22 Сәуір 2013, 03:19
Британдық The Sunday Times басылымы «Металлинвест» қожайыны әрі «Арсенал» футбол клубы акциясының 30 пайызының иегері Әлішер Усмановты Ұлыбританияда бизнесін жүргізетін ең бай адам деп таныды.
Магнаттың байлығы 13,3 млрд фунт стерлингке бағаланып отыр, деп хабарлады Утро. ру.
Екінші орынға бұрынғы Кеңес одағында дүниеге келген, бүгінде американдық кәсіпкер, Warner Music иегері Леонард Блаватник 11 млрд фунт қаржысымен табан тіреген. Ұлыбритания байларының үштігін Лондонда орналасқан консорциумның игерелері ағайынды Шри мен Гопи Хиндуджа тұйықтап тұр. Олардың байлығы 10,6 млрд фунтқа бағаланған.
Тағы бір ресейлік Роман Абрамович The Sunday Times рейтингінде 9,3 млрд фунтпен бесінші орынға тұрақтаған.
ҚазАқпарат.