Ең қарт Олимпиада чемпионы

22 Сәуір 2013, 09:43

Спорттық тарихтың сарғайған беттерін парақтасақ, талай қызықты деректерді кезіктіруге болады. Соған назар аудара отырып, кейбір жайттарға таңданбау мүмкін емес. Мәселен, «Ең қарт Олимпиада чемпионы кім?» деген сауал туындаса, оған көпшіліктің тұщымды жауап бере алмасы анық. Жуырда сол сұраққа жауап тауып, тамсана таңдай қақтық. Тарқатып айтсақ, Швецияның әйгілі нысана көздеушісі Оскар Гомер Сван Олимпиада чемпионы деген мәңгілік атаққа 65 жасқа қараған шағында қол жеткізген. Оскар 1847 жылы дүниеге келді. Бозбала шағында-ақ аңшылық кәсіпке аңсары ауған ол таңның атысынан күннің батысына дейін тау-тоғайды аралауды ұнататын. Және де бұл сапарлардың барлығынан үнемі олжалы оралып жүрді. Бірде үйіне құс әкелсе, енді бірде жыртқыш аңды қанжығасына байлайтын. Әйтеуір бос қайтқан кезі жоқ. Жастайынан қарудың сан түрін жетік меңгерген Сван уақыт оза құралайды көзге атқан сұрмергенге айналды. Расында да аңшылықты кәсіп еткендер арасында Швецияның Вестра-Гетланд деп аталатын өңірде оның алдын орайтын ешкім жоқ еді. Оны Швецияның мен деген мергендерінің өздері сөзсіз мойындады. Бірте-бірте Оскардың даңқы күллі Швецияға, одан әрі бүкіл Скандинавия түбегіне жайлады. Бірақ ол кездері нысана көздеуден ресми халықаралық жарыстар өтпейтін. Сондықтан да айтулы азамат нағыз кемелденген шағында төрткүл дүние жұртшылығы алдында өзінің мықтылығын түбегейлі мойындата алмады. Өзінің жұлдызды сәтін Оскар ұзақ күтті. 1896, 1900 және 1904 жылдары жалаулары желбіреген жазғы Олимпиада ойындарына оның қатысқаны, не қатыспағаны бізге беймәлім. Қарт тарихтың сарғайған беттеріне қанша жерден үңілсек те, Афины, Париж және Сент-Луистегі жарысқа қатысқандардың тізімінен айтулы спортшының есімін кезіктіре алмадық. Біздің білетініміз, скандинавиялық сұрмерген 1908 жылы Лондонда өткен Олимпиадада бақ сынау мүмкіндігіне ие болады. Ол кезде Сван 61 жаста еді. Егде тартып қалғанына қарамастан айтулы спортшы жылжымалы нысананы көздеу сайысында барлық қарсыластарын қапыда қалдырып, бас жүлдені олжалады. Зейнет жасындағы азаматтың бұл ерлігіне жүздеген мың жанкүйер құлшына қол соқты. Миллиондаған көрермен тамсана таңдай қақты. Ол аз десеңіз, «Жүгіріп бара жатқан елікті» ату бәсекесінде Оскар қолаға қол созды. Сондай-ақ командалық жарыста Швеция құрамасы жеңімпаз атанды. Аталмыш мемлекеттің ұлттық құрама сапында Сван да өнер көрсетті. Сөйтіп, ғаламдық додада қария екі алтын, бір қола медальді мойнына ілді. Десек те, Тұманды Альбион елінде ең қарт Олимпиада чемпионы атану бақыты оған бұйырмады. Себебі мергендер сайысында ұлыбританиялық Джошуа Миллнердің шоқтығы биік болды. Авторы:Ғалым Сүлеймен

Спорттық тарихтың сарғайған беттерін парақтасақ, талай қызықты деректерді кезіктіруге болады. Соған назар аудара отырып, кейбір жайттарға таңданбау мүмкін емес. Мәселен, «Ең қарт Олимпиада чемпионы кім?» деген сауал туындаса, оған көпшіліктің тұщымды жауап бере алмасы анық. Жуырда сол сұраққа жауап тауып, тамсана таңдай қақтық. Тарқатып айтсақ, Швецияның әйгілі нысана көздеушісі Оскар Гомер Сван Олимпиада чемпионы деген мәңгілік атаққа 65 жасқа қараған шағында қол жеткізген.

Оскар 1847 жылы дүниеге келді. Бозбала шағында-ақ аңшылық кәсіпке аңсары ауған ол таңның атысынан күннің батысына дейін тау-тоғайды аралауды ұнататын. Және де бұл сапарлардың барлығынан үнемі олжалы оралып жүрді. Бірде үйіне құс әкелсе, енді бірде жыртқыш аңды қанжығасына байлайтын. Әйтеуір бос қайтқан кезі жоқ.
Жастайынан қарудың сан түрін жетік меңгерген Сван уақыт оза құралайды көзге атқан сұрмергенге айналды. Расында да аңшылықты кәсіп еткендер арасында Швецияның Вестра-Гетланд деп аталатын өңірде оның алдын орайтын ешкім жоқ еді. Оны Швецияның мен деген мергендерінің өздері сөзсіз мойындады.

Бірте-бірте Оскардың даңқы күллі Швецияға, одан әрі бүкіл Скандинавия түбегіне жайлады. Бірақ ол кездері нысана көздеуден ресми халықаралық жарыстар өтпейтін. Сондықтан да айтулы азамат нағыз кемелденген шағында төрткүл дүние жұртшылығы алдында өзінің мықтылығын түбегейлі мойындата алмады.
Өзінің жұлдызды сәтін Оскар ұзақ күтті. 1896, 1900 және 1904 жылдары жалаулары желбіреген жазғы Олимпиада ойындарына оның қатысқаны, не қатыспағаны бізге беймәлім. Қарт тарихтың сарғайған беттеріне қанша жерден үңілсек те, Афины, Париж және Сент-Луистегі жарысқа қатысқандардың тізімінен айтулы спортшының есімін кезіктіре алмадық. Біздің білетініміз, скандинавиялық сұрмерген 1908 жылы Лондонда өткен Олимпиадада бақ сынау мүмкіндігіне ие болады. Ол кезде Сван 61 жаста еді. Егде тартып қалғанына қарамастан айтулы спортшы жылжымалы нысананы көздеу сайысында барлық қарсыластарын қапыда қалдырып, бас жүлдені олжалады. Зейнет жасындағы азаматтың бұл ерлігіне жүздеген мың жанкүйер құлшына қол соқты. Миллиондаған көрермен тамсана таңдай қақты. Ол аз десеңіз, «Жүгіріп бара жатқан елікті» ату бәсекесінде Оскар қолаға қол созды. Сондай-ақ командалық жарыста Швеция құрамасы жеңімпаз атанды. Аталмыш мемлекеттің ұлттық құрама сапында Сван да өнер көрсетті. Сөйтіп, ғаламдық додада қария екі алтын, бір қола медальді мойнына ілді. Десек те, Тұманды Альбион елінде ең қарт Олимпиада чемпионы атану бақыты оған бұйырмады. Себебі мергендер сайысында ұлыбританиялық Джошуа Миллнердің шоқтығы биік болды.

Авторы:Ғалым Сүлеймен

Бөлісу: