Еуразияшылдық

18 Сәуір 2013, 05:13

Лев Нико­лаевич Гумилев өмірінің соңғы жылдарында өзін “еуразияшылмын” деп ашық айтып жүрді. “Жұрт мені еуразияшыл дейді, мен ондай пікірге қарсы емеспін”, – деген ойды ашық айтқаны белгілі. Шынында да еуразия­шылдық идея Лев Николаевич шығармашы­лығының өн бойында үзілмей көрініс тауып отыратынын аңғару қиын емес. Сонымен бірге, Лев Нико­лаевичтің еуразияшылды­ғында өзіндік ерекшеліктің де бары рас. Еуразияшылдық идеяның тарихын үш кезеңге бөліп қарастыруға болатын сияқты. Біріншісі – Қазан төңкерісіне дейінгі кезең. Екіншісі – Қазан төңкерісінен кейінгі Ресей эмигранттары мұрындық болған кезең. Үшіншісі – екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезең. Бұл үш кезеңнің өн бойында еуразияшылдық идеяның дем берушілері – тарихшылар Г.В.Вернадский, Л.П.Кар­савин, Л.Н.Гумилев, құдайшыл Г.Ф.Фло­­рен­ский, географ П.Н. Савиц­кий, шығыстанушы В.П. Никитин, этнограф Н.С.Трубецкой сияқты көрнекті тұлғалар болды. Еуразияшылдық идеяның бірінші кезеңінде ұлы орысшылдық пиғыл бел алып жатты. Батыс пен Шығыстың, яғни роман-германдар мен азиялықтардың ортасындағы Ресейдің айырықша рөлі болу керек деген идея күн тәртібіне қойылды. Еуразияшылдық доктринаның постулаттарын Г.В.Вернадский былайша айқын тұжырымдады: “азиялық” және “еуропалық” Ресей арасында табиғи шекара жоқ. Демек, “еуропалық” немесе “азиялық” деп бөлшектейтіндей екі Ресей де жоқ. Тек, “еуразиялық” немесе Ресей-Еуразия деп аталатын бір ғана Ресей бар” (Г.В.Вернадский. Начертание русской истории. Прага. 1927. 5-бет). Еуразияшылдық идеяның екінші кезеңінде сол алғашқы ой-тұжырымдар жаңаша серпінмен одан әрі жалғасты. Себебі, Ресей эмигранттары социалистік жүйенің ұстанымдары азиялық тұрғындардың ойынан шығып, одан әрі еуразияшылдық идеяның жүзеге асуын жеделдетеді деп үміттенді. Жай үміттенген жоқ. Еуразия кеңістігінде Ресей ділінің үстемдік құруы ашық айтылып, Ресейді “айрықша мәдени-тарихи әлем” деп жариялай бастады. Түптеп келгенде, мұндай пиғылдан социалистік Ресейдің де экспансиялық-ассимиляцияшыл үрдістері алшақ болмайтын. Үшінші кезеңде еуразияшыл идеяның көңіл қалауынан гөрі, нақтылы тарихи си­туа­циялармен көбірек санасқанын аңғаруға бо­л­ады. Яғни, әлемдік бәсекелестікте Еур­азия халықтары өздерін мүдделестер, тағ­дыр­лас­тар ретінде сезініп, әлеуметтік-эко­но­ми­ка­лық және саяси-мәдени одақтастық­ты еур­а­зияшылдықтың өзекті постулатына ай­нал­дыра бастады. Әсіресе, КСРО ыдыра­ған­нан кейін еуразияшылдық идеяның бұл сияқты жаңа бағытына тәуелсіз Қазақ­станның тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев­тың тікелей ұйытқы болғанын атап өткен жөн. Бұл мәселеде Л.Н.Гумилев тарихи қисындарды көлденең тарту арқылы көзге түсті. Ол Еуразия ойкуменін тарихи тағдыры біртұтас, әлемнің алтыдан бір бөлігі ретінде қарастырды. Бұл ретте, Лев Николаевич Ресей тарихындағы Ұлы Дала  рөлін мүлде жаңаша парықтады. Атап айтқанда, орыс тарихында бел алып жататын “татар-моңғол езгісі” деген идеядан бірінші болып бас тартты. Ол үшін Ресей деген Моңғол ұлысы­нан кейінгі біртұтас Еуразия империясының православтық варияциясы еді. Мұндай идея өзінен-өзі Ресейдің тарих сахнасына шығуындағы Еуразия көшпелілерінің рөлі деген екінші идеяны дүниеге келтірді. Міне, еуразияшылдық мәселесінде Лев Николаевич осындай идея арқылы өзін ұшқыр, ойлы ғалым ретінде әйгілей алды. Ол бұрынғы саяси-идеологиялық  еуразияшылдықты дәлелді тұжырымдамасы бар ғылымға айналдыра білді. Әрине, осындай ой-идеяларына қатысты болар, қазақстандықтар Лев Николаевич Гумилевті айырықша құрмет тұтады. Ол кісінің атында Қазақстанда университет бар. Ол университет Астана қаласында – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті деп аталады. Қазақстан қалаларында бірнеше көше “Л.Н.Гумилев көшесі” деп аталады. Лев Николаевич туралы тұңғыш рет ғылыми-көпшілік фильм түсірушілер де қазақстандықтар болды. Қазірдің өзінде “Қиял патшалығын іздеу”, “Байырғы түркілер” деп аталатын көлемді кітаптары қазақ тіліне аударылып үлгерген. Ресей академиясы Лев Николаевичтің 80 жылдығында тіс жармап еді. Шүкір, әйгілі ғалымның одан кейінгі 90 жылдығын, туған күнін қазақстандықтар ұмыт қалдырмай кеңінен атап өтуді дәстүрге айналдырған.  “Уақыт бәрін де өз орнына қояды” деген осы. Ақселеу Сейдімбек, "Гумилев"

