Сұрмерген

22 Сәуір 2013, 09:44

Айтулы спортшы Оскармен бір жылда туғанымен, Джошуа одан үш ай үлкен еді. Ең ғажабы, талай мергендерді жолынан ығыстырған қос құрдас марапаттау рәсімі кезінде бір-бірін құшарлана құшақтады. Бір-бірінің атына жылы лебіз білдіріп, ақжарма көңілдерін ақтарды. Сол көріністі өз көздерімен көрген дүйім жұрт жеңіс тұғырының ең биік сатыларында қол бұлғап тұрған қос қарияның тектілігіне тәнті болды. 1912 жылы Олимпиада алауы Стокгольмде тұтанды. Өз Отанында өткен жарыста Оскар Гомер Сван жерлестерін қуантуға барынша күш салғанымен, жалындап өсіп келе жатқан жастар ардагерге ондай мүмкіндік бермеді. Жекелеген сайыста қос қарсыласын алға жіберген қария қола медальді мойнына ілді. Бірақ бұл «сәтсіздік» оның жігерін жасыта алмады. Есесіне Швеция құрамасы командалық есепте топ жарды. Жарыс қожайындарының құрама сапында Сван да өнер көрсетіп, жасындай жарқырады. Сөйтіп, 65 жасқа қараған шағында Оскар ақсақалдың есімі ең қарт Олимпиада чемпионы ретінде тарихта қалды. Стокгольмдегі көрсеткіш Сванның соңғы рекорды емес еді. Еуропадағы саяси жағдай ушығып, Бірінші Дүниежүзілік соғыстың оты өршігендіктен, 1916 жылғы Олимпиада ойындары өтпей қалды. Бәлкім, Берлиндегі дода өткенде Оскар ата айды аспанға шығарар ма еді? Кім білсін! 1920 жылы олимпиадалық қозғалыс қайта жанданып, төрткүл дүниенің теңдессіздері Бельгияның Антверпен қаласында өтеді. Осы жарыста Оскар Гомес Сван күміс медальді еншілеп, Олимпиада ойындарының жүлдегері атанған қарт спортшылардың тізімін бастады. Ол кезде скандинавиялық сұрмерген 73 жасты алқымдап қалған. Қария 1924 жылғы Олимпиада ойындарына да қатысқысы келді. Алайда қатты сырқаттанып қалып, Парижге бара алмады. Десек те, ғаламдық ойындарда 3 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль иеленген саңлақтың есімі спорттық тарихта алтын әріптермен жазылғаны даусыз. Негізі, Оскар ақсақалға қатысты талай тартымды әңгіменің тиегін ағытуға болады. Мәселен, ол ежелгі Олимпиада ойындарын қайта жандандырып, өркендетіп, жаңа заман талабына сай етіп ұйымдастырылуына ұйтқы болған барон Пьер де Кубертэннің өзінен 15 жас үлкен. Бір қызығы, ұзын шашты, сақалы кеудесіне дейін түскен қария жарыс кезінде үнемі үстіне қара пальто мен басына қара шляпа киіп шығады екен. Сондай-ақ ол көпшіліктің ортасында болуды аса ұнатпайтын. Қақ-соқпен де шаруасы жоқ. Ара-тұра біреулер келіп мазаламаса, сыр сандығын ашып, ұзын-сонар әңгіменің тиегін ағытуға аса құлықсыз еді. Көбіне-көп жалғыз серуендеп, үнемі ой құшағында жүретін. Жарыстан кейін әйгілі спортшы тек алтын медальді ғана өзіне қалдыратын. Ал өзге жүлделердің барлығын не лақтырып тастайды, не көшеде кезіккен бөгде адамдардың қолына ұстата салады екен. Расында да шын талантты түсіну қиын ғой… Тағы бір ерекше атап өтерлік оқиға, Оскар ақсақалдың ұлы да өз дәуірінің теңдессіз мергендерінің бірі болды. 1879 жылы дүниеге келген Альфред Гомер Сван ұзақ жылдар бойы үлкен аренада әкесімен бірге иық тіресе өнер көрсетті. 1908 жылы Лондонда және 1912 жылы Стокгольмде алауы тұтанған Олимпиада ойындарында әкесі мен баласы жеңіс тұғырында қол ұстасып, қатар тұрды. Айтулы жарыстарда асылдың сынығы үш рет бас жүлдені қанжығасына байлады. Онымен терезесі тең өнер көрсету былай тұрсын, өзге мергендер қарсыласуға да жарамады. 1920 жылы Антверпен мен 1924 жылы Парижде өткен ғаламдық жарыста Альфредтің асығы алшысынан түсті. Бір сөзбен айтсақ, әке жолын қуған асыл ұлдың да бұл салада бағы жанды. Олимпиада додасы барысында Альфред Гомер Сван 3 алтын, 3 күміс және 3 қола медальді олжалады. Кейіннен оның да денсаулығы сыр беріп, нағыз кемелденген шағында үлкен спорттан қол үзуге мәжбүр болды. Әлемдік спорт тарихында өшпес із қалдырған Оскар ақсақал 1927 жылы 80 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Альфред арада төрт жыл өткеннен кейін жарық дүниемен қош айтысты. Алайда ұлының ғұмыры әкесіне қарағанда келте болды. Ол небәрі 51 жасында көз жұмды. Авторы: Ғалым Сүлеймен.  

Айтулы спортшы Оскармен бір жылда туғанымен, Джошуа одан үш ай үлкен еді. Ең ғажабы, талай мергендерді жолынан ығыстырған қос құрдас марапаттау рәсімі кезінде бір-бірін құшарлана құшақтады. Бір-бірінің атына жылы лебіз білдіріп, ақжарма көңілдерін ақтарды. Сол көріністі өз көздерімен көрген дүйім жұрт жеңіс тұғырының ең биік сатыларында қол бұлғап тұрған қос қарияның тектілігіне тәнті болды.

1912 жылы Олимпиада алауы Стокгольмде тұтанды. Өз Отанында өткен жарыста Оскар Гомер Сван жерлестерін қуантуға барынша күш салғанымен, жалындап өсіп келе жатқан жастар ардагерге ондай мүмкіндік бермеді. Жекелеген сайыста қос қарсыласын алға жіберген қария қола медальді мойнына ілді. Бірақ бұл «сәтсіздік» оның жігерін жасыта алмады. Есесіне Швеция құрамасы командалық есепте топ жарды. Жарыс қожайындарының құрама сапында Сван да өнер көрсетіп, жасындай жарқырады. Сөйтіп, 65 жасқа қараған шағында Оскар ақсақалдың есімі ең қарт Олимпиада чемпионы ретінде тарихта қалды.
Стокгольмдегі көрсеткіш Сванның соңғы рекорды емес еді. Еуропадағы саяси жағдай ушығып, Бірінші Дүниежүзілік соғыстың оты өршігендіктен, 1916 жылғы Олимпиада ойындары өтпей қалды. Бәлкім, Берлиндегі дода өткенде Оскар ата айды аспанға шығарар ма еді? Кім білсін!
1920 жылы олимпиадалық қозғалыс қайта жанданып, төрткүл дүниенің теңдессіздері Бельгияның Антверпен қаласында өтеді. Осы жарыста Оскар Гомес Сван күміс медальді еншілеп, Олимпиада ойындарының жүлдегері атанған қарт спортшылардың тізімін бастады. Ол кезде скандинавиялық сұрмерген 73 жасты алқымдап қалған.
Қария 1924 жылғы Олимпиада ойындарына да қатысқысы келді. Алайда қатты сырқаттанып қалып, Парижге бара алмады. Десек те, ғаламдық ойындарда 3 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль иеленген саңлақтың есімі спорттық тарихта алтын әріптермен жазылғаны даусыз.

Негізі, Оскар ақсақалға қатысты талай тартымды әңгіменің тиегін ағытуға болады. Мәселен, ол ежелгі Олимпиада ойындарын қайта жандандырып, өркендетіп, жаңа заман талабына сай етіп ұйымдастырылуына ұйтқы болған барон Пьер де Кубертэннің өзінен 15 жас үлкен. Бір қызығы, ұзын шашты, сақалы кеудесіне дейін түскен қария жарыс кезінде үнемі үстіне қара пальто мен басына қара шляпа киіп шығады екен. Сондай-ақ ол көпшіліктің ортасында болуды аса ұнатпайтын. Қақ-соқпен де шаруасы жоқ. Ара-тұра біреулер келіп мазаламаса, сыр сандығын ашып, ұзын-сонар әңгіменің тиегін ағытуға аса құлықсыз еді. Көбіне-көп жалғыз серуендеп, үнемі ой құшағында жүретін.
Жарыстан кейін әйгілі спортшы тек алтын медальді ғана өзіне қалдыратын. Ал өзге жүлделердің барлығын не лақтырып тастайды, не көшеде кезіккен бөгде адамдардың қолына ұстата салады екен. Расында да шын талантты түсіну қиын ғой…
Тағы бір ерекше атап өтерлік оқиға, Оскар ақсақалдың ұлы да өз дәуірінің теңдессіз мергендерінің бірі болды. 1879 жылы дүниеге келген Альфред Гомер Сван ұзақ жылдар бойы үлкен аренада әкесімен бірге иық тіресе өнер көрсетті. 1908 жылы Лондонда және 1912 жылы Стокгольмде алауы тұтанған Олимпиада ойындарында әкесі мен баласы жеңіс тұғырында қол ұстасып, қатар тұрды. Айтулы жарыстарда асылдың сынығы үш рет бас жүлдені қанжығасына байлады. Онымен терезесі тең өнер көрсету былай тұрсын, өзге мергендер қарсыласуға да жарамады. 1920 жылы Антверпен мен 1924 жылы Парижде өткен ғаламдық жарыста Альфредтің асығы алшысынан түсті.
Бір сөзбен айтсақ, әке жолын қуған асыл ұлдың да бұл салада бағы жанды. Олимпиада додасы барысында Альфред Гомер Сван 3 алтын, 3 күміс және 3 қола медальді олжалады. Кейіннен оның да денсаулығы сыр беріп, нағыз кемелденген шағында үлкен спорттан қол үзуге мәжбүр болды.
Әлемдік спорт тарихында өшпес із қалдырған Оскар ақсақал 1927 жылы 80 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Альфред арада төрт жыл өткеннен кейін жарық дүниемен қош айтысты. Алайда ұлының ғұмыры әкесіне қарағанда келте болды. Ол небәрі 51 жасында көз жұмды.

Авторы: Ғалым Сүлеймен.

 

Бөлісу: