«Қазақстан Барысының» алғашқы финалшылары анықталды

22 Сәуір 2013, 06:40

Қазақ күресін дамыту қоры баспасөз қызметінің хабарлауынша, Маңғыстау облысы бойынша «Қазақстан Барысы» жобасына қатысушы финалшы анықталды. «Үшінші кезеңнің іріктеу сатысында Политехникалық колледждің дене шынықтыру және спорт факультетінің студенті 18 жасар Жаңабай Мейрамбек (85 кг) финалдық кездесуде жасы өзінен үлкен және салмағы да әжептәуір ауыр қарсыласын небәрі 5 секундта таза жеңіспен жеңді»,– делінген хабарламада. Дарынды жас салмағы 120 келі 30 жасар кәнігі палуан Болатбек Төтеновты ұстасқан бетте атып жіберіп, жауырынымен жер искеткен. Жергілікті атқарушы органдардың бірінде істейтін Болатбек: «Мен мұндай шалыс қимылды күткен жоқ едім. Енді финалдық кездесуде сақ болып, жақсы өнер көрсетемін деген үміттемін»,– деді ол. Қазір Болатбек те, Мейрамбек те финалдық кездесуге даярлану үстінде. Енді 22-24 сәуір күндері аралығында Батыс-Қазақстан облысының ең мықты палуандары финалдық бәсекені бастап жібермек. Baq.kz

Қазақ күресін дамыту қоры баспасөз қызметінің хабарлауынша, Маңғыстау облысы бойынша «Қазақстан Барысы» жобасына қатысушы финалшы анықталды.

«Үшінші кезеңнің іріктеу сатысында Политехникалық колледждің дене шынықтыру және спорт факультетінің студенті 18 жасар Жаңабай Мейрамбек (85 кг) финалдық кездесуде жасы өзінен үлкен және салмағы да әжептәуір ауыр қарсыласын небәрі 5 секундта таза жеңіспен жеңді»,– делінген хабарламада.
Дарынды жас салмағы 120 келі 30 жасар кәнігі палуан Болатбек Төтеновты ұстасқан бетте атып жіберіп, жауырынымен жер искеткен. Жергілікті атқарушы органдардың бірінде істейтін Болатбек: «Мен мұндай шалыс қимылды күткен жоқ едім. Енді финалдық кездесуде сақ болып, жақсы өнер көрсетемін деген үміттемін»,– деді ол. Қазір Болатбек те, Мейрамбек те финалдық кездесуге даярлану үстінде.
Енді 22-24 сәуір күндері аралығында Батыс-Қазақстан облысының ең мықты палуандары финалдық бәсекені бастап жібермек.

Baq.kz

Бөлісу: