемі баяндайды. «Әкем бізге жаңа бастық келді, деп хабарлады. Киімі жұпынылау, арықша денелі жас қазақ келді. Бірақ әрі қарай ол өзінің кім екенін білдіре бастады, сөзге жүйрік, ашық мінезді, өжет екен, әзіл сөзбен күлкіге де қандырды. Жұмысқа шын беріліп, қолының бос еместігіне қарамастан, Фазыл Кәрімұлы біздің үй ішіне көмектесе бастады, балалардың оқуына себі тиді, біздермен ойнауға да уақыт табатын болды», деп жазыпты. Ол кезде Римма алты жастағы бала, үлкен әпкесі Валентина 16-да, ал ортаншысы Лидия 14 жаста болыпты. Фазыл Кәрімұлы Столяровтардың отбасымен көрші бөлмеде тату-тәтті бірге тұрып, барынша көмегін аямапты. Ортаншы қызы Лидиямен тату жүріп, ерекше құрмет, көмек көрсетіп көңіл қосыпты. Ақыры, 1944 жылы екеуінің махаббаттары жарасып, шаңырақ құрыпты. Осылай Лидия Петровна қазақтың келіні болып шықты. Ұлы Отан соғысы жылдары Ф.К.Кәрібжанов армияға алынбай, ел ішіндегі жұмыстарды атқарып, қажыр-қайратын аямай еңбектеніп, әр тамшы терін Жеңістің жолына адал таза арнады. Ф.Кәрібжанов басқарып жүрген Петропавл қаласындағы тұқым сұрыптау учаскесінің шыға­ратын дәнді дақыл тұқымы халық шаруа­шылығының табыстары көрмесінде жеңіп шығып, ВДНХ-ның Құрмет грамотасымен марапатталды. 1941 жылы ол Солтүстік Қазақстан облыстық партия комитетіне нұсқаушы ретінде қызметке жоғарылатылады. Үш жылдың ішінде ауылшаруашылығы бөлімі меңгерушісінің орынбасары, меңгерушісі қызметтерін абыроймен атқарыпты. Әне, соның нәтижесінде 1945 жылы Кәрібжанов Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің ауылшаруашылық бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметіне бекітілді. Ал, 1946 жылы Қарағанды облыстық партия комитетінің екінші хатшысы болып сайланды. Ол жұмысқа ұсынылғанда берілген мінездемеде: «Орталық комитеттің аппаратында қызмет істеп жүрген кезінде Кәрібжанов жолдас өзінің сауатты, мәдениетті және белсенді қызметкер екенін көрсетті», делініпті. Бұл мінездемеге зер салсақ, айтылған сөздер жоннан түскен жоралғы сөз емес, шындықтан алынған орынды сөз екенін түсінеміз. Ол кездегі жалпы мамандармен салыстырғанда, әрине, Сібір ауыл шаруашылығы институтын бітір­ген маман көш жоғары тұрады. 1945 жылы Ф.Кәрібжановтың адал еңбегіне зор баға бере отырып, жоғары билік оны «Құрмет белгісі» ор­де­­німен марапаттады. Ол кезде тап осындай ор­денге ие болу зор табысқа жеткендіктің белгісі-тін. Қарағанды облысындағы Ф.Кәрібжановтың әр күні ел үшін де, өзінің ұлты үшін де ең қажетті іске бөленді. Ол халық шаруашылығының барлық салаларын күрт көтеруге атсалысты, соғыстан кейінгі жылдар үшін бұл оңай шаруа емес еді. Екінші хатшының екпінді қызметі, ерекше еңбекқорлығы елеулі дәрежеге жеткізді. Қарсақбай, Балқаш, Жезқазған, Теміртау, Қарағанды қарқынды кезеңдерін бастап, индустриялық Қарағандының дүбірін әлемге танытты. Ол кезде Қарағанды Көмір бассейнінде жаңа алты шахта іске қосылды, көмір өндіру ісі соғыстың алдындағы көлемінен 2,5 есе өсті. Қарағанды Қазақстанның индустриялық орталығына айналды. Атқарған ерен еңбегі үшін 1947 жылы Ф.Кәрібжанов екін­ші рет «Құрмет белгісі» орденінің иегері бол­ды. 1951 жылы ол облыстық атқару ко­ми­тетінің төрағалығына тағайындалса, дәл сол жылы Қазақстан Компартиясы Орталық ко­митетінің ауылшаруашылық бөлімінің мең­ге­ру­шілігіне бекітілді. Ал 1953 жылы Қазақ КСР-інің Ауыл шаруашылығы министрі қызметіне та­ға­йындалды. 1954 жылы қаңтар-наурызда өткен КОКП Орталық комитетінің пленумында дәнді дақылдардың өнімін арттырып, Қазақстанда тың және тыңайтылған жерлерді игеру туралы әйгілі шешім қабылданды. Әрине, бұл оңай шаруа емес, алда тұрған қиындықтар, әсіресе, қазақ халқы үшін қатты соққы боларын біліп, тың игеруді тым болмаса екі этапта орындайық деген республика басшылары Орталық комитеттің бірінші хатшысы Ж.Шаяхметовтен бастап қызметтерінен босатылып, төменгі орындарға жіберілді. Қа­зақ­­стан Компартиясы Орталық комитетінің 1-ші хатшылығына П.К.Пономаренко, 2-ші хат­шы­лығына Л.И.Брежнев, ауыл шаруашылығы жө­ніндегі хатшылығына Ф.К.Кәрібжанов сайланды. Ол тарихи кезеңдегі ең күрделі тарихи науқан тың игеру болғандықтан ауыл шаруашылығын бас­қаруға Фазыл Кәрімұлын тағайындау ең дұрыс шешім еді, қажырлы қазақ қадірлі таңдауға ілікті. Кәкімбек Салықов, «Егемен Қазақстан».

Ф.К.Кәрібжанов ауылшаруашылық институтын бітірісімен Омбы облысының Знамен­ский ауданында агроном-полевод болып 1938 жылы еңбек жолын бастапты. Көп кешікпей ол Көкшетау қаласындағы дәнді дақылдар тұқымын сұрыптайтын бөлімшеге меңгеруші ретінде жіберіледі, аз уақыт ішінде одан да жоғарылатылып, Петропавл қаласындағы тұқым сұрыптау учаскесіне директор болып тағайындалады. Оның бұл жерге келу сәтін осы мекеменің бұрынғы жетекшісі Петр Столяровтың қызы Римма Столярова әдемі баяндайды. «Әкем бізге жаңа бастық келді, деп хабарлады. Киімі жұпынылау, арықша денелі жас қазақ келді. Бірақ әрі қарай ол өзінің кім екенін білдіре бастады, сөзге жүйрік, ашық мінезді, өжет екен, әзіл сөзбен күлкіге де қандырды. Жұмысқа шын беріліп, қолының бос еместігіне қарамастан, Фазыл Кәрімұлы біздің үй ішіне көмектесе бастады, балалардың оқуына себі тиді, біздермен ойнауға да уақыт табатын болды», деп жазыпты. Ол кезде Римма алты жастағы бала, үлкен әпкесі Валентина 16-да, ал ортаншысы Лидия 14 жаста болыпты. Фазыл Кәрімұлы Столяровтардың отбасымен көрші бөлмеде тату-тәтті бірге тұрып, барынша көмегін аямапты. Ортаншы қызы Лидиямен тату жүріп, ерекше құрмет, көмек көрсетіп көңіл қосыпты. Ақыры, 1944 жылы екеуінің махаббаттары жарасып, шаңырақ құрыпты. Осылай Лидия Петровна қазақтың келіні болып шықты.

Ұлы Отан соғысы жылдары Ф.К.Кәрібжанов армияға алынбай, ел ішіндегі жұмыстарды атқарып, қажыр-қайратын аямай еңбектеніп, әр тамшы терін Жеңістің жолына адал таза арнады. Ф.Кәрібжанов басқарып жүрген Петропавл қаласындағы тұқым сұрыптау учаскесінің шыға­ратын дәнді дақыл тұқымы халық шаруа­шылығының табыстары көрмесінде жеңіп шығып, ВДНХ-ның Құрмет грамотасымен марапатталды. 1941 жылы ол Солтүстік Қазақстан облыстық партия комитетіне нұсқаушы ретінде қызметке жоғарылатылады. Үш жылдың ішінде ауылшаруашылығы бөлімі меңгерушісінің орынбасары, меңгерушісі қызметтерін абыроймен атқарыпты. Әне, соның нәтижесінде 1945 жылы Кәрібжанов Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің ауылшаруашылық бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметіне бекітілді. Ал, 1946 жылы Қарағанды облыстық партия комитетінің екінші хатшысы болып сайланды. Ол жұмысқа ұсынылғанда берілген мінездемеде: «Орталық комитеттің аппаратында қызмет істеп жүрген кезінде Кәрібжанов жолдас өзінің сауатты, мәдениетті және белсенді қызметкер екенін көрсетті», делініпті. Бұл мінездемеге зер салсақ, айтылған сөздер жоннан түскен жоралғы сөз емес, шындықтан алынған орынды сөз екенін түсінеміз. Ол кездегі жалпы мамандармен салыстырғанда, әрине, Сібір ауыл шаруашылығы институтын бітір­ген маман көш жоғары тұрады. 1945 жылы Ф.Кәрібжановтың адал еңбегіне зор баға бере отырып, жоғары билік оны «Құрмет белгісі» ор­де­­німен марапаттады. Ол кезде тап осындай ор­денге ие болу зор табысқа жеткендіктің белгісі-тін.

Қарағанды облысындағы Ф.Кәрібжановтың әр күні ел үшін де, өзінің ұлты үшін де ең қажетті іске бөленді. Ол халық шаруашылығының барлық салаларын күрт көтеруге атсалысты, соғыстан кейінгі жылдар үшін бұл оңай шаруа емес еді. Екінші хатшының екпінді қызметі, ерекше еңбекқорлығы елеулі дәрежеге жеткізді. Қарсақбай, Балқаш, Жезқазған, Теміртау, Қарағанды қарқынды кезеңдерін бастап, индустриялық Қарағандының дүбірін әлемге танытты. Ол кезде Қарағанды Көмір бассейнінде жаңа алты шахта іске қосылды, көмір өндіру ісі соғыстың алдындағы көлемінен 2,5 есе өсті. Қарағанды Қазақстанның индустриялық орталығына айналды. Атқарған ерен еңбегі үшін 1947 жылы Ф.Кәрібжанов екін­ші рет «Құрмет белгісі» орденінің иегері бол­ды. 1951 жылы ол облыстық атқару ко­ми­тетінің төрағалығына тағайындалса, дәл сол жылы Қазақстан Компартиясы Орталық ко­митетінің ауылшаруашылық бөлімінің мең­ге­ру­шілігіне бекітілді. Ал 1953 жылы Қазақ КСР-інің Ауыл шаруашылығы министрі қызметіне та­ға­йындалды.

1954 жылы қаңтар-наурызда өткен КОКП Орталық комитетінің пленумында дәнді дақылдардың өнімін арттырып, Қазақстанда тың және тыңайтылған жерлерді игеру туралы әйгілі шешім қабылданды. Әрине, бұл оңай шаруа емес, алда тұрған қиындықтар, әсіресе, қазақ халқы үшін қатты соққы боларын біліп, тың игеруді тым болмаса екі этапта орындайық деген республика басшылары Орталық комитеттің бірінші хатшысы Ж.Шаяхметовтен бастап қызметтерінен босатылып, төменгі орындарға жіберілді. Қа­зақ­­стан Компартиясы Орталық комитетінің 1-ші хатшылығына П.К.Пономаренко, 2-ші хат­шы­лығына Л.И.Брежнев, ауыл шаруашылығы жө­ніндегі хатшылығына Ф.К.Кәрібжанов сайланды. Ол тарихи кезеңдегі ең күрделі тарихи науқан тың игеру болғандықтан ауыл шаруашылығын бас­қаруға Фазыл Кәрімұлын тағайындау ең дұрыс шешім еді, қажырлы қазақ қадірлі таңдауға ілікті.

Кәкімбек Салықов, «Егемен Қазақстан».

Бөлісу: