Он жылда екi рет ұйытқыған Нобель дауылы

22 Сәуір 2013, 05:13

2012 жылы Нобель сыйлығы қытай жазушысы Мо Яньға берiлдi. Бұл — қытай әдебиетiнiң XXI ғасырда екiншi рет аталмыш сыйлыққа ие болуы. Гау Шиңжиан 2000 жылы осы сыйлықтың иегерi атанған. Биыл 12- қазан күнi (Нобель сыйлығы әр жылы қазан айының екiншi аптасында бейсенбi күнi Стокгольм уақыты бойынша түскi сағат 1-де жария етiледi) әлемнiң бiрқатар ақпарат құралдары Нобель сыйлығының жаңа иегерiнiнiң есiмiн бiрiншi болып есту үшiн тағатсыздана күтiп тұрды. Швеция әдебиет академиясының тұрақты хатшысы П.Инген жылдағы әдетi бойынша көпшiлiк күткендей күлiмсiрей жұрт алдына шығып: «2012 жылдың Нобель сыйлығы шындық пен қиялды шебер тоғыстыра отырып, тарих пен қоғамдық болмысты терең қазбалаған шығармаларында У.Фолкнер мен Г.Маркестi елестететiн, қытайдың дәстүрлi әдебиетi мен ауыз әдебиетiнен тың мүмкiндiктер ашқан Мо Яньға берiлдi», — дедi.  2012 жылдың Нобель сыйлығы жария болысымен, Батыс пен Шығыс жұрты бiрден «Мо Янь деген кiм? Таңдау неге оған түстi?» деген сұраққа жауап iздей бастады. Наурыз айында биылғы сыйлыққа ұсыну ресми түрде аяқталған соң аталған додаға әлемнiң 210 қаламгерi ұсынылғаны белгiлi болған. Тiзiмдегi қаламгерлердiң 40 пайызы бұрын сыйлыққа ұсынылмаған жаңа есiмдер едi. Нобель сыйлығына алғашқы iрiктеуден кейiн кiмдердiң келесi топқа өткенi мүлде құпия ақпараттардың қатарына жатады. Соған қарамастан қыркүйек туа сыйлыққа ие болу мүмкiндiгi жоғары деген бес жазушының есiмi ақпарат құралдарында төбе көрсете бастады. Сырттай тон пiшудiң көрiгiн «Ladbrokes» бастаған бiрқатар бәстiгушi компаниялар қыздыра түстi. Олар көрсеткен үмiткерлердiң тiзiмiнде жапон жазушысы Харуки Мураками, Қытай жазушысы Мо Янь, Албания жазушысы И.Кадра, Сирия ақыны Адынос, Корея ақыны Когендер топ бастап тұрды. Қазан айы туып, сыйлық иегерiнiң аты белгiлi болатын күн жақындаған сайын көпшiлiк назары, негiзiнен, екi адамға ойысты. Олар – жоғарыдағы тiзiмнiң басында тұрған жапон және қытайлық жазушылар едi. Бұл осы жылы азиялық жазушылар көш бастады дегендi бiлдiрдi. Оған негiз де бар едi. Өткен он жылда, негiзiнен, еуропалық қаламгерлер мен Латын Америкасының жазушысы аталған сыйлыққа ие болған. Ендiгi кезек Азия мен Африка елдерi жазушыларына келгенi туралы айтыла бастаған. Мұнда жапон жазушысы Харуки Муракамидың бәсi бәрiнен жоғары тұрды. Шығармалары әлемнiң негiзгi тiлдерiне аударылған бұл жазушы осыған дейiн бiрқатар халықаралық сыйлықтардың иегерi атанып үлгерген болатын. Жұрт жапон жазушысы Нобель сыйлығының табалдырығында тұр дегенге шын сендi. Ал, қытай жазушысы Мо Яньге бәс тiккендер аталған жазушы шығармаларының соңғы бiрнеше жылда Еуропа елдерiнде, онда да Еуропаның өнер мен әдебиеттiң салтанатты ордаларында жиi-жиi ауызға алына беруi аталған қаламгер тасының өрге домалай бастағанын көрсетедi деп қарады. Айтса айтқандай, соңғы сәтте қытай жазушысының жолы болды.

2012 жылы Нобель сыйлығы қытай жазушысы Мо Яньға берiлдi. Бұл — қытай әдебиетiнiң XXI ғасырда екiншi рет аталмыш сыйлыққа ие болуы. Гау Шиңжиан 2000 жылы осы сыйлықтың иегерi атанған. Биыл 12- қазан күнi (Нобель сыйлығы әр жылы қазан айының екiншi аптасында бейсенбi күнi Стокгольм уақыты бойынша түскi сағат 1-де жария етiледi) әлемнiң бiрқатар ақпарат құралдары Нобель сыйлығының жаңа иегерiнiнiң есiмiн бiрiншi болып есту үшiн тағатсыздана күтiп тұрды. Швеция әдебиет академиясының тұрақты хатшысы П.Инген жылдағы әдетi бойынша көпшiлiк күткендей күлiмсiрей жұрт алдына шығып: «2012 жылдың Нобель сыйлығы шындық пен қиялды шебер тоғыстыра отырып, тарих пен қоғамдық болмысты терең қазбалаған шығармаларында У.Фолкнер мен Г.Маркестi елестететiн, қытайдың дәстүрлi әдебиетi мен ауыз әдебиетiнен тың мүмкiндiктер ашқан Мо Яньға берiлдi», — дедi. 

2012 жылдың Нобель сыйлығы жария болысымен, Батыс пен Шығыс жұрты бiрден «Мо Янь деген кiм? Таңдау неге оған түстi?» деген сұраққа жауап iздей бастады. Наурыз айында биылғы сыйлыққа ұсыну ресми түрде аяқталған соң аталған додаға әлемнiң 210 қаламгерi ұсынылғаны белгiлi болған. Тiзiмдегi қаламгерлердiң 40 пайызы бұрын сыйлыққа ұсынылмаған жаңа есiмдер едi. Нобель сыйлығына алғашқы iрiктеуден кейiн кiмдердiң келесi топқа өткенi мүлде құпия ақпараттардың қатарына жатады. Соған қарамастан қыркүйек туа сыйлыққа ие болу мүмкiндiгi жоғары деген бес жазушының есiмi ақпарат құралдарында төбе көрсете бастады. Сырттай тон пiшудiң көрiгiн «Ladbrokes» бастаған бiрқатар бәстiгушi компаниялар қыздыра түстi. Олар көрсеткен үмiткерлердiң тiзiмiнде жапон жазушысы Харуки Мураками, Қытай жазушысы Мо Янь, Албания жазушысы И.Кадра, Сирия ақыны Адынос, Корея ақыны Когендер топ бастап тұрды. Қазан айы туып, сыйлық иегерiнiң аты белгiлi болатын күн жақындаған сайын көпшiлiк назары, негiзiнен, екi адамға ойысты. Олар – жоғарыдағы тiзiмнiң басында тұрған жапон және қытайлық жазушылар едi. Бұл осы жылы азиялық жазушылар көш бастады дегендi бiлдiрдi. Оған негiз де бар едi. Өткен он жылда, негiзiнен, еуропалық қаламгерлер мен Латын Америкасының жазушысы аталған сыйлыққа ие болған. Ендiгi кезек Азия мен Африка елдерi жазушыларына келгенi туралы айтыла бастаған. Мұнда жапон жазушысы Харуки Муракамидың бәсi бәрiнен жоғары тұрды. Шығармалары әлемнiң негiзгi тiлдерiне аударылған бұл жазушы осыған дейiн бiрқатар халықаралық сыйлықтардың иегерi атанып үлгерген болатын. Жұрт жапон жазушысы Нобель сыйлығының табалдырығында тұр дегенге шын сендi. Ал, қытай жазушысы Мо Яньге бәс тiккендер аталған жазушы шығармаларының соңғы бiрнеше жылда Еуропа елдерiнде, онда да Еуропаның өнер мен әдебиеттiң салтанатты ордаларында жиi-жиi ауызға алына беруi аталған қаламгер тасының өрге домалай бастағанын көрсетедi деп қарады. Айтса айтқандай, соңғы сәтте қытай жазушысының жолы болды.

Бөлісу: