18 Сәуір 2013, 04:37
Республика Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған талаптарға сәйкес Солтүстік Қазақстан облысында мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру жөніндегі жүйелі шаралар мақсатты жүргізілуде. Бұл мемлекеттік тілді де, облыс аумағында тұрып жатқан халықтардың тілдерін де дамыту үшін жағдай жасайды және өз кезегінде ұлтаралық татулық пен рухани келісімді қамтамасыз етеді. Ай сайын қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің 750 үздік мұғаліміне облыс әкімінің гранты табыс етіледі, бұл оқытудың сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Барлық 82 мектеп жасына дейінгі мекемелерде оқу және тәрбие жұмыстары қазақ және орыс тілдерінде жаңа әдістеме бойынша жүргізіледі.
Солтүстік Қазақстанда отансүйгіштік рухты тәрбиелеуге ықпал ететін нақты әдістердің бірі облыс тұрғындарын туған елдің көрікті жерлерімен таныстыру болып табылады. 2004 жылдан бастап Петропавл мен Астананы тұрақты әуе қатынасы байланыстырады, оқушылар мен зейнеткерлер үшін Астана қаласына жайлы "Фоккер-50" ұшағымен үш күндік саяхат турлары ұйымдастырылуда. 2004 жылдан бері Елордаға 7 мыңнан астам мектеп, колледж оқушылары мен жоғары оқу орындарының студенттері, 1,5 мыңға жуық соғыс және еңбек ардагерлері сапар шекті. Әрине, олардың барлығы құрылысы жүріп жатқан, алайда әсемдігі әсте кем емес нысандармен қатар тұрған жаңа тамаша ғимараттары бар, күн санап көркейіп келе жатқан қаладан мәңгі есте қаларлықтай әсермен оралуда. Ардагерлер өздерінің көп жылдар бойғы еселі еңбектерінің зая кетпегенін көзбен көрсе, ал жастар еліміздің жетістіктері мен болашағына өздерінің де қолтаңбасы қалатынын жүрегімен сезіп оралады. Мұндай турлардың әсері жан-жақты. Дәрігерлер Астанада болған қарттардың көңіл-күйлері жақсарғанын, ал педагогтар шәкірттерінің сабаққа деген ынталарының күрт өскенін алға тартады. Оқушылардың өздерінің мойындауларынша, сабақ оқу қызықты бола түскен, өйткені сабақтарда алған білімдерін өздерінің қарқынды дамып келе жатқан мемлекетінің игілігіне жұмсауға кең мүмкіндік туады. Бұл саяхаттық сапарлар алдағы уақытта да отансүйгіштік тәрбиенің маңызды түрі ретінде тұрақты негізде ұйымдастырылатын болады.
Солтүстік Қазақстан жерінде әртүрлі ұлттар мен діни сенімдегі адамдар өмір сүреді, олардың достық дәстүрлерін, өзара сыйластығы мен келісімі басты байлық, өңірдің екпінді дамуының негізгі шарты болып табылады.
Облыс басшылығы біздің елімізде қалыптасқан қолайлы мүмкіндіктерді тиімді пайдалана білуде. Өңірде мақсатты мемлекеттік бағдарламалар тиімді жүзеге асырылуда, экономика тұрақты қарқынмен дамып келеді. Мұның бәрі көптеген әлеуметтік мәселелерді шешуге мүмкіндік туғызуда және облыс тұрғындары оны өздерінің күнделікті өмірлерінде айқын сезінуде. Нақ сондықтан солтүстікқазақстандықтар Мемлекет басшысының саяси бағытын барынша қолдауда және жоғары азаматтық белсенділік танытуда. 2005 жылғы желтоқсанда өткен Президент сайлауында облыс сайлаушыларының 95 пайызы өз дауыстарын Нұрсүлтан Назарбаевқа берді. Сөйтіп олар ұлтаралық тұрақтылықты сақтауға және нығайтуға бағытталған саясатты жалғастыруға өз дауыстарын берді.