18 Сәуір 2013, 04:51
Президент сондай-ақ облыстық тарихи-өлкетану мұражайын аралады. Ғимараттың алдына ардагерлер, жастар, шығармашылық қызметкерлері, облыстағы ұлттық-мәдени орталықтардың өкілдері жиналды. Нұрсұлтан Әбішұлы өңір тұрғындарына бүкіл еліміздің игілігіне қажырлы еңбектері үшін алғыс білдірді. Бүгіндері Солтүстік Қазақстан облысы ең серпінді дамып келе жатқан өңірлердің бірі деп атап көрсетті Елбасы. Петропавл көркейіп және жақсарып келеді, жаңа үйлер, мектептер мен ауруханалар бой көтеруде. Өңірде жаңа өндірістер ашылуда, аграрлық сектор жетілдірілуде. Облыста Қазақстан астығының төрттен бірі өсіріледі. Осы заманғы жоғары өнімді техникалары мен егіншілік технологиясы бар жергілікті фермерлер өз күштеріне сенеді және болашаққа сеніммен қарайды.
Президенттің өмірдің барлық салаларын дамыту бойынша Солтүстік Қазақстан тұрғындарының еңбегіне берген жоғары бағасы олардың бойында таңдап алған басымдықтардың дұрыстығына сенімдерін арттыра түсті. Мемлекет басшысымен кездесулерде солтүстікқазақстандықгар Қазақстан халқына арналған президент Жолдауының облыста жаңару мен өсу стратегиясы ретінде қабылданғанын және алға қойған міндеттерді орындау мақсатында барлық күш-жігерлерін жұмсайтынын бірауыздан атап көрсетті.
* * *
Өңір басшысы Тайыр Мансұровтың бастамасымен өткізілген "Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауы — Қазақстан гүлдену жолында" облыстың шығармалар конкурсына қырық мың мектеп оқушылары қатысты. Конкурстың жеңімпаздары облыс әкімінен қомақты ақшалай сыйлық, ескерткіш белгілер алды, үздік шығармалар жеке жинақ болып жарық көрді. Ең бастысы шығарма жазған оқушылар Мемлекет басшысы саясатының мән-мағынасын терең сезінді, өзінің зайырлы мемлекеттің азаматы екендігіне мақтаныш сезімі туды, өмірдегі, қоғамдағы өз орнын ой елегінен өткізді. Жетім балаларға арналған мектеп-интернаттың тәрбиеленушісі, сегізінші сынып оқушысы Надежда Наумованың шығармасында мынандай жолдар бар: «Менің Қазақстаным! Бұл сөзді естігенде мен өзімді күшті, батыл сезінемін және туған Отанымның гүлденетініне, оның одан әрі табысты дамитынына сенімдімін. Біздер, оқушылар үшін қазірден бастап өз еліміздің саяси өміріне қатысу өте маңызды. Өйткені біз өз болашағымыздың құрылысшысымыз, кейіннен мемлекетімізге қандай пайда әкелгеніміз, оның өмірін жақсарту үшін не істегеніміз туралы өз балаларымыздың алдында жауап беретін азаматтармыз... Біздің ел орасан зор мақсаттарға қол жеткізу үшін кең көкжиектер ашады, сонымен қатар мектеп оқушыларынан бастап ересектерге дейінгі барлық қазақстандықтарды Президент алға қойған ұлы істерді жүзеге асыруда өзінің орнын білуге және түсінуге міндеттейді».
Бұл — таза көңілден және ыстық жүректен шыққан шынайы сөздер.