19 Сәуір 2013, 10:49
КСРО кубогының 1/8 финалында мәскеудің «Динамосына» алтын допты алған жер бетінде алғашқы атақты қақпашы Лев Яшиннің қақпасына соққан голы жанкүйерлер есінде ұзақ сақталатыны анық.Яшин кез-келген шабуылшыға оңайшылықпен гол соқтыра қоймайтыны белгілі. Футбол корольі Пеленің өзі Яшинге гол соға алмай арманда кеткенін ескерсек, демек,біздің кейіпкеріміз бақытты ойыншы.
Кешегі Кеңес үкіметі кезінде елімізде «Қайраттан» кейін танымал командалардың бірі қарағандылық «Шахтер» болды. Сол «Шахтер» мен қазақ футболының флагманы болған «Қайраттың» қатарында өнер көрсеткен үздік шабуылшыларымыздың бірі – Виктор Абгольц.
Виктор Алексеевич Абгольц – 1944 жылы Қостанай облысы, Тобыл стансациясында дүниеге келген. 1948 жылы отбасымен бірге Қарағандыға қоныс аударды. Виктордың футболға келгені тосын жағдай емес болатын. Себебі, үлкен ағасы Леонид Абгольц та 1950 жылдары «Шахтер» сапында өнер көрсеткен. Ал өзі футболға шындап 14 жасынан бастап ден қояды. Алғашқы бапкері Христофор Газелеридиден футболдың қырын-сырын үйренеді. Кейіннен Андрей Гумировтің тобына жазылып, футболшы ретінде әріқарай шындала түсті.Осы жылы Бүкіл одақтық оқушылар спартакиадасына қатысады. Елдің бәрін таңқалдырып, Абгольц ойнайтын Қазақстан құрамасы бірінші рет он бес одақтас республикадан келген команданың ішінде үшінші орынға қол жеткізеді. Бұл сөзсіз үлкен жетістік болатын.
1962 жылы Абгольц «Шахтермен» КСРО чемпионатының «Б» тобында чемпион атанады. Кеншілер осыдан кейін «А» тобына жолдама алады. «Шахтер» сапындағы сол кездегі 18 жастағы жас ойыншыны алматылық «Қайрат» өздеріне шақырады. Бірақ «Қайрат» сапында тек бір маусымды өткізді. Тәжірбиелі ойыншылармен қатар бір командада өнер көрсету жас футболшы үшін оңай шаруа емес. Команда каптитанымен келіспеушілік бар, әрі отбасын сағынады содан «Шахтерге» оралуды құп көреді.Қарағандыға оралған соң, «Шахтердің сапында үш маусымда 107 ойын өткізіп 34 гол соғады. Қайтадан «Қайрат» 1968 жылы екінші рет өз қатарларына шақырады. Бұл кездері «Қайрат» жоғары лигада өнер көрсетіп жүрген болатын. Келген жылы тоғыз гол соғып, команданың бас мергені атанады. Бірақ Абгольцтың тоғыз голы да «Қайратты» жоғары лигада сақтап қалмады. Дегенмен келесі жылы «Қайрат» қайтадан жоғары лигаға оралды. Ал 1971 жылы «Қайрат» өз тарихында алғаш» халықаралық теміржолшылар одағының кубогын ұтып алды.Бұл кубокты ұтып алуда шабуылшы Абгольцтың еңбегі ұшан-теңіз. «Қайраттың» сапында өткізген үш маусымда ол 110 ойында 30 рет қаншығасын майлайды. Әйткенмен,жол апыратына ұшырап, миы шайқалғаннан кейін негізгі құрамда сирек бастады. Осылайша командадан кетіп,1972 жылы қайтадан өзінің бұрыңгы клубына оралады. 1973 жылғы маусымда «Шахтер» бірінші лигада жоғары мардымды нәтиже көрсете алмай екінші лигаға жол тартады. Абгольц осылайша соңғы маусымын екінші лигада өткізіп, бутсысын шегеге іледі.Одан кейін командада қалып Валентин Гроховской бапкердің көмекшісі болып жұмыс істеді.
1975 жылдан бастап төрешілікке бет бұрады, 1980 жылы бүкіл одақтық төреші дәрежісін иемденеді.
1990 жылдан бастап ҚФФ-ның төрешілер комитетінің мүшесі.
Виктор Абгольц футболшы ретінде жоғары лигада 95 ойында 14 гол соққан, ал бірінші лигада барлығы 230 ойында 81 голды қарсыластардың қақпасына тулатқан. Екінші лигада 34 ойын өткізіп, 21 гол еңгізді. Ал жалпы 359 ойында 116 гол соққан.
Ол сондай-ақ «Қайрат» сапындағы алғашқы хет-трихтың авторы,Кировабадта өткен ойында «Динамо» қақпасына үш доп соққан болатын. Екінші хет-тригін донецкінің «Шахтеріне» қарсы ойында орындады. КСРО кубогының 1/8 финалында мәскеудің «Динамосына» алтын допты алған жер бетінде алғашқы атақты қақпашы Лев Яшиннің қақпасына соққан голы жанкүйерлер есінде ұзақ сақталатыны анық.Яшин кез-келген шабуылшыға оңайшылықпен гол соқтыра қоймайтыны белгілі. Футбол корольі Пеленің өзі Яшинге гол соға алмай арманда кеткенін ескерсек, демек,біздің кейіпкеріміз бақытты ойыншы.
Виктор Абгольц футболдағы ғұмырында тек екі командада ғана өнер көрсеткен, «Шахтердің сапында ең көп ойын өткізген он футболшының, мергендер көшінде үздік бестіктің қатарында. Сондай-ақ төрешілік қызметте де үлкен жүмыс атқарды. Қазақ футболына өлшеусіз үлес қосқан шабуылшымыз, «үздік 100 футболшымыздың» қатарынан ойып орын алатыны анық.
Дереккөзі: Бек Төлеуов, Sport.