Орталық жұмысына білікті заңгерлер мен басқа да мамандар тартылады. Оның тұсаукесері Ақмола гарнизонының әскери прокуратурасының және өкілетті мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен «Азаматтарды әскери қызметке шақыру барысында қабылданатын шешімдердің заңдылығы» тақырыбындағы семинар барысында өтті.
Сондай-ақ бұл басқосуда күн тәртібіндегі жекелеген мәселелер және оларды шешу жолдары қаралды.