Өнеркәсіп өндірісі тұрақты қарқынмен дамуда

18 Сәуір 2013, 04:31

Өнеркәсіп өндірісі тұрақты қарқынмен дамуда. Индустриалдық-инновациялық даму стратегиясының көмегімен көпшілігі бұрынғы одақтың қорғаныс кешеніне қызмет еткен облыс кәсіпорындары жаңғырту кезеңнен өтті, енді олар бәсекеге қабілетті өнімдер шығаруды қамтамасыз ете отырып осы заманғы нарықтық жағдайда жұмыс істеуде. Мәселен, Петропавл ауыр машина жасау зауыты Германиянын "Веntес" фирмасымен бірлесіп тереңдігі үш мың метрге дейін жететін мұнай және газ құбырларын бұрғылау үшін "МБУ-125" мобильдік бұрғылау кешенін көптеп шығаруды игерді, олар "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының кәсіпорындарында сұранысқа ие болуда. "ПЗТМ" АҚ сондай-ақ Қазақстан-Ресей "Бәйтерек" зымырандық-ғарыштық бағдарламасын жүзеге асыруға қатысуда. "ЗИКСТО" АҚ бүгіндері жылжымалы құрамды күрделі жөндеу жөніндегі жұмыстар өндірісіне маманданып, 2004 жылдан қызмет мерзімін ұзартумен жартылай вагондарды, ыстық оқатыштарды тасымалдауға арналған вагон-хопперлерді, әртүрлі платформаларды, мөлдір мұнай өнімдерін тасымалдау үшін цистерналарды күрделі қалпына келтіру жөндеу жұмыстарын жүргізуде. 2006 жылдың желтоқсанында жаңа цех іске қосылған соң, жүк вагондарының доңғалақтар жұбының өндірісі игерілді, вагон-цистерналардың, жабық вагондардың, тасымалдайтын платформалардың қызмет мерзімін ұзартумен күрделі жөндеудің жаңа түрлері жүргізілуде. Бұл екі кәсіпорын соңғы жылдары өндіріс көлемін 1,5-2 есе ұлғайтты. Айлық еңбекақы екі есеге жуық өсіп, қазір орташа есеппен 30 мың теңге болды. "ПЗТМ" және "ЗИКСТО" акционерлік қоғамдарының көптеген қызметкерлері мемлекеттік тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламасына сәйкес салынған ипотекалық пәтерлерді сатып алды. Солтүстік Қазақстан облысы басшылығы қабылдаған ұйымдастырушылық және қаржылық шаралардың және директорлық корпустың кәсіптік шеберліктерінің нәтижесінде облыстың кәсіпорындары дағдарыс кезеңінен ойдағыдай өтті, енді толық күшінде жұмыс істеуде және аймақтан тысқары жерлерде сұранысқа ие өнімдердің түр-түрлерін шығаруда. Сонымен бірге өндірістік қызметте шағын және орта бизнес өкілдері белсенділік таныта бастады. Солтүстік Қазақстан облысын еліміздің айтарлықтай экономикалық әлеуетін шоғырландыратын өңірлер қатарына толығымен жатқызуға болады. Мұнда экономиканы жаңғырту, шаруашылық кешендерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, өнім өндіріп тұрған өндірістерді кеңейту және жаңаларын ашу бағытындағы жұмыстар сенімді серпінге ие болып отыр. Бұл істе инновациялық технологияны енгізу шешуші рөл атқаруы тиіс. Сонымен қатар облыс басшылығы тұрғындардың табыстарының ұлғаюына, қызметтердің сапасын арттыруға және қолжетімдігіне, адамдардың өмір сүру деңгейінің нақты өсіміне, облыстың әр азаматының өз таланттары мен қабілеттерін жүзеге асыру үшін қажет жағдайлар жасауға ықпал етуде.

Өнеркәсіп өндірісі тұрақты қарқынмен дамуда. Индустриалдық-инновациялық даму стратегиясының көмегімен көпшілігі бұрынғы одақтың қорғаныс кешеніне қызмет еткен облыс кәсіпорындары жаңғырту кезеңнен өтті, енді олар бәсекеге қабілетті өнімдер шығаруды қамтамасыз ете отырып осы заманғы нарықтық жағдайда жұмыс істеуде. Мәселен, Петропавл ауыр машина жасау зауыты Германиянын "Веntес" фирмасымен бірлесіп тереңдігі үш мың метрге дейін жететін мұнай және газ құбырларын бұрғылау үшін "МБУ-125" мобильдік бұрғылау кешенін көптеп шығаруды игерді, олар "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының кәсіпорындарында сұранысқа ие болуда. "ПЗТМ" АҚ сондай-ақ Қазақстан-Ресей "Бәйтерек" зымырандық-ғарыштық бағдарламасын жүзеге асыруға қатысуда.

"ЗИКСТО" АҚ бүгіндері жылжымалы құрамды күрделі жөндеу жөніндегі жұмыстар өндірісіне маманданып, 2004 жылдан қызмет мерзімін ұзартумен жартылай вагондарды, ыстық оқатыштарды тасымалдауға арналған вагон-хопперлерді, әртүрлі платформаларды, мөлдір мұнай өнімдерін тасымалдау үшін цистерналарды күрделі қалпына келтіру жөндеу жұмыстарын жүргізуде. 2006 жылдың желтоқсанында жаңа цех іске қосылған соң, жүк вагондарының доңғалақтар жұбының өндірісі игерілді, вагон-цистерналардың, жабық вагондардың, тасымалдайтын платформалардың қызмет мерзімін ұзартумен күрделі жөндеудің жаңа түрлері жүргізілуде.

Бұл екі кәсіпорын соңғы жылдары өндіріс көлемін 1,5-2 есе ұлғайтты. Айлық еңбекақы екі есеге жуық өсіп, қазір орташа есеппен 30 мың теңге болды. "ПЗТМ" және "ЗИКСТО" акционерлік қоғамдарының көптеген қызметкерлері мемлекеттік тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламасына сәйкес салынған ипотекалық пәтерлерді сатып алды.

Солтүстік Қазақстан облысы басшылығы қабылдаған ұйымдастырушылық және қаржылық шаралардың және директорлық корпустың кәсіптік шеберліктерінің нәтижесінде облыстың кәсіпорындары дағдарыс кезеңінен ойдағыдай өтті, енді толық күшінде жұмыс істеуде және аймақтан тысқары жерлерде сұранысқа ие өнімдердің түр-түрлерін шығаруда. Сонымен бірге өндірістік қызметте шағын және орта бизнес өкілдері белсенділік таныта бастады.

Солтүстік Қазақстан облысын еліміздің айтарлықтай экономикалық әлеуетін шоғырландыратын өңірлер қатарына толығымен жатқызуға болады. Мұнда экономиканы жаңғырту, шаруашылық кешендерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, өнім өндіріп тұрған өндірістерді кеңейту және жаңаларын ашу бағытындағы жұмыстар сенімді серпінге ие болып отыр. Бұл істе инновациялық технологияны енгізу шешуші рөл атқаруы тиіс. Сонымен қатар облыс басшылығы тұрғындардың табыстарының ұлғаюына, қызметтердің сапасын арттыруға және қолжетімдігіне, адамдардың өмір сүру деңгейінің нақты өсіміне, облыстың әр азаматының өз таланттары мен қабілеттерін жүзеге асыру үшін қажет жағдайлар жасауға ықпал етуде.

Бөлісу: