Жоғары білім: "жиынтығында" және шын мәнінде

18 Сәуір 2013, 04:43

Республика Президенті алға қойған міндеттерді жүзеге асыра отырып облыстағы басқару органдарының қызметкерлері білім жүйесінің деңгейін арттырумен тағанды айналысуда. Үш жыл ішінде бұл саладағы жағдай тұрақтанды, бұл оны қаржыландыруды анағұрлым арттыру нәтижесінде мүмкін болды. Егер 2003 жылы қаржыландыру 5,8 миллиард теңге болса, ол 2005 жылы 1,3 есеге өсіп 10,5 миллиард теңгеге жетті. Өңірдегі білім беру құрылымының басты буыны М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті болып табылады, өзінің 70 жылдық тарихында ол 40 мыңға жуық дипломды мамандарды даярлап шығарды. Бүгіндері СҚМУ – Қазақстандағы ең ірі оқу-білім, ғылыми-зерттеу және мәдени орталықтардың бірі. Ол аттестаттаудан, аккредиттеуден өткен және халықаралық ИСО 9001-2000 стандартының талаптарына сәйкес сапа менеджментінің сертификатталған жүйесіне ие. СҚМУ-дің инфрақұрылымы 10 оқу корпусынан, бес жатақханадан, денсаулық сақтау пунктінен, астрофизикалық орталықтан, бес спорт және тренажерлік залдан, үш акт залынан, агробиологиялық станциядан, сондай-ақ "Мирас" оқу-өндірістік және сауықтыру кешенінен тұрады. Ғылыми кітапхананың кітап қоры мазмұны жөнінде әмбебап және университеттің қызметіне сәйкес білімнің барлық салалары бойынша құжаттардың әртүрлі сақталуының бір миллионға жуық бірлігін, оның ішінде 1000-нан астам электронды жеткізушідегі оқу әдебиеті бірлігін құрайды. Университеттің бір институтында және сегіз факультетінде 12 мыңнан астам студенттер дәріс алуда. СҚМУ-құрамына жоғары оқу орнына дейін, жоғары оқу орны және жоғары оқу орнынан кейін жүйелер кіретін бірыңғай ғылыми-оқу кешені, жалпы білім беретін лицейі, "Дарын" мектеп-пансионаты, оқу-даярлық бөлімі, біліктілікті арттыру институты, магистратура, аспирантура, СНС институты кіреді. Ғылыми кадрлар аспирантураның 12 және магистратураның 18 мамандықтары бойынша даярланады. Жоғары оқу орнында 9 зерттеу және ғылыми-өндіріс-тік зертханалар, медициналық-биологиялық зерттеу және этнографиялық орталықтар, аптасына екі рет облыстық эфирде қазақ және орыс тілдерінде өзінің бағдарламасын көрсететін университеттің "Парасат" студенттік телевизиялық студиясы бар. СҚМУ екі халықаралық консорциумының және жеті халықаралық қауымдастықтың қатысушысы болып табылады. Ресейдің, Қырғызстанның, АҚШ-тың, Германияның, Ұлыбританияның, Австрияның, Финляндияның, Жапонияның, Түркияның және басқа да елдердің университеттерімен шығармашылық қарым-қатынас орнатқан. Университеттің оқу-білім және ғылыми-технологиялык процестері ақпараттық-коммуникациялық технологияның жетістіктеріне иек артады. Мұнда түбегейлі жаңа "Электронды ректорат" білім беру ортасы құрылған, мектеп оқушыларының виртуальды академиясы жұмыс істейді. Осы заманғы әлемдік үрдістерді есепке ала отырып университетте жоғары бағдарламалық өнімдері бар жұмыс істеп тұрған қондырғылармен уйлесімде нақты-виртуальды зертханалық кешендер енгізілуде. Студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін "Шаңырақ", "Парасат", "Пилигрим", "Кривое зеркало" деп аталатын студенттік театрлар, "Шертер" халық аспаптары ансамблі, "Лира" әншілер тобы, қазақ және орыс тілдеріндегі көңілділер мен тапқырлар клубы жұмыс істейді. "Университет" сөзі латын тілінен аударылғанда "жиынтық" деген мағынаны білдіреді. Солтүстік Қазақстан университеті үшін бұл анықтама ерекше мәнге ие: оқытудың осы заманғы әдістерінің жиынтығы, студенттер игеретін, сұранысқа ие пәндер мен мамандықтар білім саласындағы барлық стандарттарды анықтайды. Облыс орталығында Солтүстік Қазақстан заң академиясы, ҚР ІІМ Петропавл жоғары әскери училищесі, сондай-ақ республикамыздағы жетекші жоғары оқу орындарының филиалдары бар.

Республика Президенті алға қойған міндеттерді жүзеге асыра отырып облыстағы басқару органдарының қызметкерлері білім жүйесінің деңгейін арттырумен тағанды айналысуда. Үш жыл ішінде бұл саладағы жағдай тұрақтанды, бұл оны қаржыландыруды анағұрлым арттыру нәтижесінде мүмкін болды. Егер 2003 жылы қаржыландыру 5,8 миллиард теңге болса, ол 2005 жылы 1,3 есеге өсіп 10,5 миллиард теңгеге жетті.

Өңірдегі білім беру құрылымының басты буыны М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті болып табылады, өзінің 70 жылдық тарихында ол 40 мыңға жуық дипломды мамандарды даярлап шығарды. Бүгіндері СҚМУ – Қазақстандағы ең ірі оқу-білім, ғылыми-зерттеу және мәдени орталықтардың бірі. Ол аттестаттаудан, аккредиттеуден өткен және халықаралық ИСО 9001-2000 стандартының талаптарына сәйкес сапа менеджментінің сертификатталған жүйесіне ие.

СҚМУ-дің инфрақұрылымы 10 оқу корпусынан, бес жатақханадан, денсаулық сақтау пунктінен, астрофизикалық орталықтан, бес спорт және тренажерлік залдан, үш акт залынан, агробиологиялық станциядан, сондай-ақ "Мирас" оқу-өндірістік және сауықтыру кешенінен тұрады.

Ғылыми кітапхананың кітап қоры мазмұны жөнінде әмбебап және университеттің қызметіне сәйкес білімнің барлық салалары бойынша құжаттардың әртүрлі сақталуының бір миллионға жуық бірлігін, оның ішінде 1000-нан астам электронды жеткізушідегі оқу әдебиеті бірлігін құрайды.

Университеттің бір институтында және сегіз факультетінде 12 мыңнан астам студенттер дәріс алуда. СҚМУ-құрамына жоғары оқу орнына дейін, жоғары оқу орны және жоғары оқу орнынан кейін жүйелер кіретін бірыңғай ғылыми-оқу кешені, жалпы білім беретін лицейі, "Дарын" мектеп-пансионаты, оқу-даярлық бөлімі, біліктілікті арттыру институты, магистратура, аспирантура, СНС институты кіреді. Ғылыми кадрлар аспирантураның 12 және магистратураның 18 мамандықтары бойынша даярланады.

Жоғары оқу орнында 9 зерттеу және ғылыми-өндіріс-тік зертханалар, медициналық-биологиялық зерттеу және этнографиялық орталықтар, аптасына екі рет облыстық эфирде қазақ және орыс тілдерінде өзінің бағдарламасын көрсететін университеттің "Парасат" студенттік телевизиялық студиясы бар.

СҚМУ екі халықаралық консорциумының және жеті халықаралық қауымдастықтың қатысушысы болып табылады. Ресейдің, Қырғызстанның, АҚШ-тың, Германияның, Ұлыбританияның, Австрияның, Финляндияның, Жапонияның, Түркияның және басқа да елдердің университеттерімен шығармашылық қарым-қатынас орнатқан.

Университеттің оқу-білім және ғылыми-технологиялык процестері ақпараттық-коммуникациялық технологияның жетістіктеріне иек артады. Мұнда түбегейлі жаңа "Электронды ректорат" білім беру ортасы құрылған, мектеп оқушыларының виртуальды академиясы жұмыс істейді. Осы заманғы әлемдік үрдістерді есепке ала отырып университетте жоғары бағдарламалық өнімдері бар жұмыс істеп тұрған қондырғылармен уйлесімде нақты-виртуальды зертханалық кешендер енгізілуде.

Студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін "Шаңырақ", "Парасат", "Пилигрим", "Кривое зеркало" деп аталатын студенттік театрлар, "Шертер" халық аспаптары ансамблі, "Лира" әншілер тобы, қазақ және орыс тілдеріндегі көңілділер мен тапқырлар клубы жұмыс істейді.

"Университет" сөзі латын тілінен аударылғанда "жиынтық" деген мағынаны білдіреді. Солтүстік Қазақстан университеті үшін бұл анықтама ерекше мәнге ие: оқытудың осы заманғы әдістерінің жиынтығы, студенттер игеретін, сұранысқа ие пәндер мен мамандықтар білім саласындағы барлық стандарттарды анықтайды.

Облыс орталығында Солтүстік Қазақстан заң академиясы, ҚР ІІМ Петропавл жоғары әскери училищесі, сондай-ақ республикамыздағы жетекші жоғары оқу орындарының филиалдары бар.

Бөлісу: