Өлеңдері

19 Сәуір 2013, 10:10

Көтеш - өлеңді көп шығарған төкпе ақын. Оның әлі жиналмай, ел аузында жүрген сөздері көп. Ақын шығармалары өз кезінің талай тақырыптарын көтеріп, ішкі-сыртқы ел қайшылықтарына үн қосқан. Ол өз еліндегі кемтарлар тұрмысын, әлеуметтік теңсіздіктерді де, халықтың мұң-шерлерін де толғана жырлады. Абылай, Ботақанды сен өлтірдің        Абылай, Ботақанды сен өлтірдің,  Есіл ер жазығы жоқ неге өлтірдің? Хан басың қарашыңмен даулы болып, Үстінеақ орданың қол келтірдің. Абылай, күйіп-кетті салған қалаң, Мейрамға не еді сенің жапқан жалаң? Жанайды дәл бүгін күн босатпасаң, Болады ертең жесір қатын-балаң!!!   Арқа ойылдың құба жөн түсер қақтар   Арқа ойылдың құба жөн түсер қақтар,  Су ішуге сол қақты құлан жақтар. Атадан алтау, жетеу туғанменен, Соның ішінде біреуі-ақ сүтін ақтар. Ай қараңғы, күн бұлт, түн демеңіз, Біреу жарлы, біреу бай, күндемеңіз. Ата тілін алмаған арам ұлды Аузы түкті кәпірден кем демеңіз. Ай қараңғы, күн бұлт, түн демеңіз, Біреу жарлы, біреу бай, күндемеңіз. Ата тілін сыйлаған адал ұлды Хат оқыған молдадан кем демеңіз. Балаңа ұрса берме таз болса да, Малыңды сол бағады аз да болса. Жұмыскер есіктегі тынышы кетер, Қожайын түрде отырған қазба болса.   Күркелінің бауыры күнде дауыл         Күркелінің бауыры күнде дауыл,  Көтеш қалды жұртында жалғыз ауыл. Ауырып жатқан көңілімді бір сұрамай, Шын Сексеннің баласы қара бауыр. Бір жанымның қамы үшін жүрдім саяқ, Не қыламын бұл малды жаннан аяп. Ауырып жатқан күнімде бір қайрылмай, Ет дегенде қалмапты тайлы-таяқ. Арғы атамды сұрасаң Сексен жұмла, Райымбек Сексеннен туған ұл ма?! Райымбекті сен де еш қоя алмайсың, Райымбек би болса, Рай құл ма?!   Қартайғанда қатының дұшпан болды   Қартайғанда қатының дұшпан болды,  Баласымен бірігіп қысқан болды. Келін деген бір дұшпан тағы шығып, Біреуі іштен, біреуі тыстан болды. Қартайғанда қатының қазба дейді, Келін менен балаға жазба дейді. Ат болса, айғыр болса, солар мініп, Шолақ байтал қақбасқа аз ба дейді. «Бала, бала!» деуменен мазалымыз, Баладан болар білем ажалымыз. Баламызға жалынсақ жан сақтар ек, Келін деген даяр түр тажалымыз! Кәрілік, жылы-жұмсақ ас жарай ма, Қазы, қарта, жал, жая, бас жарай ма? Кәрілік, мұның бәрін жақтырмайсың, Үйген топырақ, қалаған тас жарай ма?! Алдымнан алты пұшық анталады, Тілге келмей біреуі балталады. Осы аурудан, сірә, жан қалмас білем, Балтасы тиген жері қанталады. Япыр-ай, бұл не деген ел боларсың, Не малдан, не перзенттен кем боларсың. Қарап жүрген Көтешке тиемін деп, Баласына Құлболдының жем боларсың. Дереккөзі: kazakhadebieti.kz    

Көтеш - өлеңді көп шығарған төкпе ақын. Оның әлі жиналмай, ел аузында жүрген сөздері көп. Ақын шығармалары өз кезінің талай тақырыптарын көтеріп, ішкі-сыртқы ел қайшылықтарына үн қосқан. Ол өз еліндегі кемтарлар тұрмысын, әлеуметтік теңсіздіктерді де, халықтың мұң-шерлерін де толғана жырлады.

Абылай, Ботақанды сен өлтірдің

 

     Абылай, Ботақанды сен өлтірдің, 

Есіл ер жазығы жоқ неге өлтірдің?

Хан басың қарашыңмен даулы болып,

Үстінеақ орданың қол келтірдің.

Абылай, күйіп-кетті салған қалаң,

Мейрамға не еді сенің жапқан жалаң?

Жанайды дәл бүгін күн босатпасаң,

Болады ертең жесір қатын-балаң!!!

 

Арқа ойылдың құба жөн түсер қақтар

 

Арқа ойылдың құба жөн түсер қақтар, 

Су ішуге сол қақты құлан жақтар.

Атадан алтау, жетеу туғанменен,

Соның ішінде біреуі-ақ сүтін ақтар.

Ай қараңғы, күн бұлт, түн демеңіз,

Біреу жарлы, біреу бай, күндемеңіз.

Ата тілін алмаған арам ұлды

Аузы түкті кәпірден кем демеңіз.

Ай қараңғы, күн бұлт, түн демеңіз,

Біреу жарлы, біреу бай, күндемеңіз.

Ата тілін сыйлаған адал ұлды

Хат оқыған молдадан кем демеңіз.

Балаңа ұрса берме таз болса да,

Малыңды сол бағады аз да болса.

Жұмыскер есіктегі тынышы кетер,

Қожайын түрде отырған қазба болса.

 

Күркелінің бауыры күнде дауыл

 

      Күркелінің бауыры күнде дауыл, 

Көтеш қалды жұртында жалғыз ауыл.

Ауырып жатқан көңілімді бір сұрамай,

Шын Сексеннің баласы қара бауыр.

Бір жанымның қамы үшін жүрдім саяқ,

Не қыламын бұл малды жаннан аяп.

Ауырып жатқан күнімде бір қайрылмай,

Ет дегенде қалмапты тайлы-таяқ.

Арғы атамды сұрасаң Сексен жұмла,

Райымбек Сексеннен туған ұл ма?!

Райымбекті сен де еш қоя алмайсың,

Райымбек би болса, Рай құл ма?!

 

Қартайғанда қатының дұшпан болды

 

Қартайғанда қатының дұшпан болды, 

Баласымен бірігіп қысқан болды.

Келін деген бір дұшпан тағы шығып,

Біреуі іштен, біреуі тыстан болды.

Қартайғанда қатының қазба дейді,

Келін менен балаға жазба дейді.

Ат болса, айғыр болса, солар мініп,

Шолақ байтал қақбасқа аз ба дейді.

«Бала, бала!» деуменен мазалымыз,

Баладан болар білем ажалымыз.

Баламызға жалынсақ жан сақтар ек,

Келін деген даяр түр тажалымыз!

Кәрілік, жылы-жұмсақ ас жарай ма,

Қазы, қарта, жал, жая, бас жарай ма?

Кәрілік, мұның бәрін жақтырмайсың,

Үйген топырақ, қалаған тас жарай ма?!

Алдымнан алты пұшық анталады,

Тілге келмей біреуі балталады.

Осы аурудан, сірә, жан қалмас білем,

Балтасы тиген жері қанталады.

Япыр-ай, бұл не деген ел боларсың,

Не малдан, не перзенттен кем боларсың.

Қарап жүрген Көтешке тиемін деп,

Баласына Құлболдының жем боларсың.

Дереккөзі: kazakhadebieti.kz

 

 

Бөлісу: