Бүгін - Халықаралық Жер күні

22 Сәуір 2013, 03:24

Халықаралық Жер күні 2009 жылдың 22 сәуірі күні БҰҰ Бас Ассамблеясының 63-інші сессиясында бекітілді және 2010 жылдың 22 сәуірінен бастап жыл сайын атап өтіледі. Бас Ассамблеяның 63-інші сессиясының төрағасы Мигель д'Эското Брокманның атап өтуінше, қарарда Халықаралық бұл күннің жария етілуі Жер мен оның экожүйесі адамзатқа өмірді қамтамасыз ететін біздің ортақ үйіміз екенін мойындау, сондай-ақ 1992 жылы Рио-де-Жанейрода өткен БҰҰ-ның Қоршаған орта жөніндегі конференциясында қабылданған міндеттемелерді растау болып табылады. Қарарда сондай-ақ «Жер-Ана» термині көптеген елдерде қабылданғанын және ол ғаламшардың, оның экожүйесі мен адамның арасындағы тәуелділікті көрсетеді. Жер күнін адам өту дәстүрі 1970 жылы АҚШ-та пайда болды, ал 1990 жылы бұл дата халықаралық акцияға айналды. Ғалымдардың есебі бойынша, Жер планетасына 4,5 миллиард жыл болды. Ғаламшардың бетінен ортасына дейінгі қашықтық 6378 шақырымға тең. ҚазАқпарат.    

Халықаралық Жер күні 2009 жылдың 22 сәуірі күні БҰҰ Бас Ассамблеясының 63-інші сессиясында бекітілді және 2010 жылдың 22 сәуірінен бастап жыл сайын атап өтіледі.

Бас Ассамблеяның 63-інші сессиясының төрағасы Мигель д'Эското Брокманның атап өтуінше, қарарда Халықаралық бұл күннің жария етілуі Жер мен оның экожүйесі адамзатқа өмірді қамтамасыз ететін біздің ортақ үйіміз екенін мойындау, сондай-ақ 1992 жылы Рио-де-Жанейрода өткен БҰҰ-ның Қоршаған орта жөніндегі конференциясында қабылданған міндеттемелерді растау болып табылады.

Қарарда сондай-ақ «Жер-Ана» термині көптеген елдерде қабылданғанын және ол ғаламшардың, оның экожүйесі мен адамның арасындағы тәуелділікті көрсетеді.

Жер күнін адам өту дәстүрі 1970 жылы АҚШ-та пайда болды, ал 1990 жылы бұл дата халықаралық акцияға айналды.

Ғалымдардың есебі бойынша, Жер планетасына 4,5 миллиард жыл болды. Ғаламшардың бетінен ортасына дейінгі қашықтық 6378 шақырымға тең.

ҚазАқпарат.

 

 

Бөлісу: