19 Сәуір 2013, 10:44
1981 жылғы маусымда 34 гол соғып Г.Мартьяннің рекордың қайталайды. Целиноградтық «Целинниктың» шабуылшысы Георгий Мартьян бір маусымда дәл осындай 34 гол соққан болатын.
Қазақстандық клубтардың сапында ең көп гол соғып, талай жанкүйер жүрегінен орын алған,айып соққысын орындаудың шебері, шабуылшыларымыздың бірі – Сергей Гороховодацкий.
Сергей Гороховодацкий – 1949 жылы Свердлов қаласында дүниеге келген. Алғаш ала допқа деген әуестігі туған жері Свердлов жерінде басталған. Бір қызығы, ол алғашында біз білетіндей шабуылшы емес,қақпашы болып бастаған. Бір жыл туған қаласының командасында қақпашы болып та өнер көрсеткен. Алғашқы бапкері – Николай Александрович Самарин («Ростов»,«Челябинск»,«Карпаты»,«Уралмаш» сияқты командаларды баптаған). Ал 1966 жылы 17 жасында жергілікті «Уралмаш» командасының сапында екінші таймда ойынға араласады. Бұл кездері «Уралмаш» жоғарғы лигада өнер көрсетіп жүрген. Кейіннен командасы жоғарғы лигамен қош айтысқан соң, Омбы қаласының «Ертіс» командасына ауысады. Бұл команданың сапында бір маусым өткізіп, өз аймағында үшінші орынға қол жеткізеді. Серега келесі екі маусымда Түменнің «Нефтяник» командасында ойнады. Соңғы маусымында 10 гол соғып,сол аймақтың мергендер көшінде екінші орынға тұрақтады. Осыдан кейінгі өмірі тікелей Қазақстанмен байланысты. Геннадий Григорьевич Костюченко деген бапкердің шақыруымен өскемендік «Востоктың» сапында ауысып, осы командада бірнеше жыл тер төгеді. «Востокты» сол кездері Владимир Александрович Скулкин кейіннен танымал футболшы Сергей Квочкин жаттықтырған болатын.
Ол1976 жылы алматының «Қайратына ауысуды құп көрді. Сол жылы екінші айналымда «Қайрат» сапында бес рет дубль орындап, барлығы 14 гол соғады. Келесі жылы «Қайрат» Африкаға барып бірнеше жолдастық кездесу өткізеді. Эфиопия құрамасына қарсы ойында жарақат алып, бір жыл қатардан шығып қалды. Ал келесі маусымда бірнеше маңызды голдары соғады. Болашақ чемпион тбилисидің «Динамосына», алматылық клубтың басты қарсыласы өзбектердің «Пахтакорына», Ереванның «Арараты» сияқты командаларға соққан голдары жанкүйерлер жүрегінде.
«Қайратта» үш жылын өткізген соң, қайтадан Өскеменге оралады.1981 жылғы маусымда 34 гол соғып Г.Мартьяннің рекордың қайталайды. Целиноградтық «Целинниктың» шабуылшысы Георгий Мартьян бір маусымда дәл осындай 34 гол соққан болатын. Осыншама гол соққан соң стадионға жиналған жанкүйерлер қиқуға басып, «Сергега, алтын бутсыны беру керек(ең үздік мергенге беріледі)» деп дауыстап айғайлатын.
1980 жылы алматылық «Скифке» сосын 1981жылы атыраулық «Каспий» клубына бір ойында бес гол соққаны бар. Қазіргі кезде Мессидің «Байерге» соққан бес голын білгенмен,Сереганың дәл осындай пента-трикты екі рет орындағаның көбі біле бермейді.Футболшының бір ойында бес гол соғуы әлем футболында көп кездесе бермейді. Ал осындай пента-трикты футболшылық карьерасында екі рет орындаған қазақ футболындағы жалғыз футболшы. Әттең, бұл жоғары лига емес, әйтпесе мұндай футболшының даңқы алысқа кететіні анық еді.
Кейінгі жылдары Семейдің «Спартагына» ауысып, ойыншылық карьерасында осы клубта аяқтайды.
Жалпы Сергей Гороховодацкий қазақстандық клубтар сапында 141 гол соққан.Айып соққысын орындаудың хас шебері еді. Тіпті жанкүйерлер «айып соққысын орындаудың карольі» деп мақтауын асырған.
Ол футболдағы карьерасын аяқтаған соң,бапкерлікке бір жола бет бұрады.
Бапкер ретінде мына командаларда қызмет атқарған:
1982 ж. «Спартак» (Семей )
1983-1984 жж. «Авангард» (Петропавл)
1986-1998ж. «Восток» (Өскемен)
1995-1996 жж. Қазақстан (олимп.)
1998ж. Қазақстан
1998-2001жж. «Жеңіс» (Астана)
2001-2003жж. «Шахтер» (Қарағанды)
2004-2006 жж. «Восток» (Өскемен)
2007ж. «Қайсар»
2008ж. «Қазақмыс»
2009ж. Қазақстан (U-21)
2010-2011 жж. Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданының жастар құрамасы.
Дереккөзі: Бек Төлеуов, Sport