Лев Нико­лаевич Гумилев өмірінің соңғы жылдарында өзін “еуразияшылмын” деп ашық айтып жүрді. “Жұрт мені еуразияшыл дейді, мен ондай пікірге қарсы емеспін”, – деген ойды ашық айтқаны белгілі. Шынында да еуразия­шылдық идея Лев Николаевич шығармашы­лығының өн бойында үзілмей көрініс тауып отыратынын аңғару қиын емес. Сонымен бірге, Лев Нико­лаевичтің еуразияшылды­ғында өзіндік ерекшеліктің де бары рас.

Еуразияшылдық идеяның тарихын үш кезеңге бөліп қарастыруға болатын сияқты. Біріншісі – Қазан төңкерісіне дейінгі кезең. Екіншісі – Қазан төңкерісінен кейінгі Ресей эмигранттары мұрындық болған кезең. Үшіншісі – екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезең. Бұл үш кезеңнің өн бойында еуразияшылдық идеяның дем берушілері – тарихшылар Г.В.Вернадский, Л.П.Кар­савин, Л.Н.Гумилев, құдайшыл Г.Ф.Фло­­рен­ский, географ П.Н. Савиц­кий, шығыстанушы В.П. Никитин, этнограф Н.С.Трубецкой сияқты көрнекті тұлғалар болды.

Еуразияшылдық идеяның бірінші кезеңінде ұлы орысшылдық пиғыл бел алып жатты. Батыс пен Шығыстың, яғни роман-германдар мен азиялықтардың ортасындағы Ресейдің айырықша рөлі болу керек деген идея күн тәртібіне қойылды. Еуразияшылдық доктринаның постулаттарын Г.В.Вернадский былайша айқын тұжырымдады: “азиялық” және “еуропалық” Ресей арасында табиғи шекара жоқ. Демек, “еуропалық” немесе “азиялық” деп бөлшектейтіндей екі Ресей де жоқ. Тек, “еуразиялық” немесе Ресей-Еуразия деп аталатын бір ғана Ресей бар” (Г.В.Вернадский. Начертание русской истории. Прага. 1927. 5-бет).

Еуразияшылдық идеяның екінші кезеңінде сол алғашқы ой-тұжырымдар жаңаша серпінмен одан әрі жалғасты. Себебі, Ресей эмигранттары социалистік жүйенің ұстанымдары азиялық тұрғындардың ойынан шығып, одан әрі еуразияшылдық идеяның жүзеге асуын жеделдетеді деп үміттенді. Жай үміттенген жоқ. Еуразия кеңістігінде Ресей ділінің үстемдік құруы ашық айтылып, Ресейді “айрықша мәдени-тарихи әлем” деп жариялай бастады. Түптеп келгенде, мұндай пиғылдан социалистік Ресейдің де экспансиялық-ассимиляцияшыл үрдістері алшақ болмайтын.

Үшінші кезеңде еуразияшыл идеяның көңіл қалауынан гөрі, нақтылы тарихи си­туа­циялармен көбірек санасқанын аңғаруға бо­л­ады. Яғни, әлемдік бәсекелестікте Еур­азия халықтары өздерін мүдделестер, тағ­дыр­лас­тар ретінде сезініп, әлеуметтік-эко­но­ми­ка­лық және саяси-мәдени одақтастық­ты еур­а­зияшылдықтың өзекті постулатына ай­нал­дыра бастады. Әсіресе, КСРО ыдыра­ған­нан кейін еуразияшылдық идеяның бұл сияқты жаңа бағытына тәуелсіз Қазақ­станның тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев­тың тікелей ұйытқы болғанын атап өткен жөн.

Бұл мәселеде Л.Н.Гумилев тарихи қисындарды көлденең тарту арқылы көзге түсті. Ол Еуразия ойкуменін тарихи тағдыры біртұтас, әлемнің алтыдан бір бөлігі ретінде қарастырды. Бұл ретте, Лев Николаевич Ресей тарихындағы Ұлы Дала  рөлін мүлде жаңаша парықтады. Атап айтқанда, орыс тарихында бел алып жататын “татар-моңғол езгісі” деген идеядан бірінші болып бас тартты. Ол үшін Ресей деген Моңғол ұлысы­нан кейінгі біртұтас Еуразия империясының православтық варияциясы еді. Мұндай идея өзінен-өзі Ресейдің тарих сахнасына шығуындағы Еуразия көшпелілерінің рөлі деген екінші идеяны дүниеге келтірді. Міне, еуразияшылдық мәселесінде Лев Николаевич осындай идея арқылы өзін ұшқыр, ойлы ғалым ретінде әйгілей алды. Ол бұрынғы саяси-идеологиялық  еуразияшылдықты дәлелді тұжырымдамасы бар ғылымға айналдыра білді.

Әрине, осындай ой-идеяларына қатысты болар, қазақстандықтар Лев Николаевич Гумилевті айырықша құрмет тұтады. Ол кісінің атында Қазақстанда университет бар. Ол университет Астана қаласында – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті деп аталады. Қазақстан қалаларында бірнеше көше “Л.Н.Гумилев көшесі” деп аталады. Лев Николаевич туралы тұңғыш рет ғылыми-көпшілік фильм түсірушілер де қазақстандықтар болды. Қазірдің өзінде “Қиял патшалығын іздеу”, “Байырғы түркілер” деп аталатын көлемді кітаптары қазақ тіліне аударылып үлгерген.

Ресей академиясы Лев Николаевичтің 80 жылдығында тіс жармап еді. Шүкір, әйгілі ғалымның одан кейінгі 90 жылдығын, туған күнін қазақстандықтар ұмыт қалдырмай кеңінен атап өтуді дәстүрге айналдырған.  “Уақыт бәрін де өз орнына қояды” деген осы.

Ақселеу Сейдімбек, "Гумилев"

Бөлісу: