1991-2006 ж.ж.

18 Сәуір 2013, 04:23

1991 жылы чемпионаттың қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан баскетболының тәрбиеленушілері Е.Гаврилов, С.Шумахер, В.Гавриленко, М.Дедов пен К.Марков Қазақстандағы 15 таңдаулы ойыншының қатарына кірді. 1993 жылы аймақтық жарыстың елегінен ойдағыдай өткен Петропавл командасы қазақстандық жоғары оқу орындары спартакиадасында екінші орынды еншіледі. 1999 жылы Қазақстан чемпионатына оралған команданың өмірінде жаңа кезең басталды. Университеттің студенттері мен оқытушыларынан құралған клуб үшінші орынды жеңіп алды. Оның капитаны және жетекшісі халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Михаил Дедов болды. 2000 жыл командаға екінші орынды, ал 2001 жыл үшінші орынды әкелді. "Университет" ойыншыларынан іріктелген Солтүстік Қазақстан облысының қүрамасы республикалық спартакиадада күміс медаль алды, ал Қазақстан Республикасы Универсиадасында студенттік клуб алтын наградаға лайық болды. 2002 жылы жоғары оқу орнынан қатысқан жалғыз қазақстандық клуб Қазақстан чемпионатының суперлигасында ел құрамасының базалық командасы — алматылық "Отырарды" ғана алға түсіріп, екінші орынды жеңіп алды. 2003 жылы "Университет" үшінші орынды, ал бір жылдан кейін төртінші орынды еншіледі. 2004 жылы команда "Барыс" болып атын өзгертті. Қазақстан Республикасының кубогы жолында табысты өнер көрсетіп, өз тарихында бірінші рет екінші орынды жеңіп алды. 2006 жылғы жетістігі біршама олқылау — бесінші орынды көрсетті. Бірақ "барыстықтар" өздерінің жоғары сыныпта екендіктерін сенімді дәлелдеп, ел кубогының ойынында үшінші орынды еншіледі. Команданың бүгінгі құрамында — жаттықтырушы, спорт шебері В.Гавриленко, ойнаушы жаттықтырушы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері М.Дедов, ойыншылар В.Казачок, П.Антоненко, Д.Загаевский, В.Пашкевич, А.Сергиенко өнер көрсетуде. Өңірдің волейбол жылнамасында жазылған жарқын беттер аз емес. Өткен ғасырдың соңғы онжылдығында спорттың бұл түрі белсенді дами бастады. Тап сол кезде "Дорожник" командасы құрылды, "ДСТ-6" акционерлік қоғамы деме болды. Әр жылдары Петропавл клубы    өндіріс ұжымдардың арасын: КСРО чемпионаттары күміс жүлдегері атанды. Біздің еліміз чемпионаттарының күміс және қола жүлдегері, Қазақстан республикасы Президент жүлдесі үшін өткен І-ші халықтық спорт ойындарының чемпионы, Қазақстан Кубогының иегері. Осы онжылдықтың ішінде команда құрамы өзгерген жоқ, оның негізін спорт шеберлері К.Кулагин, Д.Мельман,  М.Кляйн,  Г.Беляев, А.Иванов,  О.Кузьмичев, Б.Косоговтар құрады.  Волейболшыларға бас жаттықтырушы А.М. Кувшинов жетекшілік жасады. Облыста волейболдың даңқты дәстүрі одан әрі жалғастырылуда. Бұған балалардың жетекші жаттықтырушысы М.Т. Шақшақбаев даярлаған талантты ойыншылардың жас саңлактары куә. 2006 жылы сәуірде Петропавлда волейболдан жоғары лигадағы ерлер командалары арасында XIV Қазақстан чемпионатының бесінші қорытынды туры өтті. Республика облытарынан және Алматы қаласынан жеті команда жүлде үшін күш сынасты. Чемпион атағына үміткерлердің бірі – алаң иелері петропавлдық спортшылар болды. Финалдық ойындарда  "Есіл-ПЗТМ"  клубы жеңіс үшін бар күш-жігерлерін аямай жұмсады және тартысты сайыста көп жылдан бері қолы жетпей жүрген алтын медальді бірінші рет жеңіп алды. * * * Сонымен қатар облыста спорттың басқа да түрлері дамуда. Мысалы, кикбоксерлердің жетістіктері жанкүйерлерге жақсы мәлім. 2000 жылдың мамыр айында өткен Афинадағы (Греция) кикбоксингтен әлем чемпионатында жаттықтырушы Руслан Есеналиннің тәрбиеленушісі — Қазақстан Республикасының спорт шебері Әмір Тінәлин 53,5 килограмдық салмақ дәрежесінде чемпион атанса, спорт шебері Григорий Емельянов 82 килограмға дейінгі дәрежеде қола жүлдені жеңіп алды. Өңірдегі спорт қозғалысына спорт федерациялары кеңесін басқаратын облыс әкімі Тайыр Мансұров елеулі қолдау жасауда. Облыстың, Петропавл қаласының, ірі кәсіпорындардың және коммерциялық құрылымдардың басшылары спорттың әр түрі бойынша 30 федерацияға жетекшілік жасауда. Дене тәрбиесі мен спорттың жағдайы кез келген өндірістік емес басқа салалар сияқты экономиканың даму деңгейіне байланысты. Солтүстік Қазақстан облысында жүргізілген ауқымды экономикалық, саясаттың арқасында облыстық бюджеттің толықтырылуы жылдан-жылға артып келеді. Мұның өзі спорттың дамуына келешекте де зор мүмкіндік туғызады.

1991 жылы чемпионаттың қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан баскетболының тәрбиеленушілері Е.Гаврилов, С.Шумахер, В.Гавриленко, М.Дедов пен К.Марков Қазақстандағы 15 таңдаулы ойыншының қатарына кірді. 1993 жылы аймақтық жарыстың елегінен ойдағыдай өткен Петропавл командасы қазақстандық жоғары оқу орындары спартакиадасында екінші орынды еншіледі.

1999 жылы Қазақстан чемпионатына оралған команданың өмірінде жаңа кезең басталды. Университеттің студенттері мен оқытушыларынан құралған клуб үшінші орынды жеңіп алды. Оның капитаны және жетекшісі халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Михаил Дедов болды. 2000 жыл командаға екінші орынды, ал 2001 жыл үшінші орынды әкелді. "Университет" ойыншыларынан іріктелген Солтүстік Қазақстан облысының қүрамасы республикалық спартакиадада күміс медаль алды, ал Қазақстан Республикасы Универсиадасында студенттік клуб алтын наградаға лайық болды.

2002 жылы жоғары оқу орнынан қатысқан жалғыз қазақстандық клуб Қазақстан чемпионатының суперлигасында ел құрамасының базалық командасы — алматылық "Отырарды" ғана алға түсіріп, екінші орынды жеңіп алды. 2003 жылы "Университет" үшінші орынды, ал бір жылдан кейін төртінші орынды еншіледі. 2004 жылы команда "Барыс" болып атын өзгертті. Қазақстан Республикасының кубогы жолында табысты өнер көрсетіп, өз тарихында бірінші рет екінші орынды жеңіп алды.

2006 жылғы жетістігі біршама олқылау — бесінші орынды көрсетті. Бірақ "барыстықтар" өздерінің жоғары сыныпта екендіктерін сенімді дәлелдеп, ел кубогының ойынында үшінші орынды еншіледі.

Команданың бүгінгі құрамында — жаттықтырушы, спорт шебері В.Гавриленко, ойнаушы жаттықтырушы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері М.Дедов, ойыншылар В.Казачок, П.Антоненко, Д.Загаевский, В.Пашкевич, А.Сергиенко өнер көрсетуде.

Өңірдің волейбол жылнамасында жазылған жарқын беттер аз емес. Өткен ғасырдың соңғы онжылдығында спорттың бұл түрі белсенді дами бастады. Тап сол кезде "Дорожник" командасы құрылды, "ДСТ-6" акционерлік қоғамы деме болды. Әр жылдары Петропавл клубы    өндіріс ұжымдардың арасын: КСРО чемпионаттары күміс жүлдегері атанды.

Біздің еліміз чемпионаттарының күміс және қола жүлдегері, Қазақстан республикасы Президент жүлдесі үшін өткен І-ші халықтық спорт ойындарының чемпионы, Қазақстан Кубогының иегері. Осы онжылдықтың ішінде команда құрамы өзгерген жоқ, оның негізін спорт шеберлері К.Кулагин, Д.Мельман,  М.Кляйн,  Г.Беляев, А.Иванов,  О.Кузьмичев, Б.Косоговтар құрады.  Волейболшыларға бас жаттықтырушы А.М. Кувшинов жетекшілік жасады.

Облыста волейболдың даңқты дәстүрі одан әрі жалғастырылуда. Бұған балалардың жетекші жаттықтырушысы М.Т. Шақшақбаев даярлаған талантты ойыншылардың жас саңлактары куә.

2006 жылы сәуірде Петропавлда волейболдан жоғары лигадағы ерлер командалары арасында XIV Қазақстан чемпионатының бесінші қорытынды туры өтті. Республика облытарынан және Алматы қаласынан жеті команда жүлде үшін күш сынасты. Чемпион атағына үміткерлердің бірі – алаң иелері петропавлдық спортшылар болды. Финалдық ойындарда  "Есіл-ПЗТМ"  клубы жеңіс үшін бар күш-жігерлерін аямай жұмсады және тартысты сайыста көп жылдан бері қолы жетпей жүрген алтын медальді бірінші рет жеңіп алды.

* * *

Сонымен қатар облыста спорттың басқа да түрлері дамуда. Мысалы, кикбоксерлердің жетістіктері жанкүйерлерге жақсы мәлім. 2000 жылдың мамыр айында өткен Афинадағы (Греция) кикбоксингтен әлем чемпионатында жаттықтырушы Руслан Есеналиннің тәрбиеленушісі — Қазақстан Республикасының спорт шебері Әмір Тінәлин 53,5 килограмдық салмақ дәрежесінде чемпион атанса, спорт шебері Григорий Емельянов 82 килограмға дейінгі дәрежеде қола жүлдені жеңіп алды.

Өңірдегі спорт қозғалысына спорт федерациялары кеңесін басқаратын облыс әкімі Тайыр Мансұров елеулі қолдау жасауда. Облыстың, Петропавл қаласының, ірі кәсіпорындардың және коммерциялық құрылымдардың басшылары спорттың әр түрі бойынша 30 федерацияға жетекшілік жасауда.

Дене тәрбиесі мен спорттың жағдайы кез келген өндірістік емес басқа салалар сияқты экономиканың даму деңгейіне байланысты. Солтүстік Қазақстан облысында жүргізілген ауқымды экономикалық, саясаттың арқасында облыстық бюджеттің толықтырылуы жылдан-жылға артып келеді. Мұның өзі спорттың дамуына келешекте де зор мүмкіндік туғызады.

Бөлісу: