Той үстінде атылған оқ жолаушылар ұшағына тиді

18 Сәуір 2013, 04:44

Ішкі рейсті орындаған ливиялық Buraq Airlines әуе компаниясының ұшағы Триполи қаласындағы әуежайға қону кезінде оқ астына алынды. Абырой болғанда ұшақ аман-есен жерге қонды. Әуежайдың өкілі хабарлағандай, ұшаққа әуежайдан алыс емес жерде өткен той барысында атылған дәстүрлі мерекелік оқтардың бірі тиген болуы ықтимал. Бұл туралы Утро.ру мәлімдеп отыр. Барлық жолаушылар дін аман. Керосин құйылған бакқа оқ тимеген. Әуежай әдеттегі тәртіпте қызмет көрсетуде. Аталмыш жағдай бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде. Оның барысында ұшаққа тиген оқтың кездейсоқ болғаны, не болмағаны анықталатын болады. ҚазАқпарат.

Ішкі рейсті орындаған ливиялық Buraq Airlines әуе компаниясының ұшағы Триполи қаласындағы әуежайға қону кезінде оқ астына алынды.

Абырой болғанда ұшақ аман-есен жерге қонды.

Әуежайдың өкілі хабарлағандай, ұшаққа әуежайдан алыс емес жерде өткен той барысында атылған дәстүрлі мерекелік оқтардың бірі тиген болуы ықтимал. Бұл туралы Утро.ру мәлімдеп отыр.

Барлық жолаушылар дін аман. Керосин құйылған бакқа оқ тимеген. Әуежай әдеттегі тәртіпте қызмет көрсетуде. Аталмыш жағдай бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде. Оның барысында ұшаққа тиген оқтың кездейсоқ болғаны, не болмағаны анықталатын болады.

ҚазАқпарат.

Бөлісу: