18 Сәуір 2013, 03:50
Бүгінде дене тәрбиесі Солтүстік Қазақстанда өзінің үйлесімді жүйесін көрсетіп, барлық жастағы және кәсіпкер санаттағы топтардың өкілдерін қамтыған. Спорттық-сауықтыру жаттығуларымен айналысу адамдарға жақсы көңіл-күйде болуға, жоғары ішкі сезімде ұстануға көмектеседі.
Өңірде дене тәрбиесінің сабақтастық бағдарламасы ойдағыдай жүзеге асырылуда. Облыстағы 50 бала бақшада және 32 шағын орталықта осы пән бойынша бағдарлама жолға қойылған, балалардың жеке гигиена дағдылары жетілдіріліп, шынықтыру процедуралары жүргізілуде. Сондай-ақ сауықтырудың дене тәрбиесі үзілісі, офтальмо және сколиотренинг, биологиялық белсенді нүктелерге өздігінен сылап-сипау, тыныс алу гимнастикалары сияқты қосымша шаралары кеңінен қолданылады. Мысалы, "Искорка" мектепке дейінгі гимназияның тәрбиеленушілері Порфирий Ивановтың ұсынысын дұрыс жалғастыруда және ата-аналардың қолдауымен жыл бойы суық сумен шомылуда. "Аленушка" бала бақшасында мектепке дейінгілер шығыс сауықтыру гимнастикасының, йог қозғалыстарының бастапкы әдістерін ұғынуда. Ал "Василек" мектеп жасына дейінгі мекемеде сауықтыру-жүгіру сабағы ұйымдастырылған. Жыл сайын 1 маусымда Халықаралық балаларды қорғау күні барлык мектеп жасына дейінгі мекемелердің тәрбиеленушілері "Есіл" облыстық спартакиадасына қатысады.
Оқушы және студент жастар дене тәрбиесіне көп көңіл бөлуде. Бүгінгі күні білім беру ұйымдарында 650-ден астам дене тәрбиесі ұжымы құрылып, 35 мыңнан астам оқушылар мен студенттер спортпен жүйелі айналысады. Мәселен, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде "Жігер" спорт клубы белсенді жұмыс жүргізілуде. 12 спорт секциясына 220 адам қатысады. Тағы 215 студент дене тәрбиесі — сауықтыру бағытындағы сегіз топта өздерінің спорттық шеберліктерін жақсартуда. Бұдан басқа СҚМУ-де профессор-оқушылар құрамдарының және студент жастардың арасында спартакиада өткізу дәстүрге айналған.
Облыста жыл сайын жасөспірімдер мен қыздар үшін қысқы және жазғы спорт түрлері бойынша "Ақшақар" және "Жастар", жаңа үлгідегі мектептер арасында "Барыс", кәсіптік білім мектептері оқушылары арасында "Жарысқа бәрің шық", әскерге дейінгі жастар арасында "Батыр" спорттық-бұқаралық шаралары жүйелі өткізіледі. "Былғары доп", "Жұлдызша", "Дружные ребята", "Белая ладья", "Таңғажайып дойбы" жарыстары шын мәнінде кең өріс алып, олардың аясында өңірдің барлық оқушылары сайысқа түседі.