Владимир Никитенко

19 Сәуір 2013, 10:41

Алматылық клуб сапында өткен он жылында 296 кездесуде алаңға шықса, соның 257-і жоғары лигаға тиесілі. Бұл клуб тарихындағы рекордтық көрсеткіш болып табылады. Кезіндегі керемет футболшы кейіннен бапкерлік қызметте де жолы болып жүрген– Владимир Никитенко. Өткен ғасырдың 80-жылдары «Қайрат» сапына бірнеше таланттар шоғыры келіп қосылды. Евстафий Пехлеваниди, Вахид Масудов, Сергей Волгин, Кұрбан Бердыев, Сергей Стукашов, Антон Шох, Александр Убыкин, Владимир Никитенко сияқты футболшылар өнер көрсеткен кезде Алматының орталық стадионында ине шаншар орын болмайтын. Тіпті бір кездері 30-40 мыңға жуық көрермен жинаған шақтар жанкүйерлер есінде болар. Әр ойын аншлаг,осыдан болар футболшылар да барын салып,жанкүйер алдында ұтылмауға тырысатын. Осы жұлдызды команданың бас бапкері Леонид Константинович Остроушко болды. Бұл бапкер 1986 жылы жоғары лигада командасын жетінші орынға дейін көтеріп,Каминскийдің нәтижесін қайталады. Бұл клуб тарихындағы ең жоғары көрсеткіш болатын.  Осы команданың сапында 1978-1987 жылдар аралығында он жылға жуық доп тепкен ойыншылардың бірі әрі бірегейі – Владимир Никитенко. Алғаш футболшылық карьерасын 1974 жылы ашхабадтың «Строитель» командасынан бастаған. Он жетідегі боз бала жігіт түрікменстандық команданың қатарында төрт жылға жуық өнер көрсетті. Осы клубтың сапында ойнап жүрген кезінде «Қайраттың» бапкерлері Станислав Каминский мен Тимур Сегізбаев байқап талантты жас баланы алматылық клубтың қатарына шақырады. Бірақ, Владимир Түрікменстаннан кете алмайды. Кейіннен 1976 жылы жазда бірінші лигада өнер көрсетіп жүрген қос команда «Строитель» мен «Қайрат» Ашхабадта кездеседі. Бұл кездесуде алаң иелері 5:2 есебімен жеңіске жетті. Осы ойыннан кейін «Қайрат» басшылары Никитенкоға тағы назар аударып, екінші рет өз қатарларына шақырады. Содан екі жақты келсімнен кейін ол алматылық команданың ойыншысы атанды. Бұл жылы «Қайрат» бірінші лигадан жоғары лигаға қайта шыққан болатын. «Қайратта» өнер көрсеткен жылдары ішінде бірнеше бапкердің қарамағында жаттықты. Алғаш Каминский,Сегізбаев сияқты бапкерлер болса, кейіннен  Игорь Волчок, Леонид Остроушко тәрізді бапкерлерден тәлім алды. Жанкүйерлер әлі күнге 1984-85 жылдары «Қайраттың» Киевтің «Динамосын» екі рет Алматыда қалай ұтқанын жыр қылып айтады. Сол ойында Никитенко да негізгі құрамда бой көрсеткен болатын. Блохин, Беланов сияқты шеберлері бар команда анау-мынау қарсыласқа ол кездері дес бермейтін. Тіпті, осындай қауқарлы қарсыластың  қақпасына Біздің Евстафий Пехлеваниди 1986 жылы КСРО чемпионаты тарихында ең жылдам голды да соққан болатын. Владимир өнер көрсеткен сол кездегі «Қайраттың қарқыны кімді болмасын сүйсіндермей қоймады. Қос қапталдан кезек-кезек жүйткіп, қарсылас команданың қорғаушыла- рына тыным бермейтін,әріптестеріне ыңғайлы пас беріп команданың шебер ойыншыларының бірі болды. Ол «Қайраттың» қатарында жоғары лиагада ең көп ойын өткізген ойыншы.Алматылық клбу сапында өткен он жылында 296 кездесуде алаңға шықса, соның 257-і жоғары лигаға тиесілі. Бұл клуб тарихындағы рекордтық көрсеткіш болып табылады. Отыздан асып, шау тарта бастаған кезде павлодарлық «Трактордың» қатарында екі жыл өнер көрсетті. Одан кейін футболшылық карьерасын аяқтайтын тұста жамбылдық «Химик», алматының «Достығында» аз уақыт ойнады. Еліміз тәуелсіздік алған кезде  бапкерлікке бет бұрды. Бапкерлік қызметте де бұл күндері тәп-тәуір жұмыс істеп жүр. «Елімай», «Қайрат», «Атырау», «Ақтөбе», «Қайсар» сияқты еліміздің командаларымен қатар бір кездері Воит Талгаевтың шақыруымен грозныйдың «Терегінде» де жұмыс істеп қайтқан болатын. «Теректе» аға бапкер болған жылдары командасы Ресей Кубогын, бірінші лиганы ұтып премьер-лигаға да шыққан еді. Ол жаттықтырған Семейдің «Елімайы» 1995 жылы Қазақстан чемпионы, Қазақстан Кубогын және Суперкубокты да иемденген болатын. Биылғы маусымнан бастап Владимир Никитенко еліміздің төрт дүркін чемпионы «Ақтөбенің» бас бапкері. Футболшы әрі бапкер ретінде елімізге кеңінен танымал болған Владимир Никитенконың қазақ футболына сіңірген еңбегі ұшаң-теңіз. Бапкер ретінде еліміздің командаларын жоғары жетістікке бастай береді деп үміттенеміз. Дереккөзі: Бек Төлеуов, sport    

Алматылық клуб сапында өткен он жылында 296 кездесуде алаңға шықса, соның 257-і жоғары лигаға тиесілі. Бұл клуб тарихындағы рекордтық көрсеткіш болып табылады. Кезіндегі керемет футболшы кейіннен бапкерлік қызметте де жолы болып жүрген– Владимир Никитенко.

Өткен ғасырдың 80-жылдары «Қайрат» сапына бірнеше таланттар шоғыры келіп қосылды. Евстафий Пехлеваниди, Вахид Масудов, Сергей Волгин, Кұрбан Бердыев, Сергей Стукашов, Антон Шох, Александр Убыкин, Владимир Никитенко сияқты футболшылар өнер көрсеткен кезде Алматының орталық стадионында ине шаншар орын болмайтын. Тіпті бір кездері 30-40 мыңға жуық көрермен жинаған шақтар жанкүйерлер есінде болар. Әр ойын аншлаг,осыдан болар футболшылар да барын салып,жанкүйер алдында ұтылмауға тырысатын. Осы жұлдызды команданың бас бапкері Леонид Константинович Остроушко болды. Бұл бапкер 1986 жылы жоғары лигада командасын жетінші орынға дейін көтеріп,Каминскийдің нәтижесін қайталады. Бұл клуб тарихындағы ең жоғары көрсеткіш болатын.  Осы команданың сапында 1978-1987 жылдар аралығында он жылға жуық доп тепкен ойыншылардың бірі әрі бірегейі – Владимир Никитенко.

Алғаш футболшылық карьерасын 1974 жылы ашхабадтың «Строитель» командасынан бастаған. Он жетідегі боз бала жігіт түрікменстандық команданың қатарында төрт жылға жуық өнер көрсетті. Осы клубтың сапында ойнап жүрген кезінде «Қайраттың» бапкерлері Станислав Каминский мен Тимур Сегізбаев байқап талантты жас баланы алматылық клубтың қатарына шақырады. Бірақ, Владимир Түрікменстаннан кете алмайды. Кейіннен 1976 жылы жазда бірінші лигада өнер көрсетіп жүрген қос команда «Строитель» мен «Қайрат» Ашхабадта кездеседі. Бұл кездесуде алаң иелері 5:2 есебімен жеңіске жетті. Осы ойыннан кейін «Қайрат» басшылары Никитенкоға тағы назар аударып, екінші рет өз қатарларына шақырады. Содан екі жақты келсімнен кейін ол алматылық команданың ойыншысы атанды. Бұл жылы «Қайрат» бірінші лигадан жоғары лигаға қайта шыққан болатын.

«Қайратта» өнер көрсеткен жылдары ішінде бірнеше бапкердің қарамағында жаттықты. Алғаш Каминский,Сегізбаев сияқты бапкерлер болса, кейіннен  Игорь Волчок, Леонид Остроушко тәрізді бапкерлерден тәлім алды.

Жанкүйерлер әлі күнге 1984-85 жылдары «Қайраттың» Киевтің «Динамосын» екі рет Алматыда қалай ұтқанын жыр қылып айтады. Сол ойында Никитенко да негізгі құрамда бой көрсеткен болатын. Блохин, Беланов сияқты шеберлері бар команда анау-мынау қарсыласқа ол кездері дес бермейтін. Тіпті, осындай қауқарлы қарсыластың  қақпасына Біздің Евстафий Пехлеваниди 1986 жылы КСРО чемпионаты тарихында ең жылдам голды да соққан болатын. Владимир өнер көрсеткен сол кездегі «Қайраттың қарқыны кімді болмасын сүйсіндермей қоймады.

Қос қапталдан кезек-кезек жүйткіп, қарсылас команданың қорғаушыла- рына тыным бермейтін,әріптестеріне ыңғайлы пас беріп команданың шебер ойыншыларының бірі болды. Ол «Қайраттың» қатарында жоғары лиагада ең көп ойын өткізген ойыншы.Алматылық клбу сапында өткен он жылында 296 кездесуде алаңға шықса, соның 257-і жоғары лигаға тиесілі. Бұл клуб тарихындағы рекордтық көрсеткіш болып табылады.

Отыздан асып, шау тарта бастаған кезде павлодарлық «Трактордың» қатарында екі жыл өнер көрсетті. Одан кейін футболшылық карьерасын аяқтайтын тұста жамбылдық «Химик», алматының «Достығында» аз уақыт ойнады. Еліміз тәуелсіздік алған кезде  бапкерлікке бет бұрды.

Бапкерлік қызметте де бұл күндері тәп-тәуір жұмыс істеп жүр. «Елімай», «Қайрат», «Атырау», «Ақтөбе», «Қайсар» сияқты еліміздің командаларымен қатар бір кездері Воит Талгаевтың шақыруымен грозныйдың «Терегінде» де жұмыс істеп қайтқан болатын. «Теректе» аға бапкер болған жылдары командасы Ресей Кубогын, бірінші лиганы ұтып премьер-лигаға да шыққан еді. Ол жаттықтырған Семейдің «Елімайы» 1995 жылы Қазақстан чемпионы, Қазақстан Кубогын және Суперкубокты да иемденген болатын.

Биылғы маусымнан бастап Владимир Никитенко еліміздің төрт дүркін чемпионы «Ақтөбенің» бас бапкері.

Футболшы әрі бапкер ретінде елімізге кеңінен танымал болған Владимир Никитенконың қазақ футболына сіңірген еңбегі ұшаң-теңіз. Бапкер ретінде еліміздің командаларын жоғары жетістікке бастай береді деп үміттенеміз.

Дереккөзі: Бек Төлеуов, sport

 

 

Бөлісу: