Әйелдердің зейнет жасы біріздендірілмесе, бюджет тапшылығы 2023 жылы 19 млрд доллардан асады - Марче

17 Сәуір 2013, 06:24

Әйелдердің зейнет жасы біріздендірілмейтін болса, бюджет тапшылығы 2023 жылы 19 млрд доллардан асатын болады. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы барысында «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасының бірінші оқылымы барысында ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Григорий Марченко мәлімдеді.  «2023 жылы бюджет тапшылығы 19,6 млрд АҚШ долларын құрайтын болды, әйелдердің зейнет жасы біріздендірілмейтін болса, төленуі тиіс болады», -деді Г.Марченко. Оның айтуынша, бұл санатқа зейнеткерлердің 26%-ы жатады. Сонымен қатар, аталған сомаға 9% деңгейіндегі жыл сайынғы индексация да еніп отырғандығын Ұлттық банк төрағасы тілге тиек етті.   Bnews.kz

Әйелдердің зейнет жасы біріздендірілмейтін болса, бюджет тапшылығы 2023 жылы 19 млрд доллардан асатын болады. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы барысында «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасының бірінші оқылымы барысында ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Григорий Марченко мәлімдеді. 

«2023 жылы бюджет тапшылығы 19,6 млрд АҚШ долларын құрайтын болды, әйелдердің зейнет жасы біріздендірілмейтін болса, төленуі тиіс болады», -деді Г.Марченко.

Оның айтуынша, бұл санатқа зейнеткерлердің 26%-ы жатады. Сонымен қатар, аталған сомаға 9% деңгейіндегі жыл сайынғы индексация да еніп отырғандығын Ұлттық банк төрағасы тілге тиек етті.


 

Bnews.kz

Бөлісу: