Хунну өркениеті мен моңғол тарихы

18 Сәуір 2013, 05:07

Осындай аласапыран жылдар шарпуында жүріп, Лев Николаевич 1946 жылы Ленинград университетін бітіреді. Қатардағы бітірушілердің бірі емес, француз, неміс, байырғы түркі және латын тілдерін меңгеріп, хунну өркениеті мен байырғы моңғол тарихы бойынша маман болып шығады. Универ­ситет қабырғасында В.Струве, Е.Тарле, Б.Греков, С.Малов, М.Артомонов, С.Руденко сияқты  ғалымдармен етене танысып, Памирде, Украинаның Подолиясында, Грузияның  Картлиінде, Орталық Азияның Алтайында (Пазырық) жүргізілген археоло­гиялық экспедицияларға қатысады. 1948 жылы Бірінші Түркі қағанатының (546-659) саяси тарихына арналған тақырыпта кандидаттық диссертация қорғайды. Мұнан әрі, тағы да бас бостандығынан айырылған Лев Николаевич 1956 жылы каторгалық эпопеясын біржола аяқтап келіп, Эрмитажға кітапхана қызметкері болып орналасады. Осы қызметте жүріп, байырғы түркілер тақырыбы бойынша 1967 жылы докторлық диссертация қорғайды. Сол жылы докторлық диссертациясының толықтырыл­ған нұсқасы “Байырғы түркілер” деген атпен жарық көреді. Тақырыптың сонылығы және беймәлім мәдениеттің жеріне жете ашылуы, автордың ғажайып аңғарғыштығы мен терең білімі, сондай-ақ мейлінше оралымды тіл-стилі ғылыми ортаның да, былайғы оқырманның да назарын аударады. 1967 жылы Ленинград университетінің аясында география ғылыми-зерттеу инсти­туты ашылып, ректор А.Александров­тың шақыруымен Лев Николаевич ғылыми қызметкер болып келеді. Осы орында 1986 жылы еңбек демалысына шыққанға дейін кіші, аға, жетекші ғылыми қызметкер деген сатылардан өткенімен, профессор шеніне іліге алмайды. Оның есесіне Лев Николаевич “Халықтану” деп аталатын арнаулы курс бойынша студенттерге аттай 20 жыл бойы армансыз лекция оқиды. Оның лекциясына бүкіл университет құлақ түріп, тіптен еркін тыңдаушылардың өзі аудиторияны керіп кетеді екен. Ол лекция оқыған 20 жыл  аясында бірнеше толқын студенттердің зердесін қалыптастырып қана қойған жоқ, сонымен бірге өзі де шыңдала жүріп, бүкіл әлем мойындаған орыс этнологиясының іргетасын қалаушылардың маңдай алдында болды. Дәлірек айтсақ, таза гумилевтік этнология мектебін дүниеге келтірді. Яғни, этностың шаруашылық және саяси жүйелерінің арасындағы өзгерістердің өзара байланысына, сол байланыстардың нәтиже­сін­де болатын жаңғыруларға, сондай-ақ этностың кіндік жұр­ты болып табылатын ландшафт эволюциясына табанды түрде ден қояды. Бұл ретте, ол Ұлы Дала көшпелілері шаруашылығының, этно­тарихының және экожүйесінің арасында өзара бітеқайнасқан байланыстың барына алдымен назар аударады. Этнологияға қатысты мәселенің бұлайша қойылуында “тарихи материа­лизмді” тұғыр ет­кен КСРО ғалымдарының тұжырымынан да немесе ауа райы жұм­сақ географиялық ортаға үйренген Еуропа ғалым­дарының тұжы­рымынан да әдіснама­лық (методологиялық) айырмашылық бар еді. Ақселеу Сейдімбек, "Гумилев"

Осындай аласапыран жылдар шарпуында жүріп, Лев Николаевич 1946 жылы Ленинград университетін бітіреді. Қатардағы бітірушілердің бірі емес, француз, неміс, байырғы түркі және латын тілдерін меңгеріп, хунну өркениеті мен байырғы моңғол тарихы бойынша маман болып шығады. Универ­ситет қабырғасында В.Струве, Е.Тарле, Б.Греков, С.Малов, М.Артомонов, С.Руденко сияқты  ғалымдармен етене танысып, Памирде, Украинаның Подолиясында, Грузияның  Картлиінде, Орталық Азияның Алтайында (Пазырық) жүргізілген археоло­гиялық экспедицияларға қатысады. 1948 жылы Бірінші Түркі қағанатының (546-659) саяси тарихына арналған тақырыпта кандидаттық диссертация қорғайды.

Мұнан әрі, тағы да бас бостандығынан айырылған Лев Николаевич 1956 жылы каторгалық эпопеясын біржола аяқтап келіп, Эрмитажға кітапхана қызметкері болып орналасады. Осы қызметте жүріп, байырғы түркілер тақырыбы бойынша 1967 жылы докторлық диссертация қорғайды. Сол жылы докторлық диссертациясының толықтырыл­ған нұсқасы “Байырғы түркілер” деген атпен жарық көреді. Тақырыптың сонылығы және беймәлім мәдениеттің жеріне жете ашылуы, автордың ғажайып аңғарғыштығы мен терең білімі, сондай-ақ мейлінше оралымды тіл-стилі ғылыми ортаның да, былайғы оқырманның да назарын аударады.

1967 жылы Ленинград университетінің аясында география ғылыми-зерттеу инсти­туты ашылып, ректор А.Александров­тың шақыруымен Лев Николаевич ғылыми қызметкер болып келеді. Осы орында 1986 жылы еңбек демалысына шыққанға дейін кіші, аға, жетекші ғылыми қызметкер деген сатылардан өткенімен, профессор шеніне іліге алмайды. Оның есесіне Лев Николаевич “Халықтану” деп аталатын арнаулы курс бойынша студенттерге аттай 20 жыл бойы армансыз лекция оқиды. Оның лекциясына бүкіл университет құлақ түріп, тіптен еркін тыңдаушылардың өзі аудиторияны керіп кетеді екен. Ол лекция оқыған 20 жыл  аясында бірнеше толқын студенттердің зердесін қалыптастырып қана қойған жоқ, сонымен бірге өзі де шыңдала жүріп, бүкіл әлем мойындаған орыс этнологиясының іргетасын қалаушылардың маңдай алдында болды. Дәлірек айтсақ, таза гумилевтік этнология мектебін дүниеге келтірді. Яғни, этностың шаруашылық және саяси жүйелерінің арасындағы өзгерістердің өзара байланысына, сол байланыстардың нәтиже­сін­де болатын жаңғыруларға, сондай-ақ этностың кіндік жұр­ты болып табылатын ландшафт эволюциясына табанды түрде ден қояды. Бұл ретте, ол Ұлы Дала көшпелілері шаруашылығының, этно­тарихының және экожүйесінің арасында өзара бітеқайнасқан байланыстың барына алдымен назар аударады. Этнологияға қатысты мәселенің бұлайша қойылуында “тарихи материа­лизмді” тұғыр ет­кен КСРО ғалымдарының тұжырымынан да немесе ауа райы жұм­сақ географиялық ортаға үйренген Еуропа ғалым­дарының тұжы­рымынан да әдіснама­лық (методологиялық) айырмашылық бар еді.

Ақселеу Сейдімбек, "Гумилев"

Бөлісу: